Бұл туралы аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының отырысында аудан әкімі Алтай Досумбаев айтылды.

Ол өз сөзінде «AMANAT» партиясы 2023-2027 жылдарға «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламаның Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Жол картасының 13 көрсеткіш 38 шараның жүзеге асырылып жатқанын айтты. Жыл басынан бері іс-шаралар мен көрсеткіштердің 20-ы орындалды.

Аудан әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жүргізілуде.

«Бұл жоба біздің өңіріміз үшін өте маңызды. Осы ретте Түркістан облысында төрт түлікті көбейтіп, ауыл шаруашылығына бет бұрған еңбеккерлердің қатары артып келеді. Мәселен, 2,5 пайыздық несие алуға аудандағы 417 азамат өтінім білдірген. Аясында 79 азамат жеңілдетілген несие алған», – дейді Алтай Досумбаев.

Сонымен қатар, фракция отырысында орындалмау қаупі бар 5 шара туралы айтылды. Қортындылай келе, фракция жетекшісі Бағдат Рахимов орындалмау қаупі бар шараларды қатаң бақылауға алуына ұсыныс жасады.

Олардың 61 пайызында банк алдындағы берешегі бар екені анықталған.

Қаржылық сауаттылық деңгейін арттырмай, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мүмкін емес. Осылай деген AMANAT партиясы Halyk Bank-пен бірге мамыр айында «Қарызсыз қоғам» жобасын бастады. Оның аясында, бір ғана Алматы облысының мыңдаған ауыл тұрғыны несие бойынша білімін арттырып, отбасы бюджетін тиімді басқаруды үйренді.

Бұл жоба қаржылық алаяқтықты азайтуға, шамадан тыс қарызданып қалуды болдырмауға және ауыл тұрғындарының қаржылық мәдениетін жақсарту үшін қолға алынған. Берешегі басынан асып, борышкер атанған қатысушылар игі іс үшін AMANAT партиясына алғыс білдіріп жатыр. Өйткені, олар дәрістен кейін маңызды дүниелерді ойға түйгендерін айтты.

«7 айда 9 мыңға жуық азамат қаражатты тиімді жұмсауды үйренді. Өз кәсібін бастағысы келетіндерге, табыс табудың түрлі жолдарын көрсететін пайдалы мәліметтермен бөлістік. Сарапшылар кіріс-шығысты есептей білуді, қаржыны ұтымды жоспарлауды үйретті», – деді Алматы облысы бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшісі Зәмзәгүл Сламбекова.

Оның айтуынша, қаржылық сауатты арттыру курсына құмар ойынға салынғандар да қатысқан.

«Қаржылық сауатсыздықтың салдары орасан. Қарызы жамала берген соң несиеге барып ұрынады. Алған кезде банктің процентін есептеп жатпайды. Соңында ай сайынғы берешегі табысынан асып түседі. Төлей алмаған соң есепшоты бұғатталады. Олардың қатарында алаяқтарға алданып қалғандар, құмар ойындарға тәуелді болғандар мен банк борышкерлері бар» – дейді ол.

Мәселен, AMANAT партиясына 26 жастағы азамат 4 түрлі микроқаржы ұйымынан 800 мың теңге қарыз алғанын айтып келген. Ал оның ата-анасы баласының «лудоман» екенін білмеген. Тұрақты табысы болмағандықтан несие уақтылы төленбей, коллекторлық компаниялар жақындарына қысым көрсете бастаған.

«Ұлының берешегін екі зейнеткер өз мойнына алып, зейнетақысынан төлеп келген. Оның шоты бұғатталып, несие тарихы бұзылғанына байланысты ешқандай кәсіппен айналысуға мүмкіндігі жоқ. Тіпті жұмысқа тұра алмайды. Осы мәселе қариялардың денсаулығына кері әсер еткен. Семинардан кейін несие төлемдері мен құжаттарын талдау нәтижесінде азаматтың шоты бұғаттан шығарылды. төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімі жүргізілген. Нәтижесінде, жұмысқа орналасып, айлығын толық мөлшерде алып отыр», – дейді жоба жетекшісі.

Оқу барысында қатысушылар тек білім алумен шектелмейді. Оған қоса, борышкерлерге заңгерлер тегін кеңес беріп, қолдау көрсетеді. Жоба келесі жылы да жалғасады.

Айта кету керек, оқуға қатысқан тұрғындардың 61% банктер мен микроқаржы ұйымдарына берешегі бар. Олардың бірнеше несие өтеп жатқаны, тіпті 12 несиесі бар отбасы белгілі болды.Әсіресе жастар арасында ойланбай қарыз алып, қайтара алмай жүргендер көп. Қазан айындағы статистикаға сәйкес Алматы облысында 801 адам банкрот деп танылған.

 

«Аудан аумағында өзін-өзі басқаруды жетілдіру, қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын жандандыру» мақсатында өтетін кездесудің кестесі бойынша аудандық соғыс және еңбек ардагерлері ұйымының төрағасы Т.Ұзақов ауылдық округ орталықтарында жиындар өткізіп, оған қатысушылармен пікір алмасу  барысында қол жеткізген жетістіктермен қатар шешуін күткен әлеуметтік, тұрмыстық мәселелермен де бөлісті.

Төрағаның баяндамасы негізінен аудан аумағында мекен ететін тұрғындардың ұлттық құрамын пайыздық мөлшермен анықтап, көпэтносты елді мекендеріміздегі татулық пен бірлікті сақтауға бағытталған. Сонымен қатар, жасөспірімдер тәрбиесі кездесулер өткізілген барлық елді мекендерде көтерілуі заңды. Ел болашағы жастарымыздың білімді де білікті, дені сау азамат болып өсуіне елімізде барлық жағдайлар жасалуда. Ол жөнінде ақпарат құралдары жан-жақты жариялап жатыр, үлкенді-кішілі жиындарда айтылып та жатыр. Тұрғындарымыз өз көзімен көріп те отыр. Айталық ауданымызда футбол алаңы жоқ елді мекен кемде-кем, спортзалы жоқ мектептер азайды. Аудан орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені жасөспірімдердің спортпен айналысуға қажеттілігін өтеумен қатар ел болашағының  зиянды әдеттерден аулақ болуына да үлкен әсер  етері анық.

Есік қаласындағыдай үлкен дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысы  Шелекте де аяқталып, көп ұзамай пайдалануға берілмекші. Кездесулер барысында  Рахат, Ават ауылдық округтерінде  ауылдарда өткізіліп жатқан спорттық шараларды «Еңбекшіқазақ» газеті жариялап тұрса деген өтініштерін де айтып қалды тұрғындар. Ал осының барлығы да жас өскіндерге деген қамқорлық болса, жастарымыз да зиянды әдеттерден мүлде аулақ болса дейміз. Өкінішке қарай ойынқұмарлық (лудомания) деген машақат жасты да жасамысты да оңай  табыс табуға итермелеп, өкіндіріп те, опындырып та жатқаны үлкен проблемаға айналуда.

Ал бұрынғы әлі де азаймай тұрған нашақорлық  деген кеселді синтетикалық аталған есірткі мүлдем ушық-тырып тұр.  Қоғам болып, құқық қорғау органдары  болып күресетін кеселдер аз емес. Тек ерік-жігер мен бірлесіп атқарар іс-қимыл керек.

Аудан аумағындағы елді мекендердің әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларын жақсарту бағытында атқарылып жат-қан жұмыстар аз емес. Сонда дағы ақшиліктер көтерген мәдени  ошақтың жоқтығы сияқты мәселелер әлі де бар. Бір кезде жекешеленіп кеткен мәдениет үйін  атына сай қызмет ететін ету көптен бері айтылып келеді. Ия, айтылып келеді әзірше. Нақты іс жоқ. Бәйдібек би округінде де сөз ауыз сумен қамту және көшелерді абаттандыру жұмыстары өз ретімен жасалмағандықтан болар дұрыс атқарылмауы жайында болды.

Бүгінгі таңдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерімен қатар, бейкүнә сәбилерге қол көтеру, одан бетер айтуға ауыз бармайтын, жазуға қалам жүрмейтін оқиғалар белең алып тұрғанда оқу орындарының ғимаратына кіруге бет қойған азаматтарды тексермей кіргізбейтін тәртіп  құптарлық. Бірақ кейбір ауылдарда елді мекенге, тіпті аумаққа белгілі беделді азаматтарды, қоғамдық ұйымның тапсырмасымен келетін азаматтарды оқу орнының табалдырығынан аттатпау деген шектен шыққандық емес пе? Бұл сұрақты қойып отырған Бәйтерек ауылындағы мешіттің Әбдіғани имамы мектепке діни уағыз айту үшін емес, тәрбиелік, қоғамымыздағы тәртіптік мәселелер жайында ой бөліспек мақсатпен бет бұрамыз ғой дейді. Ең қиыны алпысқа келген Бәйтеректің тұрғыны өмірінің жартысынан  артық  бөлігін ауданымызда өткізген танымал да ақжарқын азаматты мектеп есігінен кері қайтарған әдептілік пе? Шелек  ауылында көп жыл орта мектепті басқарып, құрметті азамат атанған көптеген наградалары бар ардагер ұстаз  Виктор ивановичті (фамилия-тегін барша шелектіктер біледі) өзі басқарған мектепке кіргізбеу дегенің әдепсіздіктің ең сорақысы деп білу керек. Соңғы уақыттарда мұғалім кітап, газет, журнал оқу керек пе деген сұрақ әсіресе, ұстаздар газетке мақала жариялау керек болғанда, газетке жазылу кезеңі басталғанда туындайды. Менің редакторлық өз тәжірибемде зейнеткерлікке  шығуға аз ғана уақыт қалған мектеп директоры «Мен газетке жаздырмаймын мұғалімдерді» – деген мазмұнда басшылыққа қолхат бергенмін деп салды. Аман-есен зейнетіне шығып кетіпті ғой сол білім беру саласының ардагері. Енді бір Есік қаласының төңірегіндегі мектеп мұғалімдері редакцияға шағыммен келген жағдай да болған. Жоқ-жоқ, мәжбүрлеп жаздыру емес, керісінше жергілікті басылымға жазылам деп құлшынып тұрған ұстаздардың бетін қайтарған ғой.

Біз өзі қайда бара жатырмыз? Тарихымызда болған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының заманында газет шығарғаны үшін қудаланған еді патша жендеттері жағынан. Қазір бізге не көрінді?!

Міне, осындай  кем-кетіктер жергілікті өзін-өзі  басқаруды әлі де жетілдіре түсіп, бұл жауапты іске қоғамдық ұйымдарды батыл тарту керек екенін айғақтайды.

Х.Ахметжанов.

Бейсенбі, 30 Қараша 2023 11:39

Жұмыс сапасы басты назарда

Ауданымыздың әр өңірлерінде халық игілігі үшін жаңа мектеп салу, күрделі жөндеулер, жол, су құбырларын тарту, тағы басқа да көптеген жұмыстар жүргізілуде. «AMANAT» партиясының аудандық филиалы «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының жол картасы бойынша қолға алынған жұмыстардың сапалы атқарылуын назарға алған.

Жақында «AMANAT» партиясы аудандық филиялының төрағасы Бағдат Рахимов және Алматы облысы мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Ерік Абитов Шелек ауылындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Абай атындағы мектепке келіп, құрылыс барысымен танысты. Мұндағы жұмыс келер жылдың сәуір айында аяқталуы тиіс. Ауа-райының қолайлы болуына байланысты ғимараттың сыртын әрлеу жұмысы қызу жүргізіліп жатыр. Қыстай ішкі жұмыстар қолға алынатынын айтты мердігер мекеме өкілі.

Келесі қолға алынған ауқымды жұмыс – ауызсу құбырларын тарту. Мердігер мекемеге жұмыстың талапқа сай жүргізуін тапсырды аманаттықтар. Одан кейін құрылысы бітуге таяп қалған дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне де ат басын бұрды аманаттықтар. Ауылдың шыға берісіндегі жаңа үйлер бой түзеген ықшам ауданның жолдарына асфальт төсеу жұмысын да өз көздерімен көріп, істің талапқа сай жүргізіліп жатқанының куәсі болды. Жергілікті тұрғындар да алғыстарын айтып, лебіздерін білдірді.

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

 

Мен Джасыбаев Талғат Серікқалиұлы 1982 жылы 4 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауылында дүниеге келдім. 2006 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңтану мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымды 2007 жылы Еңбекшіқазақ аудандық әділет басқармасында инспектор болып бастадым. Кейіннен Есік қаласының әкімі аппаратында, Кңбекшіқазақ аудандық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде инспектор болып еңбек еттім. 2014 жылдан бері Бөлек ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарамын.  

Құрметті Қаражота ауылдық округінің тұрғындары!

Сіздердің қарауларыңызға Қаражота ауылдық округінің  әкіміне кандидат ретінде өзімнің әзірлеген сайлауалды бағдарламамды ұсынамын. Мемлекет басшысы  ұстанған қоғамдық татулық пен тұрақтылықты көздеген саяси бағыт, Тәуелсіз Қазақстанның  дамудың даңғыл жолына түсіп, экономикасы қарқынды дамыған елге айналуға өз септігін тигізеді деген ұстанымдамын.

Менің бағдарламамның барлық тармақтары Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаға, және де бюджеттің нақты қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келеді.

Менің сайлау алды бағдарламамның негізгі бағыттары:

– Округте әлеуметтік, білім, денсаулық сақтау, мәдени салаларының және әлеуметтік өмірдің сапалы жақсаруына бағытталған Қаражота ауылдық округінің барлық тұрғындары мен мемлекеттік билік органдарының тығыз, заң нормаларына сәйкес, үйлесімді қызмет етуін қамтамасыз ету;

– Округтің жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді әрі сапалы қызметімен округ өміріне  маңызды мәселелерін  белгілеу мен шешуге жергілікті қоғамдастықты  тарту;

– Ауылдық округтің экономикалық әлеуетін белсенді дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту  үшін қолайлы жағдайларды жасау. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмысты жандандыру;

– «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» және шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалары қызметінің тиімділігін арттыру, оларға азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін көптеп тарта отырып, бизнестің қоғамға адал қызмет етуіне жағдай жасау;

– Жұмыспен қамту деңгейін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асуын қамтамасыз ету. Жастардың жұмысқа қамтылуы мен орналастыру мәселесін шешу бойынша жұмысты жандандыру;

– Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға мүмкіндігінше әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету.

– Ауылдық округтің саниятариялық тазалығын, абаттандыру мен көгалдандыруын, ауылдардың  ішкі автомобиль жолдарын уақытылы әрі сапалы жөндеуді, оларды тиісті жағдайда ұстауды, ауылдық округтің ауылдарын көше жарықтандырумен қамтылуын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруды қамтамасыз ету;

– Халықтың мәдени шараларға көптеп қатысуын қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын  тиімді өткізу үшін мәдени шараларды ұйымдастыру, тұрғындар және жастар арасында бұқаралақ спорт пен саламатты өмір салтын дамыту;

– Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, ауылдық округте тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға жәрдемдемдесу.

Менің Қаражота ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде ұсынып отырған сайлау алды бағдарламам, Сіздермен бірлесе округ өміріне маңызды мәселерді шешудегі жүзеге асыратын жұмыстарға мүмкіндік беретініне  сенімім мол.

 

Мен Рузахунов Айшрахун Иджанович, 1964 жылы 19 шілдеде Алматы облысы Шелек ауылында дүниеге келдім. 1994 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, экономика және бизнес мамандығын алдым. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолымды 2006 жылы Масақ ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып бастадым. 2007 жылдан бері Бартоғай ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарамын.

Құрметті, Қырбалтабай ауылдық округінің тұрғындары!

Сіздердің назарларыңызға Қырбалтабай ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынамын.

Мен соңғы 17 жылда ауылдық округ әкімінің аппаратында жұмыс істей жүріп, мұндағы ең өзекті, шешімін табуы тиіс мәселелерді және ілгері басқан істі де көріп жүрмін. Және барлық түйінді мәселелерді шешіп, жемісті істерді халықтың игілігі үшін одан әрі табысты, мақсатты түрде жалғастыру қажет деп есептеймін.

Әкім болу – бірінші кезекте округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына, талап-тілектерінің орындалуына, округтің көркеюі жолында адал қызмет ету деп түсінемін. Мұны бір сөзбен айтсақ, қазір қанатты сөзге айналып кеткен  әрі жауапкершілік артатын «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз шығады. Мен халыққа жақын бол қағидасын ұстана отырып, Қырбалтабай ауылдық округінің әкімі лауазымына өз кандидатурамды ұсындым және ауыл мен ауылдық округтің игілігі үшін шешілуі тиіс міндеттерді орындауды мақсат етіп отырмын.

Сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

– Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту және олардың жұмыспен қамту үшін шараларды қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтің экономикасын дамыту;

– Жаңа жұмыс орындарын құру;

– Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстау;

– Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық көрсету;

– Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға жұмыс жасау;

– Округтегі кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста болып, округтің мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуларын ұйымдастырамын;

– Округ тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді басты назарда ұстаймын.

Президент Жолдауында ауылдың дамуы мен көркеюі үшін маңызды тапсырмалар берді. Округ әкімі ретінде ол міндеттерді орындау, ең бірінші кезекте Қырбалтабай ауылдық округтің тұрақтылығы мен өркендеуіне әкеледі деп санаймын.

Мен Қалиақбаров Нұрлан Тұрғанұлы, 1975 жылы 10 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қызылшарық ауылында дүниеге келдім. 1992 жылы аталған ауылдағы М.Әуезов атындағы орта мектепті бітіріп, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне түсіп, 1996 жылы философ, философия пәнінің оқытушысы мамандығын алдым.

Еңбек жолымды 1996 жылы Алматы қаласындағы «Сайма» фирмасында менеджер болып бастадым. 2002-2003 жылдары Қызылшарық ауылындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болдым. Кейіннен Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маманның міндетін атқарушы, 2008 жылы жетекші маман, Асы ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман, бас маман қызметтерін атқардым. Бүгінгі таңда Асы ауылдық округі әкімі аппаратында бас маманмын.

Құрметті Саймасай ауылдық округінің тұрғындары!

Біздің басты мақсатымыз – әділ Қазақстан құру! Осы орайда мен өзіме бірқатар міндеттер қойып, оларды округ әкімі ретінде жүзеге асыруға дайынмын.

– Білім беру ұйымдарына жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаржыны  қадағалап, ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу;

– Елді мекендердегі емханалардың материалдық-тахникалық базасын нығайтуға күш салу;

– Тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету, сонымен қатар кәріз су жүйелерін салу жұмыстарына атсалысу;

– Жастарға арналған спорт алаңдарының ашылуына атсалысу, балаларға арналған ойын алаңдарын жабдықтауды қадағалау;

– Елді мекендердегі көшелері мен жолдарды күрделі жөндеуден өткізуге ықпал ету, жол ережесі белгілерін орнатуды қамтамасыз етуге ықпал жасау;

– Елді мекендердегі мәдениет саласына аса көңіл бөлу, мәдениет үйлеріне керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне ықпал жасау;

– Жеке, шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған отырыстар өткізіп, жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын дайындай отырып, жаңа кәсіпорындардың ашылуына ықпал етіп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етілуіне үлес қосу;

– Елді мекендерді тазалық жұмыстары мен көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын қолға алу;

– Учаскелік полиция инспекторларынымен тығыз қарым-қатынас орнатып, құқықбұзушылықпен күрес жұмыстарын жүргізу;

– Халыққа мүлтіксіз қызмет етіп және реформалар нәтижесінде берілетін мүмкіндіктерді толыққанды пайдалана отырып ауылдың инфрақұрылымдарын дамытуға үлес қосу;

– Округті дамытуға бағытталған экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын бақылау;

– Жастарды қолдауға арналған іс-шараларға ұйытқы болу, олардың мәселелерін шешуге ықпал ету – менің сайлауалды бағдарламамның негізі.

Құрметті сайлаушылар!

15 жылдан астам мемлекеттік қызметтегі тәжірибемді Саймасай ауылдық округін гүлдендіруге, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға жұмсауға дайынмын. Ол үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет.

 

Мен, Қожамберды Нұрберген Айдарұлы 1994 жылы 31 қаңтарда Алматы облысы Райымбек  ауданында дүниеге келдім. Еңбек жолымды 2016 жылы 2 желтоқсанда «Алматы сараптама» ЖШС-де офис менеджері қызметінен бастадым. 13.02.2018 – 11.02.2019 жылдар аралығында Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының жастармен жұмыс жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы қызметін атқардым. 2019 жылдан осы уақытқа дейін Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманымын.

Құрметті Қаражота ауылдық округінің тұрғындары!

 «Ауыл – алтын бесік» деген дана халқымыз. Бүгінгі таңда осы ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту бағытында кешенді жобалар жүзеге асырылуда. Осы игі шараларды жалғастырып, Қаражота, Ақтоған, Сарыбұлақ ауылдарының дамуына, тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға өз үлесімді қосуға ниеттімін. Менің сайлауалды бағдарламаның негізі де сол, ауылды гүлдендіру.

– Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға күш саламын.

– Ауылдарда жаңа білім ошақтары мен денсаулық сақтау мекемесінің бой көтеруіне атсалысамын. Сонымен қатар, оларды жаңа, заман талабына сай құралдармен жабдықтау менің сайлауалды бағдарламамның негізі.

– Халықтың әлеуетін арттыру да мен үшін үлкен міндет болмақ. Жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздықпен күресу жолында барымды саламын. Көпбалалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының жағдайын жақсартуға атсалысамын.

– Цифрландыру мәселесі де бүгінгі күннің күн тәртібінде тұр. Ауыл тұрғындарының сапалы әрі жылдам интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету бағытында аянбай тер төгемін.

– Конфессияаралық татулық – еліміздегі тұрақтылық пен дамудың кепілі. Сондықтан да, ұлтаралық татулықты сақтау жолында қызмет етемін.

– Дамуға бағыт алған елімізді артқа тартатын жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықпен күресуге бар күш-жігерімді саламын.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа Жолдауында көрсетілген мемлекеттің және қоғамның барлық секторларын дамытуды қолдай отырып, түрлі мемлекеттік бағдарламалардың ауылдық округтерде сапалы орындалуына ықпал етемін. Халықтың жағдайын жақсарту және жұмыспен қамтудың бастауы болып табылатын орта және шағын бизнесті дамытуға, аз қамтылған отбасыларына қолдау көрсетуге, ауылды гүлдендіруге, көркейтуге атсалысамын. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне өз құқықтарын ешбір кедергісіз пайдалануға жол ашып, қолдау көрсетіп, демеп отырамын. Ауыл жастарымен рухани-патриоттық бағытта жұмыстар жүргізіп, олардың жұмыспен қамтылуын, бос уақытын тиімді өткізуін назарда ұстаймын.

Құрметті сайлаушылар!

Егер маған қолдау білдіріп, дауыс берсеңіздер жергілікті мәселелердің шешу жолдарын қарастырып, тұрғындардың әлеуеттін арттыруға барымды саламын. Тәуелсіздік тұғырын бекем етіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту жолында талмай тер төгіп, ауылды бірге көркейтейік!

 

Қазақстандағы Аналар кеңесі әртүрлі бағыттар мен салаларды қамтитын ауқымды жұмыстарды атқаруда. Осылайша, жыл басынан бері Алматы облысының Аналар кеңесіне 60-тан астам отбасы өтініш білдіріп, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жүздеген әйелге әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетілді.

Өткен демалыста Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Алматы облыстық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында «Мәдениетті ана –  Мәдениетті ұлт» жобасы аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы жылға арналған басым бағыттар талқыланды.

Есеп беру бойынша кездесу Түргендегі Абыхан Жексембеков атындағы орта мектебінде өтті. Шараның құрметті қонақтары қатарында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи, облыстық «Қоғамдық келісім» орталығының директоры Елбосын Абай, Алматы облыстық «Огни Алатау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Забира Сайдильдина, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Венера Жексембекова, Алматы облысы бойынша медиация кеңесінің төрайымы Ләззат Қобланова, облыстың аудандық және ауылдық Аналар кеңестерінің төрайымдары қатысты.

Бүгінде өз қатарларында түрлі этностар мен кәсіптердің өкілдерін біріктірген мұндай мекемелер ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, балалардың рухани тәрбиесіне, көпбалалы аналардың әлеуметтік дамуына және қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруға үлес қосып жатқан өзіндік мектепке айналғаны сөзсіз. Аналар кеңесінің мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының жобаларына белсене қатысады, осы арқылы өскелең ұрпақ қазақтың салт-дәстүрін зерттейді. Рухани әлеует пен ұлттық сананы арттыру дегеніміз – өз Отанына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ояту, халық мұрасын бағалай білу. Ал мұны оның мәдениетіне, салт-дәстүріне, тұрмыс-тіршілігіне қаныққанда ғана сезінуге болады. «Қазақтану», «Төркіндеу» және тағы басқа жобалардың өскелең ұрпақтың көңілінен шығып келе жатқаны қуантады.

Балалармен жұмыс істеу-мен қатар, біздің басты назарымыз аналардың өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына бағытталған. Аналар кеңестері әлеуметтік және балалар мекемелерімен, оқу орындарымен, мәдениет үйлерімен тығыз және жемісті жұмыс істейді. Көптеген әлеуметтік маңызы бар бастамаларымыз бен жобаларымыз осы серіктестіктің жемісі екені анық.

Осылайша, жыл басынан бері облыстық Аналар кеңесі 696 іс-шара өткізді, оған 52 878 адам қамтылды. Атап айтқанда, жобалар бойынша «Еліне азамат тәрбиеленген отбасы» – 112 іс-шара (7235 адам), «Бақытты ана – бақытты отбасы» – 130 іс-шара (10 108 адам), «Тұғырлы отбасы – бақытты балалық шақтың бастауы» – 89 іс-шара (5505 адам), «Жақсылыққа жетелейтін жандар» – 97 іс-шара (6729 адам).

Ал, шынында, бұл бос сандар емес, бұл – еліміздің тағдырын ойлайтын жастар. Жаңа Қазақстан идеясының терең мағынасын түсінетін және қабылдайтын жастардың саны күн сайын артып келе жатқаны қуантады. Бұл біздің жұмысымыз бекер еместігін растайды деген сөз. ҚХА рес-публикалық Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанаи атап өткендей, республика заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға назар аударып, оларды қоғамға жеткізу қажет.

– Аналар кеңестері өз қызметінде әйелдердің құқықтық сауаттылығын арт-тыруға, ата-анасының қам-қорлығынсыз қалған балалардың мәселелерін шешуге, ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді жаңғыртуға және түрлі іс-шаралар арқылы берік және тату отбасын насихаттауға көңіл бөледі. Аналар мекемелерінде елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларды түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Біздің міндетіміз – жастарды тәрбиелеу ғана емес, болашақ ұрпақты өз құқықтарын білетіндей етіп тәрбиелеу. Құқықтық салада сауатты болса, өзгенің құқығын бұзбайды, – дейді Нәзипа Ыдырысқызы.

Жиынның екінші бөлімінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан белгілі қоғам қайраткері, «Құрмет Белгісі» орденінің иегері, Қазақстан Республи-касының білім беру ісінің үздігі Абыхан Жексембековтің ұрпақтарымен кездесу өтті. Алматы мал-дәрігерлік институтын бітіргеннен кейін А.Жексембеков жергілікті В.Ле-нин атындағы колхозға жұмысқа келеді. 90-жылдардың басында Абыхан Аманбайұлы Түрген ауылының әкімшілігін басқарды. Мемлекеттік қызметте ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін ойдағыдай шешіп, өзін тиімді басқарушы ретінде көрсете білді. Кейін ауыл шаруашылығы саласына бет бұрған Абыхан Жексембеков Алматы облысында астық тұқымын өсіретін алғашқы тұқым шаруашылықтарының бірін құрды. Шаруаның жеке инвестициясымен Түрген ауылында 1994 жылы тұңғыш қазақ мектебі ашылып, бүгінде оның есімімен аталады.

Сонымен қатар, баяндамашылар кәмелетке толмағандар арасында діни қауіпсіздікті қамтамасыз ету, балалардың өмірін суицидтен сақтаудың стратегиялары, жастар арасындағы зиянды әдеттердің алдын алу, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын арттыру, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, мемлекеттік тілді дамыту, отбасылық-демографиялық саясат саласындағы жобалар мен тапсырмаларды іске асыру мәселелеріне тоқталды.

Кеңейтілген отырыс соңында сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Аналар кеңестерінің қызметі жан-жақты және ауқымды, олардың басты міндеті – ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтар призмасы арқылы отбасы институтын нығайту.

Сонымен қатар, Аналар кеңесі отбасылық және тұрмыстық мәселелерді шешуге, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, мәдениетті сақтауға және патриоттық тәрбие мәсе-лелеріне өз үлесін қосуда.

Әрине, отбасы – адами капиталдың сапасына әсер ететін маңызды әлеуметтік институт. Ол ұлттық мәдени кодты, адамгершілік қағидаларды және отбасылық дәстүрлерді сақтаушы, өйткені адамның көптеген көзқарастары мен ұстанымдары отбасылық ортада тәрбиеленеді. Ал бүгінде Аналар кеңестері бұл мәселеде өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Ал, еліміздегі Қазақстан Республикасының отбасы және гендерлік саясат тұжырым-дамасында әке институтын нығайту да қарастырылған. Республиканың әр аймағында Әкелер кеңестері құрылды, олар қазірдің өзінде отбасылық береке-бірлікті сақтауда және бала тәрбиесіндегі ерлердің рөлін арттыруда белсенділік танытты. Жақын арада осындай кеңестер республиканың облыстары мен қалаларында да пайда болады.

 

 

Гүлнар ЖОШЫБАЕВА,

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Алматы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.

Жеке қабылдауда болған онға жуық тұрғынның мәселелері сан түрлі. Олар қозғаған мәселелердің қатарында тұрғын үй алу, жол, жарықтандыру, кептеліс, табиғи газ тарту және мәдениет үйін салу өтініші бар.

Мәселен, 73 жастағы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны облыстық маңызы бар Есік-Саймасай автожолына қатысты мәселе көтерді. Ол туристер мен тұрғындар санының артуына байланысты көлік ағыны артқанын айтты. Күн сайын 2 мыңнан астам көлік қатынайтын магистральда жол-көлік оқиғалары жиі орын алады. Осыған байланысты, Есік-Саймасай автожолын төрт жолаққа дейін кеңейтуге әкімнен ықпал етуін сұрады.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, аталмыш облыстық маңызы бар автомобиль жолының белгілі бір бөлігі күрделі жөндеу жобасы әзірленген.

«Есік-Саймасай автожолының 0-11,82 км бөлігінің жобасы әзірленген. Қазіргі уақытта ведомстводан тыс сараптамадан өтіп жатыр. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін жолды күрделі жөндеуден өткізу үшін конкурс жарияланатын болады. Болжам бойынша, жөндеу жұмыстары келесі жылдың екінші тоқсанында басталмақ», дейді өңір басшысы.

Ал Талғар ауданының тұрғыны Дүйсенов Ұлдақан газбен қамту мәселесін қозғады.

«Ауданға қарасты 18 мың тұрғыны бар 8 ауылға аса қажетті дүние – газ.  Бірнеше елді мекенде көгілдір отын әлі күнге дейін орнатылмаған. Осы мәселелер тез шешілсе деген өтінішіміз бар», деді Ұлдақан Дүйсенов.

Облыс әкімінің айтуынша, газ тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Ал 2024 жылы елді мекенге құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

«Талғар ауданына қарасты Нұра, Қаратоған, Туғанбай, Өстемір, Даулет ауылдары бойынша газ тарату желілерін салу бойынша жобалық сметалық құжаттамалар дайындалып жатыр. 2024 жылы мемлекеттік сараптамадан өң нәтижесі алынып құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Ал Қаратоған және Каменское плато ауылдарына жобалық сметалық құжаттама дайындау қажет, осы мақсатта келесі жылға экономика басқармасына бюджет қаражатын бөлуге  өтінім берілді» деді Марат Сұлтанғазиев.

Қабылдауға келген азаматтардың бәріне заңды-құқықтық тұрғыдан, мәселелерінің шешілуіне бағыт-бағдар берілді. Олардың кейбірі өз сұрақтарына қатысты түсіндірме жауапты сол жерде алды. Аясында, тұрғындар көтерген мәселелердің шешу жолдарын білді.

Айта кету керек, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық партия филиалының қабылдау бөлмесіне келіп түскен ұсыныс-пікір, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Мамандар әрбірінің себеп-салдарын жіті зерттеп, шешімін заң талаптарын негізге алып қарастырады.

Еске салайық, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет