Дүйсенбі, 07 Желтоқсан 2020 10:33

Балалардың туу туралы куәліктерін беруге қатысты

Еңбекшіқазақ ауданы әкім аппаратының АХАТ бөлімі, Сіздерге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті балалардың туу туралы куәліктерін беруге қатысты 18.11.2020 жылғы №1-9-/5562-И хатына сәйкес, келесіні хабарлайды:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы Заңына сәйкес бала асырап алуды және әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу туралы баптарды алып тастағанын хабарлайды.

Бала асырап алу және әке болуды анықтау оқиғалары мен фактілері тиісті өзгерістер, толықтырулар енгізу арқылы тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасында көрсетеді.

Осылайша, жоғарыда аталған өтініштер келіп түскенде, тек туу туралы куәлік беріледі.

Сонымен қатар, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жаз-балардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 21 бұйрығына сәйкес, бала асырап алу және әке болуды анықтау акт жазбалары мен  куәліктердің нысандары алып тасталды.

Демек, аталған түрлер бойынша куәліктер қайта берілмейді. Растайтын құжат алу қажет болған жағдайда, бекітілген үлгіге сәйкес енгізілген өзгерістің негіздемесі көрсетілген  туу туралы анықтама беріледі.

Азаматтардың негізделген шағымдарын және әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында, тіркеуші органдар туу туралы анықтамаларды берген жағдайда, мұндай анықтамалардың туу туралы куәлікке тең екендігін және куәліктерге ақысыз айырбастау мүмкіндігі туралы ақпаратты назарларыңызға жеткізеді.          

Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарының назарына туу туралы, некеге отыру, некені бұзу,қайтыс болғандығы туралы куәлік алу және азаматтық хал атілеріне өзгеріс енгізу туралы мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы бере алатындығы туралы хабардар етеміз.

Байланыс тел.:7-21-10.

   Г.К.Кульжабаева,

АХАТ бөлімінің басшысы

Оқылды 764 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет