Бейсенбі, 08 Ақпан 2024 11:25

Қолөнер – қастерлі кәсіп

Қолөнер – халықтың рухани байлығы. Әр халықтың салт-дәстүрінен, мәдениетінен хабар беретін қастерлі кәсіп. Бүгінгі таңда қазақтың да қолөнері жаңа бағытта жаңғырып, қарқынды дамып келеді. Халық өнерінің бай мұраларын сұрыптай отырып, заманымызға сай сапа, түр беру әдісімен оларды әрі қарай дамыту, кейінгі ұрпаққа меңгерту – игілікті іс.

Асысаға ауылындағы Т.Қабылов атындағы орта мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Гульзат Жумадилова қолөнермен 20 жылдан бері айналысып келеді. Гульзат Отарханқызы қолөнерді дамыту мақсатында бисермен, жүнмен, жіппен әртүрлі бұйымдар жасап, қалдық заттарды іске асыру, оқушыларды шығармашылыққа баулу, оларды қолөнерге бейімдеп үйретуде айтарлықтай жетістіктерге жетуде. Мәселен, аудандық «Eco book» экологиялық ғылыми жобасына қатысып, «Қалдық заттарға жаңа өмір сыйлау» тақыры-бында өткен жарыста шәкірттерімен жүлделі екінші орынды иеленді. Сондай-ақ, аудандық «Алтын қазына» шығармашылық қолөнер байқауында 3-дәрежелі дипломмен марапатталған. Шелектегі тарихи-өлкетану музейінде шәкірттерінің қол-өнер шеберлігін насихаттау мақсатында олардың еңбектері екі апта көрмеге қойылып, келушілердің көзайымы болды. Гульзат: «Қолөнер – өрісі биік, қастерлі кәсіп. Мен шебер, өнерлі, бес саусағынан өрнек өрілген Елдана Мұхаметжан, Аяла Әлнұрқызы, Әсем Жігітек, басқа да шәкірттеріммен мақтанамын», – дейді көзінен қуаныш нұры төгіліп. Айта берсе, мұндай жетістіктер жетерлік.

5 қаңтарда Алматы қаласында өткен «Шығыстың шеберлері» атты  халықаралық қазақ-қырғыз симпозиумына қатысуға Гульзат Жумадилова да шақырылғанды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейі Қазақстан этно-дизайнерлері одағымен бірлесе отырып, кәсіби суретшілер, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері мен этно-арт дизайнерлерінің халықаралық симпозиумында «Шығыстың шеберлері» атты кітаптың тұсауы кесілді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік музейінің директоры Рашида Ерімқызы шараны салтанатты түрде ашып, қазақ-қырғыз қолөнер шеберлері, кәсіби суретшілер мен көркем еңбек пәні мұғалімдерінің арасындағы мәдени құндылықтарды насихаттап, креативті индустрияны дамыту және өзара тәжірибе алмасуда осындай басқосулардың маңызды екенін ерекше атап өтті.

Симпозиум аясында дефиле, шығармашылық туындылар көрмесі, шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, оған Қазақ-стан мен Қырғызстаннан 100-ге жуық қолөнер шеберлері қатысты. Осы басқосуда жерлесіміз Гульзат Отарханқызы Қазақстан этно-дизайнерлер одағының мүшелігіне қабылданды. Халықаралық «Шығыстың шеберлері» атты қазақ-қырғыз кәсіби суретшілері, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері мен этно-арт дизайнерлерінің симпозиумында «көрмедегі үздік туындысы үшін» дипломмен марапатталды.

«Қазақстан этно дизайнерлер одағы бүгінде ұлттық құндылықтарымызды дамытып, төл тарихымызды қайта жаңғыртуға бағытталған маңызды мәселелерді басшылыққа ала отырып, ауқымды жұмыстар атқаруда. Бабаларымыздың бізге қал-дырған құнды мұрасын әлемдік деңгейде дәріптеп, төл тарихымызды төрт құрлыққа таныту – басты міндетіміз» – деп, Қазақстан этно дизайнерлер одағының президенті Салтанат Жапарова симпозиумда  алға қойған мақсатын жеткізді. Ал, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Нұрбатыр Болатбек «Шығыстың шеберлері» атты кітапқа кәсіби суретшілер, танымал таланттардың ғана емес, таланты оқушылар мен ұстаздардың да еңбектері енгізілгенін, бұл басқосудың басты мақсаты – қолөнердегі еңбекті шыңдау, бір-бірінен үйрену, жаңа технологияларды жаңа бағытпен үйрету екенін тілге тілек етті. Мұндай халықаралық симпозиумға қатысқан Гульзат Жумадилованың  әлемдік деңгейде танылу жолындағы асар асуы әлі алда. Біз де сәттілік тілейміз.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

 

Бейсенбі, 08 Ақпан 2024 11:22

Үкімет басшысы тағайындалды

Осы аптада ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан үкіметі таратылып, премьер-министрдің міндетін уақытша Роман Скляр атқарған еді. Араға бірер күн салып, «AMANАT» партиясы ұсынған Олжас Бектеновтің кандидатурасын Президент қолдап, Мәжіліс мақұлдады.

Олжас Абайұлы 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын үздік бітірген. Мамандығы заңгер. 2002 жылдан бастап мемлекеттік қыз-меттегі О.Бектенов 2018-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, 2019-2022 жылдары аталған агенттікте төрағаның бірінші орынбасары болған. 2022 жылдың ақпан айынан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарған. 2023 жыл-дың сәуірінен бүгінгі күнге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған.

– Менің кандидатурамды қолдағандарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы еліміздің эконо-микасының әлеуметтік саласын дамытуда бірқатар ауқымды тапсырмалар берді, олар мүлтіксіз орындалады. Ал жаңа экономикалық серпін беріп, шын мәнінде батыл әрі тиімді шаралар қабылдау қа-жет. Өнеркәсіп, мұнай және басқа да маңызды салалар сияқты салаларға баса назар аударылады.

Отандық өндірісті ынталандыруға бағытталған нақты шараларын да қабылданатын болады. Қазақстанда өндірілетін өнімнің үлесін арттыру қажет, біз офтейк жүйесін толық іске қосамыз. Біздің басты мақсат – ұлттық бизнесті қолдау. Ауыл шаруашылығының әлеуетін дұрыс пайдалану маңызды. Су ресурстары, энергия үнемдеу, көлік-логистикалық желі бойынша белсенді жұмыс істейтін боламыз.

Жасанды интеллект пен жаңа технологияларды қолда-нуды кеңейту. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету шаралары мен халықты толғандыратын басқа да мәселелер үкіметтің үнемі назарында болады. Үкімет еліміздің игілігі үшін жұмыс іс-тейтін болады, – деді премьер-министр.

Сонымен қатар, министр-лер кабинеті қайта жасақталып, төрт жаңа министр қызметіне кіріссе, қалған ведомство басшылары қайта тағайындалды. Нұрлан Байбазаров премьер-министрдің орынбасары және ұлттық экономика министрі, Мәди Такиев қаржы министрі, Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау министрі, Шыңғыс Арынов төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.

Бейсенбі, 08 Ақпан 2024 11:16

Асыл өнерді ардақтайық

Халықаралық зергерлер күніне орай Ақши ауылындағы Ұста Дәркембай атындағы облыстық қолөнер мұражайында «Зергерлік өнері – ұрпаққа мұра» атты  іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ аталған  шара аясында мектеп оқушыларының қатысуымен зергерлік бұйымдар жасау бойынша шеберлік сабақтар өткізіліп, қонақтар көрме тамашалады.

Ұлтымыздың асыл өнерін ардақтаған көрмеге ҚР Дизайнерлер одағының мүшелері, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің ұстаздары Сейтмахан Оразалиев пен Аманқұл Исақов, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының ұстазы Алтынбек Есенғазиев және өзге де зергерлер мен музей қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысты.

Бүгінде Ұста Дәркембай атындағы облыстық қолөнер мұражайының 6 көрме залында екі жарым мыңнан астам экспонат қойылған.

Аталған көрмеге музей қорындағы жүздеген әшекейлер мен зергерлік бұй-ымдар, түрлі қолөнер туындыларынан құралған көптеген жәдігерлер келушілердің назарына ұсынылды. Қолөнер туындыларының жасалу жайын таныстырып, олар жайлы деректермен бөлісуге арналған жиында мұражай директоры Дәулет Шоқпаров көпшілікті айтулы шарамен құттықтады.

Зергерлік өнер қазақ халқының ұлттық мәдениеті тарихында ерекше орын алады. Онда халықтың дүниетанымы, талғамы, көркемдік және материалдық құндылықтарының деңгейі көрінеді. Көрмеде шеберлер түрлі зергерлік бұйымдардың жасалуы жайлы оқушылардың сауалдарына жауап берді. Ал мұражай директоры Дәулет Шоқпаров өткен жылдан бастап аймақ көлемінде ұлтымыздың қолөнерін ұлық-тайтын жаңа жобалардың қолға алынатынын жеткізді.

–  Өткен  жылы  облысымызда республикалық қолөнерші-лер көрмесі өтіп, көптің қызығушылығын  туғызды. Ал биыл елімізде V дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осы ауқымды шаралардың барлығы еліміздегі қолөнер саласын тың белеске көтереді деп сенемін, – дейді  Дәулет Дәркембайұлы.

Зергерлердің сөзінше, сүйек пен ағаш ою, тері және қыш өнері секілді басқа да қолөнер бұйымдарынан гөрі алтын, күміс, қоладан жасалған заттарды ұзақ уақыт сақтауға болады. Сол себепті де біздер ерте заманнан бүгінге жеткен жақұт жәдігерлерге куә болып отырмыз. Зергерлік – атадан балаға немесе ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын тылсым сыры бар, халықтың дәстүрлі дүниетанымымен, тарихи болмыс-бітімімен, салт-дәстүрімен байып отыратын қастерлі кәсіп.

– Ата-бабаларымыздың зергерлік бұйымдар мен әше-кейлерді қадірлеуі – үлкен дәстүр. Бүгінгі ұрпақ сол дәстүрді әрі қарай сабақтастырып, жал-ғастыруы тиіс. Бүгінгі көрмеде қойылған күмістен жасалған кісе белдік пен шолпының қол-данылуының тәрбиесі қандай терең. Ал, жүзіктердің өзі түр-түрге бөлініп, құдағи атанған ананы немесе құда түсіп, атастырылған қыздың қолына қарап, әшекейлерінен аңғара білген. Аталған құндылықтарды жоймай, қайта жаңғыртуымыз керек. Бүгінде жас ұрпақтың қазақтың  зергерлік өнеріне деген қызығушылығы артып келеді. Тіпті біздің  колледжіміз-ге  шетелден келіп білім алатындар да аз емес. Зергерлік өнерді  зердеге тоқимын деген жастарға қашан да есігіміз ашық, –  дейді О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қол-данбалы өнер колледжінің  ұс-тазы Сейтмахан Оразалиев.

Аманқұл Исақов та өз кезегінде:

– Біздің бабаларымыз таби-ғаттың тылсым сырларын жете білген. Ғылымнан әсте кенде қалмаған. Сөзіміздің үлкен дәлелі – қазаққа тән зергерлік өнер. Бір ғана қазақ үйімізде қаншама озық ойлы, философиялық мән-мағынаға толы қолөнер туындылары жатыр. Бағзы заманда екінің бірінің бойында ұсталық қабілет болған деседі. Ал бүгінде бір ауылдан бір шебер таппайтын олқылығымызды түзеу қажет – дей келе қазақ қолөнерінің алыбы, өзінің ұстазы болған ұста Дәркембай Шоқпарұлының тек-ті өнерді тірілткен ұшан-теңіз еңбектеріне кеңінен тоқталып, мұражай ұжымына ақ тілегін арнады.

Шара соңында ұста Дәр-кембай Шоқпарұлының дарынды шәкірті Сайлау Ботабеков бастаған үздік зергерлерге арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

«Зердің жайын зергер білер, аңның жайын мерген білер» дегендей, қазақы ұлттық қолөнердің дәстүрлері уақыт ағысымен қайта жаңғырып, арадағы сабақтастықтың алтын арқауы үзілмесе екен деген тілектеміз.             

 

Ринат НАРХАНОВ.

«Адамға ең бірінші білім емес тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы». Иә, әлемнің екінші ұстазы әл-Фарабидің нақыл сөзі қай заманда болмасын өзектілігін жоғалтпақ емес. Сондықтан баланың бойына тәрбие мен білімді қатар сіңіріп, жастайынан еңбекке баулу аса маңызды. Өткен аптада осы мақсатта Есік қаласындағы Райымбек батыр атындағы орта мектеп базасында «Білім беру мекемелері жанынан органикалық тыңайтқыштарды өңдеуде оқу-тәжірибелік алаңдар ашудың педагогикалық мүмкіндіктері» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға Алматы облысы білім басқармасының, аудан әкімдігінің, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессорлары, педагогика және ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаттары, Ұлттық құндылықтар академиясының академиктері, «Qazaverm» тұтынушылар кооперативі мен «QazAGO» ЖШС оқу орталығының өкілдері, білім мекемелерінің басшылары, кәсіпкерлер, ғалымдар мен ұстаздар қатысты. Жиынды Райымбек батыр атындағы орта мектептің директоры Салтанат Турикбаева жүргізді.

Конференцияны «Жас дарын» Алматы облыстық дарынды балалар мен талантты жас-тарды анықтау және қолдау ғылыми-практикалық орталығының «Педагогикалық шеберлік» бөлімінің басшысы Қымбат Сулейменова ашып, айтулы шараның өзектілігін атап көрсетіп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

 «Мектеп жанынан биогумус өндіруде оқу-тәжірибелік алаң ашудың болашағы» тақырыбында баяндама жасаған педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Бауыржан Сайдахметов ұлттық тәрбие жөнінде сөз қозғады.

– Бүгінгі таңда біздің алдымызда тұрған үлкен міндет – ұлт болмысының қағидаттарын орнықтыру, ұлт сапасын арттыруға атсалысу. Ол үшін балаларымызды ерте жастан еңбекке араластыруымыз қажет. Қазіргі уақытта оқушылар мектепте тек білім алуы керек деген қағидамен өмір сүріп жатырмыз. Ал оларды еңбек етуге үйрету тасада қалды. Жасыратыны жоқ, балаларымыз өздері отырған орындықтарын көтермейді. Оны істейтін мектепте техникалық қызметкерлер бар. Ал білім ордасынан тыс қоғамдық жұмыстар туралы мүлдем сөз қозғамай-ақ қояйық. Біз – аграрлы елміз. Еңбек – жетістікке жетудің басты алғышарты. Сондықтан, білім, тәрбие және еңбекті ұштастыра білуіміз қажет – дейді Бауыржан Сайдахметов. Сонымен қатар, органикалық тыңайтқыштардың артықшылықтарына тоқталып, елімізді табиғи таза өнімнің Отанына айналдыру үшін қазіргі жастарға органикалық тыңайтқыштардың қыр-сырын үйрету керектігін айтты.

Қоғам және ғылым қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық құндылықтар Академиясы-ның академигі Қажымұқан Арынов әлемдегі биогумус индустриясының дамуына тоқталды.

– Әлем елдері химиялық қоспасыз, табиғи таза өнімдерді тұтынғанды құп көреді. Бұл өз кезегінде органикалық тыңайтқыштарға деген сұраныстың артуына жол ашады. Еуропа елдері органикалық тыңайтқыштарды мемле-кеттік деңгейде өндіруді тоқтатып, оны өндіру үшін жекелеген кәсіпкерлерге жағдай жасауда. Тіпті, азаматтар өз ауласында тыңайтқыш жасап, саудалай алады. Біз де осындай мүмкіндіктерге жол ашуымыз қажет. Ол үшін бүгінгі жастарды алдымен еңбекке баулу қажет. Өркениетті елдерде балаларды білім мен еңбекке қатар баулиды. Бір ғана мысал, менің Францияда тұратын немерелерім оқудан тыс уақытта ешкі фермасына барып жұмыс жасайды. Оларға Сексеката тұқымын қалай баптау керектігін үйретіп, жем-шөбін әзірлетіп, қора тазалатады. Бұдан жаман болып жатқан француздарды көрмедім – дейді профессор.

Конференция барысында Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Мұхит Бекбауов «Бактериалды тыңайтқыштарды пайдаланудың болашағы» тақырыбында, педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Мұхамедрахим Құрсабаев «Биогумус индустриясын дамытудағы Business-Model технологиялары туралы ақпарат» тақырыбында, «Қазақстан Республикасысы Ұлттық кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандары қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Қазыбек Шайх «Ауыл балаларының soft skills дамуы» тақырыбында, «QazAGO» ЖШС оқу орталығының директоры Гүлзира Асамұратова «Органикалық қалдықтарды өңдеу арқылы вермикомпост өндіру оқыту курсын ұйымдастыру технологиясы» тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар, «Ecobook» экология-лық жобасы аясында биогумус өндіру арқылы оқушыларды кәсіптік білімге ерте жастан тәрбиелеу» тақырыбында баяндама жасаған О.Жандосов атын-дағы орта мектеп директоры  Айжан Джамешева мектеп оқушыларының жеткен жетістіктеріне тоқталды. Сабақтан тыс уақытта органикалық тыңайтқыш өндірумен айналысатын оқушылар бүгінде жобаларын сәтті жүзеге асыруда. Сондай-ақ, конференцияға қатысу-шылар балалардың бастамаларына қолдау білдіріп, мамандар көмек көрсететін болды. Жиын барасында Алмалы ауылындағы И.Шорманов атындағы орта мектеп оқушылары да тыңайтқыш өндірумен айланысатынын ұстаздары мақтанышпен жеткізді.

Жарыссөзге шыққан Абай атындағы ҚазҰПУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық құндылықтар академиясының академигі Берікжан Әлмұхамбетов балаларды ерте жастан еңбекке баулуды қолдайтынын жеткізіп, топыраққа тыңайтқыш, адамға тың айтқыш қажет екенін айтты. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ермек Жакеев, ардагер ұстаз, қоғам қайраткері. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы  Алматы облысы Аналар кеңесінің төрағасы, ҚР Білім беру ісінің үздігі Гүлнар Жошыбаева, Еңбекшіқазақ аудандық әдістемелік орталықтың бөлім басшысы Айжан Тортаева, «Qazverm» кооператив төрағасы Пернебек Тұлғанбаев осындай игі шаралардың оқушылар үшін берері мол екеніне тоқталып, конференцияда айтылған жобалар жүзеге асырылса деген ниетін білдірді.

Конференция соңында болашақтың тұтқасын ұстар жас буынға, яғни Райымбек батыр атындағы орта мектеп және О.Жандосов атындағы, И.Шорманов атындағы орта мектептердегі экоклубтарға аймақтандырылған қызыл шылаушындар табысталды.

Пленарлық бөлімнен соң мектеп жанындағы биогумус өңдеу оқу-тәжірибелік алаңының ашылу рәсімі өтті. Райымбек батыр атындағы орта мектептің экоклуб мүшелеріне «Qaz-AGO» ЖШС оқу орталығы табыстаған аймақтандырылған қызыл шылаушындар арнайы әзірленген алаңқайға жі-беріліп, оларды күту мен көбейтуге қатысты нұсқаулық берілді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Тамыз кеңесіндегі сөзінде: «Еліміздің жастары өзін жеке тұлға ретінде дамытумен қатар мемлекеттің өркендеуіне зор үлес қосуы қажет. Бұл – қазіргі білім және тәрбие беру үдерісінің алдында тұрған маңызды міндет. Отандық білім саласы туған жеріңе, қоршаған ортаңа, өз тарихыңа құрметпен қарауға тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуі тиіс» – деген еді. Білім мекемелері жанынан жас ұрпақты ерте жастан еңбекке баулуда қаржылық сауаттылығын арттыру, экологиялық және экономикалық тәрбие беру арқылы органикалық тыңайтқыштарды өңдеуде оқу-тәжірибелік алаңдар ашудың педагогикалық мүмкіндіктерін айқындауды мақсат тұтқан республикалық ғылыми-практикалық конференция Президент сөзін пысықтады. Жиында балаға білім берумен қатар, оның бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, еңбекке баулу қажеттігі айтылды. Жиында талқыланған мәселелер мен ұсыныстар негізінде конференция қарары қабылданды.        

С.НҰРАДИН.

2023 жылы 170 жол-көлік оқиғасы орын алып, 219 адам зардап шекті, 62 адам қайтыс болды.


Осыған байланысты Алматы облысының прокуратурасы «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» жобасын жүзеге асыруда.
Бұл жобаның мақсаты - жол-көлік оқиғаларының алдын алу, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, балаларды жол қозғалысы ережелеріне үйрету, жол-көлік оқиғаларына ықпал ететін факторларды анықтау және жою.
Осы жоба аясында прокуратура, полиция, әкімдік және басқа да мүдделі тұлғалардан мобильді топ құрылды.
Осылайша, осы жобаны жүзеге асыру нәтижелеріне қол жеткізу үшін Алматы облысының прокуратурасы жол қозғалысы ережелерін сақтауды, сондай-ақ жобамызды жүзеге асыруға қосылуды сұрайды.
Ол үшін 8-747-678-83-00 нөміріне жол белгілерінің, жарықтандырудың, бағдаршамның жоқтығы, қарды уақтылы тазаламау, сапасыз құрылыс, автожолдарға қызмет көрсету және жөндеу, жолда малдың болуы және т.б. туралы фото және бейне материалдарды жіберу қажет,.

В 2023 году произошло 170 дорожно-транспортных происшествий, пострадало 219, погибло 62 человек.
В этой связи прокуратурой Алматинской области реализовывается проект «Безопастность дорожного движения».
Целью данного проекта является профилактика дорожно-транспортных происшествий, сохранение жизни и здоровья людей, обучение детей правилам дорожного движения, выявление и устранение факторов способствующих совершению дорожно-транспортных происшествий.
В рамках данного проекта была создана мобильная группа из числа сотрудников прокуратуры, полиции, акимата и других заинтересованных лиц.
Таким образом, для достижения результатов по реализации данного проекта прокуратура Алматинской области просит соблюдать правила дорожного движения, а также присоединиться к реализации нашего проекта.
Для этого нужно на номер 8-747-678-83-00 направлять фото и видео материалы об отсутствии дорожных знаков, освещений, светофоров, несвоевременной уборки снега, некачественного строительства, обслуживания и ремонта автодорог, нахождения скота на дороге.

Көктемнің алғашқы күні, яғни 1 наурыздан бастап елімізде бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді.

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

«ҚР аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап еліміздің барлық аймағында бірыңғай уақыт белдеуі болады. Осылайша, Қазақстан Республикасының барлық аумағында 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады. Үкімет қаулысында: «Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N1749 қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, «Астана, Алматы, қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Молтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қоюы керек» – делінген. Айта кетейік, бүгінгі таңда елімізде UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі қолданылады

Бейсенбі, 01 Ақпан 2024 15:40

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

ТОО «Редакция газеты «Еңбекшіқазақ» – собственник газеты  «Еңбекшіқазақ» (далее – Газета), а также сетевого издания mezet.kz (далее – Издание  mezet.kz) в соответствии с Конституционным Законом РК «О выборах в Республике Казахстан» и Постановлением, а также кандидатов в депутаты областного и  районного  маслихатов, кандидатов в акимы  районного, городского, сельских округов для участия  в выборах, публикует сообщение о размере оплаты, об условиях и порядке предоставления печатных площадей в Газете, а также в сетевом Издании  mezet.kz для размещения материалов предвыборной агитации.

 

Общие условия и порядок предоставления газетных

площадей Газетой, а также

Изданием  mezet.kz

 

Газета, а также сетевое Издание mezet.kz  предоставляют  печатные площади для размещения агитационных  печатных материалов.

Предоставление печатных площадей  Газеты, а также Издания  mezet.kz  осуществляется на основании договора, заключенного между собственником Газеты, а также Издания  mezet.kz и доверенным лицом политической партии, кандидата доверенного лица от одномандатного избирательного округа, а также кандидатов в депутаты мажилиса парламента РК, областного маслихата по одномандатным округам на предоставление печатной площади для размещения печатных агитационных материалов.

Форма договора и сопутствующих ему документов предоставляется при подаче письменного обращения.  Для заключения такого договора доверенное лицо политической партии, выдвинувшей партийные списки,  кандидата в депутаты в Мажилиса Парламенты РК, областного маслихата по одномандатному избирательному округу предоставляет собственнику Газеты,  а также Издания  mezet.kz  письменное обращение с указанием и предоставлением следующей информации:

1) копия документа, подтверждающего выдвижение партийного списка;

2) копия документа, подтверждающего полномочия уполномоченного представителя политической партии;

3) содержание письменного обращения с указанием планируемого объема занимаемой площади, вида агитационных материалов;

4) расшифровка текста агитационного материала на бумажном (с подписью  уполномоченного представителя  на каждом предоставленном листе) и электронном носителях;

5) копия удостоверения личности уполномоченного представителя политической партии,  подающего заявление кандидата в депутаты в Мажилис Парламента РК по одномандатному избирательному округу.

Письменные обращения принимаются  Газетой, а также Изданием  mezet.kz для кандидатов в Мажилис Парламента РК, областного маслихата а также для кандидатов в депутаты областного, районных  маслихатов, кандидатов в акимы городского, сельских округов, принимаются по адресу: Алматинская область, Енбекшиказахский район,  г.Есик,  ул.Алматинская, 112, второй этаж.

Кандидат в депутаты областного, районного маслихатов (доверенное лицо) предоставляет ТОО «Редакция газеты «Еңбекшіқазақ» письменное обращение с указанием следующей информации:

– Ф.И.О. кандидата (доверенного лица), подающего обращение;

– удостоверение личности кандидата (доверенного лица);

– удостоверение кандидата (доверенного лица), выданное уполномоченным органом;

– содержание письменного обращения с указанием планируемого объема печатной площади и времени ее предоставления, вида агитационных материалов;

– подпись кандидата (доверенного лица).

К письменному обращению   прилагаются:

– копия удостоверения кандидата;

– копия удостоверения личности кандидата (доверенного лица). 

Публикации должны содержать информацию об их    оплате, ответственных лицах за выпуск материалов, источниках финансирования, фамилию лица, предоставившего информацию.

Очередность  размещения печатных материалов устанавливается Газетой, а также Изданием  mezet.kz в порядке поступления письменных обращений. В случае одновременного поступления обращений от нескольких  политических партий в тот же день Газетой, а также Изданием  mezet.kz проводится жеребьевка. В жеребьевке участвуют  уполномоченные представители политических партий, оспаривающие очередность размещения печатных материалов, и представитель СМИ в качестве независимой стороны спора. Каждому уполномоченному лицу политической партии предлагается выбрать по одному запечатанному конверту, в котором находится  вложение с указанием даты размещения печатного материала. Количество конвертов равно  количеству участников спора. По окончании жеребьевки  участники спора и представитель СМИ подписывают протокол жеребьевки. Результаты жеребьевки (копия протокола) предоставляются в соответствующую избирательную комиссию.

 

Порядок  предоставления

 агитационных печатных

 материалов

 

Агитационные печатные материалы предоставляются  Газете, а также Изданию  mezet.kz в виде модулей  или статей не позже чем за 3 (три)  календарных дня до даты выхода Газеты, а также Издания  mezet.kz.

Газета, а также Издание  mezet.kz  вправе отказать в размещении агитационных печатных материалов в случае, если усмотрит в них провозглашение идей насильственного  изменения конституционного строя, нарушения целостности республики, подрыва безопасности государства, разжигания социальной, расовой, национальной, религиозной, сословной и родовой розни,  культ жестокости и насилия, а также создание не предусмотренных законодательством военизированных формирований и на иных основаниях,  предусмотренных законодательством.

Газета, а также Издание  mezet.kz вправе отказать в размещении агитационных печатных материалов в случае наличия в них информации, способной нанести ущерб чести, достоинству или деловой репутации политических партий, кандидатов.

Условия и порядок предоставления печатных площадей, указанные в настоящем сообщении, могут корректироваться  в соответствии с требованиями уполномоченных органов. 

 

Размер и порядок оплаты печатных площадей Газеты, а также Издания  mezet.kz

 

Стоимость печатных площадей для размещения  агитационных материалов составляет:

– 200 тенге за 1 кв. см размещения модуля на страницах с журналистскими публикациями; 

 – 200 тенге за 1 кв. см  размещения   статьи на страницах с журналистскими публикациями;

Для кандидатов в депутаты областного  маслихата  –  200 тенге за 1 кв. см.

Для кандидатов в депутаты районного  маслихата  –  200 тенге за 1 кв. см.

Для кандидатов в  акимы районного, городского, сельокругов – 200 тг. за 1 кв. см.

А так же за публикацию всех предвыборных, послевыборных официальных материалов – 200 тг. за 1 кв. см.  

Стоимость публикации в сетевом Издании mezet.kz – 50.000 тенге а так же за публикацию журналистского материала о кандидатах - 50.000 тенге. 

Оплата осуществляется на  основании счета, выставленного Газетой, а также Изданием  mezet.kz  в течение 3 (трех) банковских дней от даты выставления такого счета.  Оплата осуществляется на банковские реквизиты ТОО «Редакция газеты «Еңбекшіқазақ», указанные в соответствующем договоре о предоставлении печатных площадей Газеты, а также Издания  mezet.kz  либо в счете.

Бейсенбі, 01 Ақпан 2024 15:37

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Еңбекшіқазақ» газетінің (бұдан әрі газет) және mezet.kz желілік басылымының (интернет портал) меншік иесі «ТОО «Редакция газеты «Еңбекшіқазақ» Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа сайлауға қатысу үшін партиялық тізімдер ұсынған және тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлерді бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінде тіркелген Парламент Мәжілісіне үміткерлердің, облыстық, аудандық мәслихаттар депутаттығынан үміткерлердің аудандық, қалалық, ауылдық округтер әкімдігіне үміткерлердің сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін басылым және интернет портал алаңдарын беру шарттары мен тәртібі жөнінде, төлем мөлшері туралы хабарландырады.

 

Газеттің басылым

алаңдарын берудің жалпы шарттары мен тәртібі

 

Газет және интернет портал үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын береді. Газет пен интернет порталдан басылым алаңдарын беру газет пен интернет порталдың меншік иесі мен барлық деңгейдегі сайланбалы органдарға (немесе аудандық, қалалық, ауылдық округтерінің әкімдігіне) үміткерлер үгіттік баспа материалдарын орналастыруға ар-налған басылым алаңын беруге жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Келісімшарттың формасы мен тиісті құжаттар жазбаша өтініш тапсырылған кезде қоса беріледі.

Мұндай келісімшарт жасау үшін саяси партиялардың бірмандатты округте тіркелген үміткерлер сенімді өкілдері газет пен интернет порталдың меншік иесіне келесі ақпараттарды көрсете отырып, жазбаша өтінішпен шығады:

партиялық тізімді ұсынғанын дәлел-дейтін құжаттың көшірмесі;

саяси партияның уәкілетті өкілінің құзы-ретін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;

үгіттік материалдардың түрі, алатын алаңының жоспарланған көлемі көрсе-тілген жазбаша өтініш мазмұны;

қағаз (уәкілетті өкілдің көрсетілген әр парақтағы қойылған қолымен) және электронды тасымалдаушыдағы үгіттік материалдың мәтініне түсіндірме;

өтініш беруші саяси партияның, бір-мандаттық сайлау округінен депутаттыққа кандидаттың уәкілетті өкілінің жекебас куәлігінің көшірмесі.

Газет пен интернет порталға жазбаша өтініш осы ақпараттық хабарлама негізінде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112-үй, 2-қабат мекенжайы бойынша қабылданады.

Жарияланымдарда ақпаратты берген тұлғаның тегі, қаржыландыру көздері, материалды шығаруға жауапты тұлғалар, олардың төленуі туралы ақпараттар болуы тиіс. Облыстық, аудандық  мәслихаттар-дың депутаттығынан, қала, ауыл округтері әкімдігіне үміткерлер (сенімді өкілдері) газеттің меншік иесіне келесі ақпараттар көрсетілген жазбаша өтініш тапсырады: 1) өтініш беруші үміткердің (сенімді өкілдің) тегі, аты-жөні; 2) үміт-кердің (сенімді өкілдің) жекебас куәлігі; 3) уәкілетті органмен берілген үміт-керлік (сенімді өкілдік) куәлігі; 4) үгіт-насихаттық материалдардың түрі, оны жариялаудың уақыты мен баспа алаңының жоспарланған көлемі көрсетілген жазбаша өтініш мазмұны; 5) үміткердің (сенімді өкілдің) қолтаңбасы. Үміткер куәлігінің көшірмесі мен үміткердің (сенімді өкілдің) жекебас куәлігінің көшірмесі қоса беріледі. Баспалық материалдарды орналастырудың кезектілігін жазбаша өтініштердің келіп түсу реттілігіне байланысты газет пен интернет портал белгілейді. Бірнеше саяси партия атынан, бірмандаттық округ үміткерлерінен жазылған өтініштер бір мезетте түскен жағдайда газет пен интернет портал тарапынан дәл сол күні жеребе өткізіледі. Жеребеге баспалық материалдарды орналастыру кезектілігіне таласушы саяси партиялардың уәкілетті өкілдері мен таластың тәуелсіз тарабы ретінде БАҚ өкілі қатысады. Саяси партиялардың әрбір  уәкілетті өкіліне ішінде баспалық материалдарды орналастырудың мерзімі көрсетілген, мөрленген конвертті таңдау ұсынылады. Конверттер саны таласқа қатысушылардың санымен тең болады. Жеребе аяқталғаннан кейін таласқа қатысушылар мен БАҚ өкілі жеребе хаттамасына қолдарын қояды. Жеребе нәтижесі (хаттаманың көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына тапсырылады.

 

Үгіттік баспа материалдарын берудің тәртібі

 

Газетке үгіттік баспа материалдары газет жарық көретін датаға кемінде 3 (үш) күнтізбелік күн қалғанға дейін модульдер немесе мақалалар түрінде тапсырылуы тиіс. Ал интернет порталға үгіттік баспа материалдарын күнбе-күн тапсыруға болады. Газет пен интернет портал материалдарда конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық алауыздық тудыруға, сондай-ақ заңмен қарастырылмаған және заңмен қарастырылған, тағы басқа да негіздерде әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары көрініс берген жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Газет пен интернет портал саяси партиялардың абыройы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттар болған жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген басылым алаңдарын берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талабына сай түзетілуі мүмкін.

 

ГАЗЕТ ПЕН ИНТЕРНЕТ ПОРТАЛДЫҢ  БАСЫЛЫМ АЛАҢДАРЫН ТӨЛЕУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН МӨЛШЕРІ

 

Үгіттік материалдарды орналастыруға арналған басылым алаңдарының газеттегі бағасы:

– Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығынан үміткерлер үшін журналистік мақалалар жарияланған беттерге модуль орналас-тырудың 1 шаршы см. үшін 200 теңге;

– облыстық мәслихаттың депутаттығынан үміткерлер үшін журналистік мақалалар жарияланған беттерге модуль орналас-тырудың 1 шаршы см. үшін 200 теңге;

– аудандық, қалалық мәслихаттың депутаттығынан үміткерлер үшін журналистік мақалалар жарияланған беттерге модуль орналастырудың 1 шаршы см. үшін 200 теңге;

Аудандық, қалалық, ауылдық округтер әкімдігіне үміткерлер үшін – 200 теңге. Сонымен қатар барлық сайлауларға қатысты ресми жарияланымдар орналастыру бағасы шаршы сантиметрі үшін – 200 теңге.

mezet.kz желілік басылымында орналастырылған үгіттік модуль үшін 50000 теңге. Сонымен қатар, кандидаттар туралы жазылған журналистік материал үшін – 50000 тг.

Төлем серіктестік берген есепшот негізінде сол есепшот берілген күннен басталатын 3 (үш) банк күні ішінде жүргізі-леді. Төлем газеттің басылым алаңын беру жөніндегі тиісті келісімшартта немесе есепшотта көрсетілген серіктестің банктік реквизиттеріне төленеді.

Сайлау – демократиялық қоғамның негізі іспеттес, сондықтан елімізде жергілікті жұртшылықпен тікелей жұмыс жасайтын ауыл әкімдерін, үкіметтің жұмысын тезге салатын Мәжіліс, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын, Мемлекет басшысын халық сайлайды. «Жаңа Қазақстанға» бет бұрған мемлекетімізде алдағы уақытта барлық деңгейдегі әкімдер сайлауға түсіп, халықтың сеніміне ие болғандар өңірге басшы болып тағайындалады. Осы орайда, дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

Ержан Әмірденовпен аз-кем сұхбаттасқан едік.

– Ержан Әмірденұлы, алдымен дүниежүзілік сайлау күнін атап өтудің тарихына тоқталып өтсеңіз.

– Жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде бар-лық елдерде 2005 жылы Будапештте сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде қабылданған дүние-жүзілік сайлау күні аталып өтеді. Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту дәстүрі Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығымен басталған, ал Қазақстан Республикасы оның толық құқылы мүшесі болып табылады.

Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту арқылы қоғам санасында демократияландыру процесін жүйелеу, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы халықты хабардар ету және сайлаушылар арасында демократиялық құн-дылықтарға бейімділікті қалыптастыру қажет.

– Сайлау өткізудің негізгі ұстанымдары қандай?

– Сайлау халықтық егемендікті іске асырудың, қоғамдық пікірді қалыптастыру мен білдірудің, мемлекеттік тетіктің жұмыс істеуінің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі құралы болып табылады. Біздің еліміздегі сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруы арқылы жүзеге асырылады. Азаматтар сайлауда 18 жасқа толғаннан кейін, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан дауыс беруге қатысады. Негізгі сайлау құқығына жасырын дауыс беру арқылы тең, тікелей және жанама сайлау құқықтары, дауыс беру құпиясы кіреді.

– Аудан аумағына оралсақ, аумақтық сайлау комиссияларының құрамы жөнінде айтып өтсеңіз.

– Еңбекшіқазақ ауданында 1 аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жұмыс істейді, оның 7 мүшесі бар. 3 адам тұрақты жұмыс істейді. Сонымен қатар, 117 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс жасайды, оның 3-еуі жабық түрде жұмыс істейді. Олар уақытша ұстау изоляторында және Қаракемердегі 6654 әскери бөлімінде орналасқан. 28 округтік сайлау учаскесі және 3 облыстық округтік сайлау учаскесі бар. Жалпы аудан бойынша комиссия мүшелерінің саны 999 адам.

– Ауданда дауыс беруге құқылы қанша адам бар және сайлауға қатысу көрсеткіші қандай?

– Бүгінгі таңда Еңбекшіқазақ ауданында 183 931 сайлаушы тіркелген. Қатысу көрсеткіші жыл санап артып келеді, себебі, жыл өткен сайын аудан азаматтарының саяси көзқарасы қалыптасып, мемлекеттің ісіне белсене араласуда. Былтырғы 19 наурызда өткен Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға жо-ғарыда аталған дауыс беру-шілердің 59 пайызы қатысты.

– Аудан әкімдерін қашан сайлаймыз?

– Былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, пилоттық режимде еліміздегі бірқатар аудандарда әкім сайлауы өтті және өз жемісін берді. Алматы облысында Жамбыл және Балқаш аудандарының тұрғындары әкімдерін сайлады. Жалпылама аудан әкімдерін сайлау келер жылы, яғни 2025 жылы өтеді.

– Биыл қай округтерде әкім сайлауы өтеді?

– 3 наурызда Шелек және Түрген ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау өтеді. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, биыл Есік қаласының тұрғындары әкімдерін сайлайды.

– Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет.

 

Тілдескен С.НҰРАДИН.

 

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет