Бейсенбі, 11 Ақпан 2021 09:58

«Жастар ұйымдарының» жұмысы

Қазіргі заманғы жаңа дәуірде қоғам жаңарып, өзгеріске ұшырағанда, өмірдің барлық салаларына жаңа мақсат талап етіледі. Жастардың көзқарасы, әр жалындаған жүрек пен жігерлі санадан туындаған жаңа идеясы болашақтың басты инвестициясы болып табылады. Кемел келешектің құрыштай ірге тасын қалау үшін де жас буынның білігі қажет-ақ. Осы орайда Алматы облысында «Жастар ұйымдары» құрылу үстінде екенін атап өткен жөн.

Ұйымның әуелгі нысанаға алған бағыты - ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын қорғау, қоғамдық ортаға бейімдеу.

«Әуелі, балалар үйінің түлектерін құқықтық қорғауды қамтамасыз ететін заң жобаларын, кәсіптік орта және жоғары білім алуға ынталандыратын жобалар мен бағдарламалар әзірлейтін «Алматы облысының балалар үйінің түлектері» қауымдастығын ашамыз. Осы қауымдастықтың жұмысы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне заманауи оқыту бағдарламаларын әзірлеп, түлектерді – жас мамандарды лайықты жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз», - деді Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Елдар Сапаров.

Балалар үйінің түлектеріне дем беру мақсатындағы жұмыстардың бірі - «JAS QADAM» балалар үйлерінің түлектерін әлеуметтендіру және қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасы. Бұл бастаманы жүзеге асыруға 4 млн. теңге қаржы бөлінген. Аталған жоба аясында балалар үйінің түлектеріне мемлекеттік бағдарламалар бойынша әлеуметтік, құқытық кеңестер және т.б. қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар аталған жоба аясында балалар үйлерінің түлектері арасында жобалар конкурсын ұйымдастыру көзделген. Үздік деп танылған жобаларға ақшалай сыйлықтар табысталады.

Отанды сүю көзге көрінбейтін, бірақ асқан ыждахатталықты талап ететін кіші істерден басталады. Олардың қатарына экологиялық сипаттағы шаралар да кіреді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Мәселе экологияда емес – отаншылдықта, заңда емес – санада» деп атап айтқан болатын.

Міне, осы орайда өңіріміздегі ерікті жастар тобының бастауымен «Таза Жетісу» эковолонтерлер қозғалысы құрылып отыр. Аталған ұйымның жетекшісі - Жанерке Бексеитова.

Жастар экологиялық қозғалысының негізгі мақсаты - облыс төңірегінде әрбір елдімекендерде жанашыр жастар тобын құрып, жерімізді көгалдандыру мен тазалық жұмыстарын жүргізу. Облыстың түкпір-түкпірінде құрылған жастар тобының күшімен әр бағытта түрлі акцияларды ұйымдастыру да жоспарда бар», - деп атап өтті«Таза Жетісу» эковолонтерлер қозғалысының жетекшісі Жанерке Бейбітқызы.

Жастар ұйымдарының негізге алған бағыттардың ішінде «Киелі орта», «Эко-десант», «Тазалық тыңшысы», «Жеті өзен», «Таза қала», «Таза ауыл», «Эко-патруль» сынды бірқатар акцияларды облыс төңірегінде тұрақты жүзеге асыру көзделген.

Айта кету керек алдағы таңда түрлі салада көш бастап жүрген жастармен тығыз қарым-қатынас орнатып, белсенді жұмыс жүргізіп, отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Жас отбасылар» клубын, облыстық психологтар ассоциациясын және жас депутаттар лигасын құру жоспарлануда.

КГУ «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңы.

Оқылды 1055 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « "Jer Jannaty Jetisy" Доброта достойна уважения »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет