Жұма, 26 Ақпан 2021 16:39

«Парасат жолы» орталығы ашылды

«Парасат жолы» орталығы ашылды mezet.kz

 

Жақында аудандық кітапханада С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының  қолдауымен «Adaldyq alany» жобасы аясында «Парасат жолы» атты орталығының ашылу салтанаты өтті. Аталмыш жоба мемлекетіміздің әр аймағындағы кітапханаларды қамтыды.

Шараның қонақтары ретінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Асыл Байтулақов, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі Шаяхмет Құсайынұлы, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов, Есік қаласының әкімі Айдар Бошкулов және кітапхана ұжымы қатысты. «Adaldyq alany»  жобасының мақсаты – зиялы қауымның және дін өкілдерінің бірлесіп қоғамда тұтастық идеологиясын ілгерілету.

– Түрлі әдеби-танымдық кітаптар арқылы сыбайлас жемқорлықпен күресуге болады. Ол үшін иман, тазалық және парасаттылық сынды қасиеттерді жас оқырмандардың бойына сіңіріп, әртүрлі оқулықтарға баулу арқылы тәрбиелеу қажет. Жоба аясында зиялы қауым өкілдерін жиі шақырып, жастармен кездесу кештерін ұйымдастыру жоспарда бар, – дейді кітапхана басшысы Гүлнар Жұмашқызы.

Айта кетсек, «Adaldyq alany» жобасы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы департаменті мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы арасындағы өзара ынтымақтастық кездесуі аясында іске асуда.

 

Маржан АҒЫБАЙ,

М. Қозыбаев атындағы СҚУ

«Журналистика» кафедрасының 4-курс студенті

Оқылды 1306 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет