Сәрсенбі, 02 Желтоқсан 2020 16:01

Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу

Тұрғын үйіңіздің кондоминиум құқығын тіркеу қажет пе? Олай болса, біздің парақшамыздың #oqy&toqy айдарына зер салыңыз.

Egov.kz арқылы

– Порталға кіріңіз
– Іздеу жолы арқылы «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу» қызметін табыңыз
– Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз
– Өтініш берушіні таңдаңыз
– Тұрғын үй туралы мәліметтерді толық толтырып шығыңыз
– Екінші қадамда портал жер учаскесі туралы мәліметтерді сұрайды, көрсетіңіз
– Қызмет үшін электронды шлюз арқылы төлем жасаңыз
– Төртінші қадамда өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет
– Өтініш электронды түрде тапсырылғанда сізге жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаты мен жер учаскесінің актісінің скан көшірмелер қажет болады. Сондай-ақ қызмет ақысын банк арқылы төлеген болсаңыз, төлем түбіртегінің де скан көшірмесін жүктейсіз.

ХҚО арқылы
– Алдымен кез келген ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз
– Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз
– Операторға қызмет ақысының төленгені туралы түбіртекті көрсетіп, тұрғын үйдің екі тұрғынынан өтініш қалдыру жеткілікті
– Ескерту, өтініш берушілердің немесе олардың заңды өкілінің жеке басын куәландыратын және өкілеттілігі туралы құжаттары мәліметтерді сәйкестендіру үшін ғана қажет. Сондай-ақ өтініш беруші тұрғындар меншік иелігі туралы ақпаратты да растаулары керек.

⏰Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 3 жұмыс күні
Қызмет құны - 2404,98 теңге.

Оқылды 767 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет