Сәрсенбі, 24 Ақпан 2021 15:06

Облыста вакцинациялаудың 2-кезеңі басталды

Алматы облысына Елордадан коронавирустық инфекцияға қарсы "Спутник V" 2-компонентінің 1 450 дозасы жеткізілді және бүгінгі күні вакцинациялау басталды. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында хабарлады.

Жетісу өңірінде 22 ақпаннан бастап екпе егудің екінші кезеңі басталды. Бүгінгі күнге дейін "Спутник V" вакцинасы 2 күн ішінде 124 адамға салынды.

Еске сала кетсек, ақпан айының басында"Медсервис Плюс "КФК" ЖШС Облыстық қан орталығының сақтау қоймасына Нұр-сұлтан қаласынан коронавирустық инфекцияға қарсы "Спутник V" 1-компонентінің 1 450 дозасы жеткізілген.

«Шалғай елді мекендерде вакцинация жүргізу қажет болған жағдайда 12 жылжымалы бригаданы іске қосу жоспарлануда. Жалпы сыйымдылығы 253 литр болатын 11 термоконтейнер дайындалды. 29 егу пунктінде екпе салдырған адамдарды бақылау үшін жеке ғимарат қарастырылған. Вакцинациялауға жататын медицина қызметкерлерінің саны – 11 192», – деді облыстың бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков.

24 ақпандағы мәліметке сәйкес, облыста КВИ зертханалық расталған 10 550 жағдай тіркелген, оның ішінде 4 342-інің симптомдары бар. Өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Алматы облысы «жасыл» аймақта орналасқан.

«Елімізде вакцинация жоспарланған кесте бойынша жүргізілуде, бүгінгі күні барлық өңірлерде "Спутник V" вакцинасының екінші дозасы қолжетімді, оны өндіру Қарағанды фармацевтикалық зауытының базасында жолға қойылған», – деп атап өтті Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев.

Меруерт АҚБАРОВА

Оқылды 1202 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет