Жұма, 25 Желтоқсан 2020 21:02

«Ауыл — ел бесігі» жобасының іске асып жатыр

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру арқылы ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғырту міндетін қойған болатын. Жобаның негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту, оларды өңірлік стандартқа дейін жеткізу.

Жоба шеңберінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттердің шешімі табылатын болады. Осы ретте Еңбекшіқазақ ауданында да жоба іске асырылуда.  

1. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде Шелек ауылында ұзындығы 10 шақырым болатын, 15 көшені күрделі жөндеуге  938,4 млн.теңгеге  жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, сараптамадан өтті. Атап айтсақ, Д.Нурпеисова көшесі -1,2 шақырым; Молдагулова көшесі -1,2 шақырым; М.Маметова көшесі -1,2 шақырым; Достык көшесі-0,8 шақырым; Стадионная көшесі - 0,4 шақырым; П.Вихрев көшесі - 0,6 шақырым; С.Абишева көшесі -0,3 шақырым; Илийская көшесі-0,6 шақырым; Медицинская көшесі -0,6 шақырым; 6 көлденең көше – әрқайсысы 0,5 шақырым. Ағымдағы жылы жол жөндеу жұмыстарына  825,3 млн. теңге бөлінді.

Мердігер мекеме «Атырауинжстрой-АИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қаражат толық игеріліп, жұмыстары аяқталды.

2. «Ауыл Ел-бесігі»жобасы бойынша Шелек ауылындағы Х.Бижанов атындағы мектеп ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінді. Мердігер ұйым — «Многопрофильная компания «Достар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, келісім шарт сомасы — 423,7 млн. теңге.

Шелек ауылындағы Х.Бижанов атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

 

Аудандық Экономика және

бюджеттік  жоспарлау  бөлімі

Оқылды 836 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет