Бейсенбі, 11 Ақпан 2021 09:32

Жүргізуші куәлігін көрсету міндетті емес

Ел аумағында жүргізуші куәлігінсіз жүруге рұқсат етілді. Бұдан былай жүргізушілер жеке басын куәландыратын құжаты, сондай-ақ автомобильге техпаспорт болған кезде Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін өзімен бірге алып жүруге міндетті емес. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Заңға қол қойды. Аталмыш заң БАҚ беттерінде ертесі күні жарияланғанымен 13 ақпанда, араға екі аптаға жуық уақыт салып өз күшіне енеді.

Басты құжаттағы негізгі нормаларға тоқталатын болсақ, "жол жүрісі туралы" Заңның 54-бабынан жүргізушілердің өзімен бірге алып жүру және полицияны тексеру үшін Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігі мен техпаспортты көрсету міндеті алып тасталды. Тиісінше, көрсетілген құжаттардың жоқтығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Айта кетерлігі, қабылданған түзетулер шетелдік мемлекеттік нөмірлері бар автомашиналарға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде жүргізуші куәлігін алған адамдарға қатысты емес. Ол кезде жүргізуші куәлігін және техпаспортты көрсету міндетті болып қалады.

Қаперде ұстайтын тағы бір жайт, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларының 85-тармағына сәйкес, тұруға ықтиярхаты бар шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының жүргізуші куәлігін ала алады.

«Жол қозғалысын қадағалау кезінде жүргізуші куәліктерін беруді және көлікті тіркеуді тексеру көрсетілген планшеттер арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта планшеттердің көмегімен жүргізуші куәліктерінің болуы және олардың мәртебесі, көлік құралы бойынша мәліметтерді білуге болады. Ол үшін жүргізушінің жеке басы - оның төлқұжат деректері немесе ЖСН қажет”, - дейді Алматы обласы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығы, полиция полковнигі Дәулет Молдаханов.

Планшетке автомобильдің мемлекеттік нөмірін енгізген кезде оның тіркелуі және меншік иесі туралы мәліметтер, маркасы мен моделі, техпаспорттың сериясы мен нөмірі, автомобильдің түсі мен штрих-коды автоматты түрде көрсетіледі. Бұдан басқа, өткен аптадан бастап планшеттерге автомобильдерді қайта жабдықтау туралы мәліметтер көрсетілетін айрықша белгілер шығарылған.

Енді полиция қызметкері планшет арқылы автомобильдің дизайнына кез-келген өзгерістердің заңдылығын тексере алады.

Сонымен қатар, планшет арқылы көлікті тексеру бойынша, техникалық тексерудің қолданылу мерзімі және берілген сақтандыру полисі туралы мәліметтер автоматты түрде көрсетіледі.

Егер сақтандыру полисінде тексерілетін жүргізуші болмаса, онда ол ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігі бойынша тартылады (айыппұл 10 АЕК, 29 170 а.ж.), ал автомобиль ӘҚБтК-нің 797-бабына сәйкес айыппұл тұрағына жабылады.

Алматы обласы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығы, полиция полковнигі Дәулет Ғазизұлы, неліктен сақтандыру полисінің болуына ерекше назар аудару керектігіне ерекше тоқталып өтті.

Оның айтуынша, техпаспортты өзімен бірге алып жүру міндеттемесінің жойылуымен сақтандыру полисінде жазбаның болуы іс жүзінде осы автомобильді басқарудың заңдылығын растаудың жалғыз тәсілі болып табылады.

КГУ «JETISÝ MEDIA» Алматы облыстық ақпараттық алаңы.

Оқылды 1139 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет