Жұма, 05 Ақпан 2021 11:17

Партия төрағасының алғысын алды

Партия төрағасының  алғысын алды mezet.kz

Еліміздегі ірі саяси науқан – мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы мәресіне жетті. Саяси додада «Nur Otan» партиясы айқын басымдықпен алға шығып, қазақстандықтардың сеніміне ие болды. Партияның еркін еліміздің ертеңін жарқын етуге жасаған жоспары ауқымды. Осы жоспарды бір ай бойы аудан жұртшылығы арасында насихаттап, жетекші партияның жеңіске жетуі үшін барын салған азаматтар жақында Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен шараға мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев қатысып, сайлауалды науқанға белсене атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

– Жетекші партияның сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыру, ауданның әлеуетін көтеру, азаматтарға қолайлы жағдай жасау және барлық саланы дамыту көзделген. Бұл жұмыстар бойын-ша нақты жоспар жасалып, азаматтарға таныстырылды. Ендігі кезекте өзіміз насихаттаған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының сәтті жүзеге асуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосып, еліміздің дамуы жолында қызмет етеміз – деді Бекет Төлегенұлы.

Жиын барысында Алматы облысының құрметті азаматы Елеусіз Сұлтанғазиев бастаған азаматтарға партия төрағасы Н.Назарбаевтың Алғыс хаттарын табыстады. Сайлауалды штаб мүшелері, волонтерлар, партияның сенімді өкілдері және белсенді азаматтар, жалпы 60-тан астам партия мүшелері Елбасының алғысын арқалады.

– Әлемдегі күрделі карантиндік жағдайға қарамастан науқанды абыроймен атқарып шықтық. Кандидаттар, волонтерлар, сенімді өкілдер мен штаб мүшелері партияның бағдарламасын насихаттап, артылған сенімге жауапкершілікпен қарады. Нәтижесін өзіміз көріп отырмыз. Бұл біз бен сіздердің жеңістеріңіз – деген Қуат Сұлтанұлы партияластарына ризашылығын білдірді.

Шара соңында ақсақалдар Елеусіз Сұлтанғазиев пен Тілеулес Ұзақов ақ батасын беріп, ел мүддесі үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға сәттілік тіледі.

С.НҰРАДИН.

Оқылды 1102 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет