Бейсенбі, 13 Тамыз 2015 10:37

Дәркембай – дархан көңіл дара тұлғам...

Мен нағыз өнерге адам атаулының неге тәнті  болатынын жаңа түсіндім.

Сол үшін де, Дәркембай  бауырым,сенің алтын саусағың мен қанатты  қиялыңа мың алғыс!

Тілеулесің – Ақселеу Сейдімбеков.

22.01.1982 жыл.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және КСРО суретшілері мен дизайнерлер Одағының мүшесі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері, Еуропадағы Қыпшақтар қауымдастығының басқарма мүшесі, Қырғыз Республикасы «Дизаин академиясының» толық мүшесі, бірнеше дүркін өткізілген дүние жүзі халықаралық қолөнершілер көрмесінің дипломанты, өмірінің соңғы күндеріне дейін Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы «Сәндік өнер» кафедрасының профессоры әрі меңгерушісі болып қызмет еткен, белгілі қолөнер шебері, жерлесіміз ұста Дәркембай Шоқпарұлының алдымызда туғанына 70 жылдық мерейтойы да жақындап келе жатыр.      

 

Дәркембай – дархан көңіл дара тұлғам,

Қырансың өнер тамған қанатыңнан.                                                    

Сегіз қыр, сексен  сырлы саңлағымсың, 

Қасиетті қолөнерге ара тұрған, – деп, осыдан жиырма жыл бұрын яғни,  Дәкеңнің көзі тірі кезінде-ақ ағымнан жарыла жолдаған осы бір өлең жолдарым ағаға деген ақжарма адал тілегім мен өнеріне деген тәнтіліктен туған сүйіспеншіліктің белгісіндей көрінеді маған. «Өлең деген тумайды жайшылықта» – деп, жыр майталманы Мұқағали айтпақшы бұл өлеңнің тууының өзіндік себебі де бар.

Ол Дәркембай Шоқпарұлының бұл күнде халық аузында қанатты сөзге айналып кеткен «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер де артық емес» деген қағидасының сырына, қасындағы іні жолдасы әрі шәкірті бола жүріп, көп нәрсесіне көз жеткізгендіктен де жүректен шыққан жыр жолдары болатын. Дәкеңнің өзім жіктеп, жіліктеп санағанымда меңгерген кәсібі мен игерген өнерінің ұзын саны жетпістен асып, тура жетпіс жетіге жеткені бар. Ең бірінші Дәркембай – ұста, зергер, аспаптанушы (оргенолог), шебер. Осы шебер деген бір ғана атау сөздің өзін бірнеше бұтаққа бөліп қарауға болады. Ол ағаш өңдеу шебері, алтын, күміс, жез, темір, мыс, мелхиор секілді түрлі-түсті металл өңдеудің де шебері, бәдізші (тас қашаушы), өрімші (өрім  өруші), тері өңдеуші, мұражай құрушы, мәдениеттанушы, мүсінші, суретші, өлкетанушы, мұрағат танушы, сөзтанушы, этнограф, этнолингивист, сыншы, журналист, публицист (көсемсөзші, көсемсөз маманы), ақын, айтқыш, шешен, әртіс (актер), ғалым, ұстаз, фольклоршы, тарихшы, шежіреші, үйші, ерші, сыншы (сыншы болғанда да өлеңнің, сөздің, өнердің, аттың, заттың, әртүрлі өнер туындылары мен аспаптың да, адамның да сыншысы), бағбан, бапкер – міне, осындай бесаспап болған адам. Осының бәрін мен шіленгір шебер-ұста Дәркембай Шоқпарұлының шығармашылығы мен ұсталық әрі  ұстаздық қырларына қатысты оқырмандарыма ой сала кетейін деген ниетпен  игерген мамандығы мен өнерінің ғасырлар бойы халқымен бірге жасап, кейінгі жылдары ұмыт бола бастаған ата кәсібіміздің атауларын ғана атүсті атап отырмын. Болмаса қасиетті қолөнерімізге ара тұрған Дәркембай ұстаның жетпіс жетіге жеткен бұл шеберлігін жіліктеп, жіктеп шаққанда берісі жеті жүз жетпіс жеті мақала мен ғылыми монаграфия, әрісі жетпіс жеті томға жүк болатындай жұмыс бұл.

Оның бәрін өмір барда өнер бар, өнерлі жанның өрісі мен өресін зерттеп өз ұрпағына үлгі-өнеге етемін деген өрелі жастардың үлесіне қалдыра тұрайық.   

Дәркембай болыс болмаса да ұсталар әулетінің отбасында дүниеге келіп, көзін ашқалы көрік басып, балға мен төстің дыбысына құлағын төсеп өскен өнерпаз болды. Атадан да әрі батадан берілген бар байлықты мінсіз меңгерген майталман шебер ұста, мүсінші һәм суретші. Өнер жолын арнайы мамандық ретінде оқыған да зердесіне тоқыған зерделі зерттеу ісімен түбегейлі айналысқан әрі ғалым-этнограф, әрі зердемен өлең зерлеген, темірсозып терлеген, сан жарыста топ жарып, жүлдені қолдан бермеген ақын. Сөйлеп кетсе шешендердей ағылған,  өнер үшін шамшырақ боп жағылған, талантына тәнті жасап біздерді, бірер апта көрмей қалсақ сағынған сарабдал суреткер, ұлағатты ұстазымыз еді. Тері илеп, темір созып, ер шауып, сурет салып, мүсін жасап, тас қашап, сүйек жонып ата-кәсібіміздің ауыр жүгін арқалап «Темірден арқан ескен алдиярым, ағаштан кесте тіккен хас шеберім» – деп,Тұманбайдай тұлғалы ақынымызға жыр толғантқан сан қырлы өнер иесі Дәркембай ұстаның құдіретті сөз өнерінің де шебері екендігі  мойындаған шындық.

«Атакәсіп» деп аталатын этнографиялық толғауында: «Қолында етікшінің бізі болар, Бізі арқылы ол жемісін үзіп алар» деп өзі жырлаған өнерпаздың бәрімізге белгілі қатардағы етікшінің ең қарапайым құралы біздің де, біз біле бермейтін шегебіз, таспабіз, ілмекбіз, икембіз, үскібіз, кестебіз, тоқубіз секілді толып жатқан түрлерін әр қайсының атқаратын қызметі мен неден қалай жасалатындығы туралы жіктеп, ажыратып айтып берген сәтінде таңқалмасқа шараң болмайтын. Ақсақ темір – асыл болаттан ұшы үшкір әрі төрт қырлай соғылған қос сирағы бар құрал. Бір сирағы екіншісінен қысқарақ болғандықтан да халық шеберлері  «ақсақ темір» деп айдар тағып, ағаш, түсті металдарға, мүйіз, сүйектен жасалған бұйымдардың бетіне өрнек салуға қолданылатын аспап құрал екендігін халық ұсталарынан көріп, жазып алып Дәркембай жұртқа таныстырмаса қазіргі буын өкілдері қайдан білсін?  Қысқасы бүгінгі күндері: «Мен қазақтың тілін бір кісідей-ақ білемін» деп өзіне-өзі сенімді түрде айта алатын кез-келгеніміздің алдынан сөздік кітаптарымыздан әлі де болса өзінің орынын алып, қолданысымызға кірігіп, қызметіне араласа қоймаған Дәркембай еңбектеріндегі жиі кездесетін жоғарыдағы атау сөздер  шыға келетін болса қай-қайсымыздың да абдырап қаларымыз ақиқат. Бұл күндегі ең үлкен олжамыз өзінің кіндік қаны тамған Еңбекшіқазақ ауданының Ақши ауылында ғасырлар қойнауынан бізге жеткен асыл қазыналарымыз бен жауһар жәдігерліктерімізді жарты ғасырға жуық уақыт жинақтағанының нәтижесінде жеті атасынан бері жалғасып келе жатқан ұсталар әулетінің ұланы «Ұста Дәркембай Шоқпарұлы атындағы қолөнер мұражайы» жұмыс істейді. Оны басқарып жетекшілік жасап жүрген Дәкеңнің ізін басқан шебер ұрпағы – Дәулет Дәркембайұлы. Орайы келгенде айтуымыз керек, бұл мұражайымыздың өмірге келіп халыққа қалтқысыз қызмет етуіне ерекше тер төгіп, қамқорлық танытқан ұлт руханиятының шынайы жанашыры, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Серік Әбікенұлы Үмбетовтің еңбегі үлкен. Ол кісіге айтар халықтың алғысы да мол. 

Дәркембайдың ерекшелігі осыншама жадымызды жаңғыртып, көнере бастаған көптеген көркем сөздерімізді қайта тірілтіп, тілдік қорымызды молайтса, кешегі кеңес кезіндегі орталық астанамыз  болып саналатын сонау Мәскеу қаласынан бастап, Чехословакия, Польша, Румыния, Болгария, Бирма, Германия, Франция, Түркия, Пакистан сияқты әлемнің әр түкпіріндегі мемлекеттер мен қалаларда өткізілген халықаралық қолөнершілер көрмесіне қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алып, ел еңсесі мен өнеріміздің беделін әлемдік деңгейде биікке көтерген дара тұлға. Шертпе күйдің шебері – Тәттімбет, төкпе күйдің шебері – Құрманғазы, ақындардың алыбы – Абай, айтыс өнерінің алтын діңгегі – Сүйінбай десек, сөз жоқ ғасырлар қойнауынан үзілмей бізге жетіп, өзінің әсемдігімен әлемді таңдандырған қасиетті қолөнеріміздің хас шебері, артына мыңдаған шәкірттер қалдырып, халқына адал қызмет еткен Дәркембай Шоқпарұлы – қазақ қолөнерінің атасы. Қазақта бір Дәркембай.

  Камнұр ТӘЛІМҰЛЫ, ақын, сазгер, 

Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, жоғары санатты ұстаз, Дәркембайтанушы.

 
Оқылды 2813 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет