Бейсенбі, 01 Ақпан 2024 11:57

Қазақтың хас батыры – Ер Шағаман

Халқымызда «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Түбін білмеген түгін де білмейді» деген қанатты сөздер бар. Арғы ата-бабаларымыздың мүрделерінің мәңгі қайда мекен еткенін білу – соңында қалған ұрпақтарының борышы. Мейлі ол ақын, мейлі ол батыр болсын, тіпті қарапайым малын бағып, шаруасын жайлап өткен малшы болсын, аталарымыздың басына белгі қойып, тағзым етіп тұруға міндеттіміз.

Қазақ батыры қашан да қазақ жерінің қорғаушысы ғана емес, елдік пен рухтың жанашырлары да бола білген. Ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті. Ел тағдырын бәрінен биік қойған, ұлттың тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тари-хының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Яғни, олар ұлттық тұлға болған. Осы ұлттық тұлға тұғырына көтеріліп, аты аңызға айналған, тарихта есімдері қалған сан мыңдаған батырлар бар. Талай жаугершілікті бастан кешіп, ұшқан құстың қанаты талатын қазіргі кең байтақ өлкемізді, атамекен жерімізді ұлы жорықтарда батыр бабаларымыз білегінің күшімен, найзасының ұшымен қорғап, бізге аманаттап қалдырды. Осы еңбегі үшін халық биікке көтерген, ардақтап, аттарын аңызға айналдырған батырлардың ішінде, әсіресе, Шағаман батыр есімі айрықша жарқырап көрінеді. Шағаман батырдың ел тағдырындағы тарихи орны мен ол жасаған ерлік жорықтарының мәні мен маңызы да бірнеше ғасырлар бойында ел жадынан бір сәтке де ұмыт қалған емес.

Шағаман батыр 1704-1752 жылдар аралығында өмір сүрді. Албаннан тараған даңқты, ержүрек батыр. Қазақ шежіресі бойынша, Албан руы үлкен екі тармақ: Шыбыл мен Сарыға бөлінеді. Шыбыл өз кезегінде екі ата: Қызылбөрік (шын аты Бөтей), Қоңырбөрікке (шын аты Өтей) бөлінеді. Кызылбөріктің екі ұлы: Молболды және Жолболды. Мол-болдыдан Тотас пен Есен. Тотастан Торғай мен Байназар. Есеннің бес ұлы бар: Базаркелді, Қазымбет, Еламан, Құланаян, Марша. Еламанның бес ұлы бар Қонақбай, Шағаман, Сапы, Шоқай, Найманбай. Шағаманнан Бисары, Атымтай, Майрық, Арыстанбай ұлдары бар.

Шағаман атамыздың жатқан жерін білу мақсатында біздің іздеу жұмыста-рын жүргізуімізге де бірталай уақыт кетті деуге болады. 2005 жылы Төкен Ұзақұлы ағамыз Астанадан іссапардан келе жатқанда бір ауылдың тұсында «Шағаман» деп жазылып тұрған тақтайша белгіні көреді. Бұған қайран қалған ағамыз 3 шақырым жерде орналасқан ауылға ат басын бұрып, ауылдың көнекөз қарияларымен кезде-сіп, жөн сұрайды. Қариялардың айтуы бойынша Шағаман батыр осы өңірді Жоңғарлардан қорғаған. Сол кездегі ауыл әкімімен кездеседі. Қарағанды облысы Нұра ауданындағы Май ауы-лына 1991 жылы Шағаман батыр есімі қайтарылған. Совет үкіметі орнағанға дейін осы атпен аталған. Кейін больше-виктердің ұйғарымымен совхоз құрыл-ғанда 1 май атауы берілген екен. Бұл күн Төкен ағамыз үшін де, біз үшін де өте бақытты кезең болып, тарих қойнауына енді деуге болады.

Қарағандыдан оралған Төкен аға Шағаман батыр туралы деректерге сүйене отырып 2 жыл көлемінде про-фессорлармен, тарихтанушылармен бірге архивтерден алған деректерге сүйене отырып, Шағаман батыр орта жүзді азат ету кезінде қайтыс болғанын, сол өңірде жерленгенін дәлелдеді. Осы жағдайдан кейін 2005 жылы Төкен Ұзақов, Әлден Әбдірешов, Марат Қо-жамбаров, Оразбай Бекенов, Бөрібай Бекқожаев, Елубай Жанабеков бастаған 50-ге жуық батыр ұрпақтарымен бірге барып ас беріп, құран оқытып, батыр басына лайықты ескерткіш орнатып қайтқан болатын. Атамыздың зираты таудың жоғары жерінде орналасқан. Жан-жағындағы кішігірім төмпешіктер бұл жерде басқа да жауынгерлердің жерленгенін бай-қатқандай. Бір өкініштісі, олардың белгісіз болып, кейінгі ұрпақтарының аталарынан бейхабарлығы.

Араға 14 жыл салып, Елубай Джана-беков, Сағымбек Бекқожа бастаған ауылымыздағы батыр бабамыздың ұрпақтары 40 адам болып Шағаман батыр ауылына тағы жол тартты.

Жеті атасын білген ұл,

Жеті рудың қамын жер.

Өзін ғана білген ұл,

Құлағы мен жағын жер –

деген сөзді басшылыққа ала оты-рып, 2019 жылы атамыздың туғанына 315 жыл толу құрметіне орай, батыр бабамыздың басына барып, құран ба-ғыштауды өзіміздің парызымыз деп білдік.

Жергілікті ауыл тұрғындарымен қайта қауышып, дастархан басында кеңесу өте қызықты және мағыналы жағдайда өтті. Ауылға келген соң «Шағаман батыр» ұрпағының жетекшісі Елубай Джанабеков және Сағымбек Бекқожаның ұйымдастыруымен ау-данымыздағы ел ағалары мен ақсақал-дарынан бата алып, құран оқытылып, 1300 адамға ас беріліп, бәйге, көкпар және тағы басқа ұлттық ойындар өткізілді.

Зейнеткер Нұрлан Ердәулетұлы «EGEMEN QAZAQSTAN» газетінде жариялаған мақаласында батыр ту-ралы сөз қозғап, біраз мәліметпен бөлісті. Өзінің мақаласында Жоңғар қалмақтары қазақтан жаулап алған жерлерде коныстанып қалып отырған. Солар тұрған не өлген жерлер әлі күнге Тастақ, Қастек, Боралдай, Баянқол, Шамалған, Қаскелең атымен аталуда. Оларды басып алған жерден қуып шығу оңайға түскен жоқ. Тұтқындар ішіндегі қыздарға қазақ жігіттері үйленіп, қазақ-қалмақ құдандалы туыстық жолымен қатар өмір сүріп жатқан жерлер де болған. Сол қалмақтың бірі – Насыр-қалша. Ол қазіргі Шелек ауылы тұрған Қоянды деген жерде бекініс салып, сыртынан айналдыра терең ор қазып, оған су жіберіп, қорған жасаған. 6 мыңдай шерігі болған. Сол өңірдегі жергілікті қазақтардың албан, қаңлы, жаныс руларына Насырқалшаның тізесі әбден батады. Халықты сүліктей сорып, аяусыз қанап, салықтың түрін көбейтіп, малын, астығын күшпен тартып алып, ойына келгенін істеген. Көзіне көрінген жылқының тұлпарын, әйел біткеннің әдемісін тартып алып отырған. Қалмақтың қара бұжыры, қара күш иесі Насырқалшамен Шағаман Еламанұлы жекпе-жекке шығып, қазақ батыры бұжырдың басын кесіп алған. Жетекшісінен айырылған қалмақтар елден қашып, шығысқа кетуге мәжбүр болады. Шағаман батыр тұлғалы, ірі денелі, сөзге сараң, кеңпейіл болған. Кенже інісі Найманбайды жақсы көріп, бірге ертіп жүрген. Қалмақ батыры-ның басы салынған атдорбаны ауыл ақсақалдарының алдына әкеліп таста-ғанда үлкендер: «Айналайын, батыр Шағаман! Енді тілегінді айт» дегенде, Шағаман жақсы көретін інісі Найманбайға бата беруін сұрапты. Қазақ халқы бұрын батыры мен емшісін ханнан жоғары сыйлаған. Ауыл ақсақалдарынан ақ бата алған Найманбай ұрпағынан кейін атақты адамдар, бай, батыр да көп шыққан. Шағаман батыр жоңғар қалмақтарымен Орта жүз жерінде де соғыстарға қатысқан. Осы аймақта болған үлкен шайқаста батыр қаза болып, сүйегі сол өңірге жерленген екен. Қарағанды облысы Нұра ауда-нының тұрғыны қожа Исай Әкпар ақсақалдың Қарағанды облысы Нұра аудандық газетінде жарияланған 2020 жылы 1 ақпанда шыққан мақаласында Шағаман батыр туралы айтылған тарихи деректерге тоқталсақ, Шағаман ауылы кеңестік кезенде «1 май» атанған, ел тәуелсіздігінен кейін елді мекеннің атауы қайта жаңғырады деген болатын.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Май ауылына Шағаман батырдың атын беру туралы жиын өтіп, хаттама жазылып, құзырлы орын-дарға жіберілген болатын. Бұны ауыл тұрғындары да қызу қолдады. Май ауылының атауы батыр атамызға бері-ліп жатса нұр үстіне нұр болар еді.

Батыр бабамыздың білектің күші-мен, найзаның ұшымен қорғап қалған қасиетті, кең байтақ жер бізге, бүгінгі ұрпаққа мұра болып қалған басты игілік деп білуге міндеттіміз. Осы, қазақ батырларының қаны тамған киелі жеріміздің қойнауындағы бар байлығымыз тағы да осы батырла-рымыздың бізге аманат етіп тапсырған қазынасы. Батыр баба есімі ешқашан да ұмытылмайды.

Жоңғарлардың 1723 жылы ірі жең-ісінен кейін қазақ хандығының оңтүстік-шығыс өңірі жаудың игілігінде қалды. Есімі кейінгі ұрпаққа үлгі болар ержүрек сарбаздардың бірі – ұлы жүз Албан руынан шыққан Шағаман Еламанұлы. 1726-1727 жылдары Бұланты өзені бойында болған шайқастарға қатысқан. Жоңғарлар қазақты түпкілікті жеңу мақсатымен 1739-1741 жылдары Орта жүз қоныстарына қарсы жойқын жорық ұйымдастырған. Қазақтың қарсыласу күшінің неғұрлым шоғырланған жері орта жүз екенін біле отырып, сол қамалды бұзуды ойлаған. Бірақ мақсатына жете алмай кейін шегінуге мәжбүр болды. Ұлы жүзден шегінген қосындармен кіші жүзден көмекке келген қандас қазақ бауырлармен орта жүз қосындары 1745 жылдары Шортанды мен Түмен арасындағы, Аманқарағай мен Үшбұ-лақ жерін 1745 жылы жаздың бас кезінде басқыншылардан толық азат етті. Орта жүзде болған бір шайқаста Шағаман батыр ауыр жараланып, қазіргі Қарағанды облысы Нұра ауданындағы Нұра өзенінің оң жағында жерленген. Жерленген жері Шағаман мекені аталып кетті. Ресей империясының картасында: «Шағаман: кісі атымен аталған топоним. Уезд орталығынан 90 км. Ақмоладан Шағаман қыстау иесі – Жолдасбек Ерсары, су көзі – Нұра өзені» деп жазылған. Бұл деректер мұрағаттан алынған (МКЗП-Том 3 Акмолинский уезд час 1 СПБ 1907 жыл). Шағаман елді мекенінде Сыртамбек Бәжіұлының, Жанай Мүсірепұлының, Кұтжан Ашықпайұлының, Исабек Жауарұлынын ұрпақтары сол жерді, яғни, қыстауларға ие болған Құлымбет руының ұрпақтары. 1958 жылдары өз замандасым Ора Бикенұлы үлкен ата-сы Қожахмет бабасы Жарқынбектен естігені: «Шағаман – қазақ батыры, осы маңайда қазақ-қалмақ соғысы кезінде мерт болып, ауыр жарадан көз жұмғанын аталарымыз айтып отыратын» – деген.

Шағаман жерленген жерін 1987-1988 жылдары көрсеткен. Кеңес үкіметі орнаған жылдары 1935 жылдан 1945 жылға дейін Шағаман ауыл кеңесі аталған. 42 жылдан кейін автобус аял-дамасында Шағаман елді мекені деген жазулар пайда болды. 1986 жылы ұлттың рухани оянуы әсер етті ме, қазақ кұлдықта жүргенін түсіне бастады. Шағаман есімі әкеден балаға ауыса келе, батыр есімі ел есінде мәңгі қалды.

Райымберді – Төлеміс – Орынбай – Бәжі – Жарқынбек Бекен Шора. Шора ақсақал бабаларының аманатын орындап, жерленген жерін нақты көрсеткен. Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран. Еліміздің ұлттық идеологиясына айналдыруға болатын керемет тарих. Қазақ халқы ел басына күн туғанда бірігіп, ел ішінен шыққан батырлар, қолбасшылар қиын кезеңде ел азаттығы үшін күрес ұйымдастыра білген.

Тарих тек қана өткеннен тұратынын ескерсек, онда қазақ халқының тарихын тану үшін, ұлттының этникалық тұтас-тығын білу үшін ру шежіресін терең зерттеп білмей, ой түйіндеу мүмкін емес. 1958 жылдан бері Шағаман тарихына қатысты талай қариялардан естіп-білгенімді және қаншама шежірелерді оқып, Шағаман қазақ батыры екеніне дәлелдер тауып, осы мақаланы 60 жылдан кейін жазып отырмын. Әзірше әрісі шежіре бойынша, берісі қазақ ұлтының төл тарихының шешімін күте-тін мәселелер шаш етектен. Менің ниетім осынау ой орамына тап болып, өзінің тарихы мен ата тегінің тарихымен табысқысы келген ағайынға жөн сілтеп жіберу.

 

Шағаман елінің құпиясы

 

Ресей империясының үстемдігі орнықпай тұрған кезде Шағаманға қара шекпенділер қаптап келіп, Нұра өңіріне қазақтың жерін, өзен-көлдерін иеленіп жатқан кезде Савельевка кеңестік кезең тұсында «1 май» ауылы аталды. Және де  1935 жылы Шаға-ман ауылдық кеңесі құрылып, оған Савельевка, Қызыл жұлдыз, Шойынкөл учаскесі қарады. 1952 жылы Шағаман ауылдық кеңесі таратылып, 1 май, Қызыл жұлдыз колхоздары Киевка ауылдық кеңесінің құрамына берілді.Шағаман елді мекенінің аталмағанына 39 жыл өткеннен кейін тәуелсіздік алған жылдары бұрынғы тарихи төл атымен Шағаман ауылы аталды. Аудан, ауылдардың автобус аялдамаларына қазақша сол ауылдардың төл қазақи аттарын Шағаман, Қарамойыл, Көбетей, Ахмет ауылдары деп жазып жүрген екен. Қаншама басшылардан сөгіс естісе де өзен, су аттарын жазуды тоқтатпаған, себебі ұлтыма, жұртыма қызмет еттім деп түсінген.

Нұра өңірінде бір тылсым күш, құдіреті бар жердің бірі – Шағаман елді мекені. Шағаман тауының күнбатыс етегіндегі мұсылман қорымдары болған екен,сол бейіттерде жанған шырақтарды көргендер бар екен.1958 жылы Шағаман тауының күнбатыс жағынан, яғни  қорымдар тұсынан жол салу мекемесі карьер ашып, тауды қопара бастаған екен. Бірақ сол күнбатыс жақтағы жартасты бұза алмай, кісі өлімі болып, карьерді Шағаман тауының күншығыс жағына көшіріп, сол жағынан тас алына бастады. Сол жылдары жанатын шырақ сөнген, бірақ та бір тылсым күш аруақтардың мазасын алып, осы маңды қазып, бейберекет қылып, молалардың қасынан тас таситын жол салудан құтқарды.

Шырақ туралы ауданда тұратын және Байтуған мен 1 май ауданының ақсақалдарынан сұрағанда, ол жерде осы өңірдегі Мекке-Мәдинаға барған қажылар жерленген деседі. Және де 2002 жылы 10 шілде күні Мәкеш  Төлеу-байқызы марқұмды жерлеу кезінде Жанболат пен Спандиярдың анасының қорымдағы теректердің үстінде «Алла» деген жазу пайда болған екен. Бұл жазуды бірінші көрген Мәйкен деген азаматша. Аппақ бұлтпен жазылған жазу Шағаман тауына қарай барып ыдырай бастаған. Алланың бар екенін танытатын, шүбәсіз айқын белгіге куә болдық. Адамның көзі  қайда түспесін ұлы сананың бар екеніне дәлел табады, жанды және жансыз нәрселер табиғатта үйлесіммен жаратылған.Нұра өңірінде сол жылдары тауықтың жұмыртқасында, қозылардың бүйірінде  «Алла» деген жазулар пайда болды.Кешегі құдайсыз қоғамнан коммунистік идеологиядан бас тартып, дін исламға бет бұра бастаған кезеңде бір Алладан келген ғажап белгі екені шынайы шындық. Шағаман тауының етегінде бейттердің үстінде «Алла» деген жазу-ды оқуыма менің арабша хат танып, парыз амалдарымды орындағандықтан деген сезім пайда болды. Осы күндері  Жанболат бауырымыздың үйіндегі видеотаспада «Алла» деген жазуын түсіріп алған сәт сақтаулы. Ақыл-парасатпен санасына ой тастаған адам өзін құдіретті Алла Тағала жаратқанын аңғарады. Жаратқан Алланың белгілері шексіз. Осылайша Шағаман тауындағы сол мекеннің құдіретті,киелі жер екеніне тағыда куә болдық. Ислам дегеніміз–ғылымның бастау бұлағы. Сенім-білім болғанда ғана бекитін белгі. Ғылымсыз, ілімсіз адамда қандай сенім болсын?

Астанадан келіп, Шағаман тауында карьер ашып, құрылысқа және жол бойында ұсақталған тас дайындауға 10 адамнан жасақталған бір бригада және техникалар құрылған екен. Бірақ жұмыс жүрмей, біресе трактор сынып, біресе су жаңа транспортер ленталары үзіліпті. Осылайша молдаға барып кеңес алған екен. Сонда молда «Шағаман тауы – киелі жер, әуелі таудың етегіндегі қорымға барып аруақтарға дұға бағыш-тап, құран оқып,садаққа беріп, Аллаға сыйынып, иманмен еңбектеріңді бас-таңдар. Өзім барып, сіздермен бірге қол жайып, дұға қылып қайтамын» – деген екен. Жұмысшылар риза болып, ауданға келгенде мешітке бас сұғып, құран оқытып жүріпті. 1989 жылы автобус аялдамасына «Шағаман» деп жазып жүрген екен. Себебі арғы аталары-мыздың қай жылдары екені белгісіз «Шағаман» тауы деп бекер атамаған деседі, ешқандай қалмаққа жер есімін қазақ қоймайды. «Біздің тарих – бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа, бірақ» деген екен Қадір Мырза Әли.Бірнеше ғасыр бойы өздері туралы өзгелердің жазғанынан біліп,өзін өзге-лердің көзімен таныған халықтың ба-сындағы қасіреті.

Шағаман ауылының тұрғыны, ар-ғын руының Құлымбет тармағынан тарайтын Шара Бекенова: «Біздің бала кездерімізде әкелеріміз оның ұлы жүздің үйсін руынан екенін айтып отыратын. Алматы облысындағы Шағаман батырдың ұрпақтары орта жүзде болған қалмақтармен шайқаста батырдың қаза болғанын біледі. Бірақ қай жерде жерленгені белгісіз еді. Міне, 1989 жылдары Киевкадан Астанаға дейін ауылдардың барлық автобус аялдамасына жер-су атауларын қазақ-ша жазғанымның арқасында Шаға-ман батырдың ұрпақтарына қай жерде жерленгені мәлім болды. Жырақта жатқан батыр бабасының басына белгі орнатты. Қазақ батыры қай өңірде болса да, ұлтымызға ортақ. Шағаман батырдың есімін неше ғасырдан бері ұмытпай қастерлеп, құрметтеп өткен неше ұрпақ бұл фәни дүниеден өтті. Сол бабалардың ерлігі мен бауыр-малдығы арқылы көшпелі қазақ ұрпақ-тан-ұрпаққа ауызша айтып, сақтап отырған. Шежіре тарихы Кеңес үкіметі кезіндегі мемлекеттік идеология бір-неше ұрпақ бойы халықтың діни түсі-ніктерін, көзқарастарын тұмшалап, санасын өз қалауынша өзгертіп жойып жіберді. Шариғатқа шалалық, исламға селқостық ұлтты рухани жағынан тоқырауға ұшырауына да белгілі бір дәрежеде себеп болғанын білеміз.Бірақ та Шағаман атты елді мекен табиғаттан тыс тылсым жайттарды, физиканың заңдарымен түсіндіруге келмейтін таң-ғажайып сырларды азды-көпті жария етті. Әлемнің түпкір-түпкірінен жеткен тылсым құбылыстарды жоққа шығару мүмкін емес. Таңғажайып сырлар әркім-нің басынан өткен болуы мүмкін».

 

Шағаман елді мекені ер есімі

 

1723 жылы «Ақтабан шұбырынды» деп аталатын қазақ еліне қалмақтардың жойқын шапқыншылығына ұшыраға-нына үш ғасыр, яғни, үш жүз жыл өткеніне орай орта жүз Нұра бойында қаза тапқан ұлы жүз Албан-Қызылбөрік руының сардары Шағаман батыр жер-ленген Сарыарқа Нұра бойындағы Шағаман деп аталатын елді мекенге келіп, құран оқытуға Шағаман батыр-дың және інісі Найманбайдың ұрпақ-тары келді. Аудан мешітінде құран ба-ғыштап, садақаларын берді.

Нұра өңірінің тарихын толықтырып ашатын беттері, құндылықтары әлі баршылық. Соның бірі – Шағаман елді мекенінің аталуы. Шу бойынан келген аталы Құлымбеттің, Қарауыл руын ығыстырып, олардың Көкшетауға көшіп кеткені туралы мұрағаттардан, сақталған құжаттардан белгілі. 1840 жылдары жүргізілген санақ және картаграфия жер, су, өзен, тау бұлақтарды түсіргенде «Шағаман» елді мекені кісінің есімі деп құжаттарда жазылған, бірақ еш жерде оның тайпасы, руы жазылмаған.Райымберді ұрпақтары қыстауларының иесінің руы және есімі жазылған.

Шағаман қыстау иесі: Жолдасбек Ерсарұлы руы Райымберді деп құ-жатта көрсетілген. «Шағаман кісі есімі деп жазылса, Көбетей кісі есімі емес тастардың жиындысы немесе дулыға деген сөз» деп мұрағатта анық жазылған. Тағы да айта кетсек, Шағаман елді мекенінің тарихына қызығушылықтың себебі былай болды. 1987 жылы күз айларында Шора құрдасым екеуіміз тауға шығып, сол жерде Шора Бекенұлы әкесінің айтуымен Шағаман батыр жерленген жерді көрсетті. Шораның әкесі Бекенге ұлы атасы Жарқынбек, оған әкесі Бәпи, оған Орынбай баласы аманат қылып кеткен Ұлжанды көзі ашық, ата тегін тарата білетін, қазақ халқының тарихын, данышпан атала-рынан естіген әңгімелерді жадына сақ-таған Шора замандасым дүниеден өтті.

1980  жылдан  бері  Нұра ауданында орналасқан «Тас  жолдарын  пайдалану және  жөндеу 227-ші мекемесінде» жүргізуші  болып  жұмыс  істегендіктен, елді мекендердің аттарын, ара қашықтық, шақырым белгілерн қою, Ивановка, Киевка, Черниговка, Ақмола облысының шекарасына дейін жолды жөндеу – біздің міндетіміз болды.1987 жылдан бастап Қарағанды – Целиноград–Ақмола бағытындағы ауылдардың  автобус аялдамаларында бұрынғы қазақша атаулары Сыйық, Шағаман, Қарамойыл, Көбетей, Ахмет ауылы  деген жазулар  пайда болды. Мекеме басшыларына «Остановка Кирпичная», «Больничная», «Береговая» тағы да басқа есімдермен хабарлап жатады деп әуеліде басшыларды көндіріп едім. Менің негізгі мақсатым – елдің қазақша атауын ұмытпай, басқа ұлт өкілдеріне бұл қазақ жері екенін ұғындыру. 1954 жылы Шағаман елді мекені картадан өшірілген. 1987 жылы қайтадан ауыл атауы аялдамада пайда болды. Аялдамадағы ауылдың атауын көрсететін жазу Шағаман ұрпақтарымен қауышуға бірден бір  себеп болғанына сенімдімін. Аялдамаға «Шағаман» деп жазғаным үшін «сокращение штатов» деген пәлеге ілініп, үш ай жұмыссыз жүрдім,сотқа беріп, қайта өз қызметіме кіріскен кездер де болған. Егемендік алған, яғни 1991 жылдан кейін Қарағанды облысы Нұра ауданында Шағаман деген елді мекеннің барын естіген қуанышты хабар бүкіл Жетісу бойына, Ұлы жүз Үйсіннен тараған Албан-Қызылбөрік еліне жетті. 2005 жылы Шағаман Еламанұлынан тараған ұрпақтар Шағаман ауылына келіп, бабаларының басына үлкен тастан биік-тігі 5 метр ескерткіш құлпытас орнатты.

Ел басына күн туғанда Алаштың баласы осылай тізе қоспаса мына қазақтың қазір ие болып отырған өлке ұрпаққа мұра болып қалар ма еді? Бабалардың ірілігі, намысшылдығы, бауырмалдылығы бүгінгі ұрпаққа үлгі болуы тиіс. Ел қорғау жолында туған жерден шалғай барып, мәңгілік қонысын тапқан баба басына 2019 жылы шілденің 14 күні Жетісудан баба ұрпақтары келіп, бата қылып, Шағаман ауылының тұрғындарымен қауышып, батырды еске алып қайтты. Шағаман батырдың аталарының қыстаулары Алматы Об-лысы Шелек өзенінің жоғары ағысы, Далашық,Биесимас, Айдасу, Қараарша, Қызылмойнақ деген жерлерін қоныс еткен. Бұл жерлер Албан тайпасының Қызылбөрік руының иелігінде болған.Ер Шағаман батырдың тұлғалық руын білу үшін алдымен батыр өмір сүрген заманды,қазақ жерінде болған тарихи жағдайларға қанық болуымыз керек. Бұл заман халқымыз үшін елдіктен айырылу, мемлекеттіліктің құлдырау, орыс патшасының отаршылдық саяса-тының күнен-күнге өрлеу үстінде бол-ғанын, көрші екі мемлекеттің қазақ халқымен жоңғар қалмақтарының біріне-бірін айдап салып, қазақтың мемлекет нышанын да қалдырмау үшін жасалған қиын кезең еді.

2023 жылы 16 шілдеде «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қасіретті оқиғасының 300 жылдығына орай Шағаман бабаларының жатқан жеріне келген Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Шелек аулының тұрғыны, батыр ұрпағы Елубай Байқалықұлы есімін ғасырдан ғасырға жетізген Тоқа, Құлымбет ата-бабаларына жүрек-жарды рахметін жеткіздім. Тарих қат-парының қойнауынан жадына сақ-тап, бабалар аманатын орындаған ақсақалдың есімі Жетісу өлкесіне белгілі болатын. Шағаман ауылында құдайы дастархан басында қонақтарға Шағаман елді мекенінің тарихынан біраз мағұлмат айтылды. Жылдар өте келе аялдамаға жазылған есім қыр үстіне шығып, құлпытас ескерткішке айналғаны – өмірімнің қуанышты күн-дері әрі мақсатым.

Шағаман ұрпақтары Жіңішке, Табан, Сарытау,  Асы жайлауы, Қарабұлақ, Саты, Құрметіні мекендеген. 2023 жылы шілде айында Елубай Байқалықұлы бастаған Шағаман батыр ұрпақтары Қарағанды облысы Нұра ауданы Шағаман ауылына барып, Шағаман атаның басына құран оқытқызып, құдайы тамақ тарқатып қайтты. «Шағаман батыр – құрыштан құйғандай мығым денелі, қараторы, көз жанары өткір, қыр мұрынды, ерекше ширақ қимылды, өте жылдам кісі болған деседі. Шауып бара жатқан атқа қатарлай жүгіріп, қарғып мінеді екен. Қос қолдап, қос қылышпен жауын кезек-кезек тураған» – дегенді Төлеу ақсақал айтатын. Арасында мынадай өлең жолдарынан шабыттанатын:

Арғымақпен жарысқан,

Жалына қол сап жабысқан.

Жауыменен алысқан,

Ер Шағаман арыстан.

Жауы қашып, шулаған,

Оңды-солды тураған.

– Алла! – деп ұран сап,

Қылышы қында тұрмаған.

Қазақ халқы жоңғармен және қы-таймен соғысты. Басқа жаумен де жан беріп, жан алысты. Отанымызды жау басқыншыларынан сақтап қалған бабаларымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың өшпес ерлігіне бас иіп, тағзым етеміз!

Елубай ДЖАНАБЕКОВ,

Сағымбек БЕКҚОЖА.

 

Оқылды 1900 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Вспомним их поименно…

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет