Сейсенбі, 23 Ақпан 2021 09:59

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СУДЬЯЛАРЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Алматы облыстық сотында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының, сондай-ақ Алматы облыстық соты судьяларының, аудандық, оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының және азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға бағытталған кеңейтілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу аясында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары судьяларды облыс аумағында қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларымен таныстырды. Сондай-ақ соңғы 3 жылда судьялардың қатысуымен республика бойынша сыбайлас жемқорлық істерінің статистикасын келтірді.
Жандос Жұмабаев: «Бүгінгі таңда судьялар корпусы арасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі туралы айтылғанда және жалпы сот жүйесінде жемқорлық фактілердің анықталғаны бұл өте қорқынышты құбылыс. Себебі сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық алғышарттарының болғаны өзі соттардың бейтараптылығы мен адалдығы қағидатын бұлдыратады, сот төрелігін тиімді әрі пәрменді іске асыру жолында кедергілер жасайды және ең бастысы, бүкіл сот төрелігі жүйесіне және тұтастай мемлекеттілікке деген абсолюттік сенімге нұқсан келтіреді. Сондықтан бүгін судьялар Заңның өкілдері бола отырып, мөлдір таза және мінсіз беделге ие болулары тиіс», –  деді.
Сонымен қатар, Жандос Жұмабаев бүгінде сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың туындауына жол бермеу бойынша белсенді алдын алу жұмыстары жүргізілуге тиіс екенін атап өтті. Профилактикалық жұмыс тек дәрістер мен семинарлармен ғана шектелмеуі тиіс, сонымен қатар судьялар арасында сыбайлас жемқорлықтың туындау себептерін анықтау бойынша жұмыс жүргізілуі тиіс, бұл талдау жұмысымен сүйемелденуі тиіс. Бұл үшін соттарда ішкі қауіпсіздік қызметтері бар, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзуға жол бермеуге бағытталған кешенді алдын алу іс-шараларын тұрақты негізде жүргізуі тиіс.
Сонымен қатар, азаматтық сектор өкілдері, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруды сыртқы талдау және бағалаудың арнайы мониторингтік тобының төрағасы Виктор Тен соңғы өзгерістер аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының кейбір аспектілерін түсіндірді. «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Аманжол Жазықбаев сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың проблемалық мәселелерін атап өтті.
Кездесу соңында облыстық сот төрағасының м.а. Досымбет Қалдарбек қатысушыларға Алматы облыстық сотында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратқа қол жеткізді.

Оқылды 1207 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « ОСТОРОЖНО ГАЗ! Семья обрела дом »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет