Бейсенбі, 14 Желтоқсан 2023 14:52

Батамен ел көгерер

Бата – халық қазынасы. «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деп қазақ халқы бекер айтпаса керек. Қарты бар үйдің шырағы еш сөнбейді. Бата айтылатын үйден ырыс-несібе, береке арылмақ емес. Салт-дәстүрлердің ішіндегі ең асылы, көңілдің сәнін келтіріп, өмірдің мәнін ұғындыратын рухани құндылығымыз ол – бата деп айтсақ еш қателеспейміз. Қазіргі таңда бата айту – қолданыстан шығып бара жатқаны жасырын емес.

Б.Майлин атындағы орта мектепте Рахат ауылдық округі әкімдігінің және ауылдық «Ақсақалдар кеңесінің» ұйымдастыруымен, аудандық ардагерлер кеңесінің жұмыс жоспары аясында  «Батамен ел көгерер» атты  тәрбиелік іс-шара өтті. Аталған  шараға аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Т.Ұзақов, Рахат ауылдық округінің әкімі Қ.Богусбаев, округ әкімінің орынбасары Д.Мұңалбаева, округ ақсақалдар кеңесінің төрағасы Б.Әшімов, аудандық маслихат депутаты Д.Хасенов, облыстық «Мерейлі отбасы» жобасының жеңімпазы А.Жұмаханов, мектеп директоры А.Мукаева, ұстаздар қауымы мен мектеп оқушылары қатысты.

Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Т.Ұзақов тағылымды шараның тәрбиелік маңы-зын сөз етіп, мұндай игі дәстүрдің жаңғыруына барынша қолдау білдіретіндігін жеткізді.

– Нәресте дүние есігін ашқанда оған бесік той жасалынады. Одан соң тілашар болады. Әрі қарай сүндет той жалғасын таба береді. Осы аталған тойлардың ішінде басты дүние – нәрестеге қарап айтылатын бата. Асқа бата дегеніміз – әр астың соңынан берілетін батаны айтамыз. Ұл ер жетіп, қыз бойжеткенде берілетін батаның да өзіндік ерешелігі бар. Соның ішінде келінге өсиет түрінде берілетін баталар да баршылық. Бата адамдарды лайықсыз істерден, теріс қылықтардан сақтандырып, жастарды ізгілікке әрі қайырымды істерге баулиды. Қандай да болсын бір іске кірісерде, дастарханнан дәм татуға отырғанда немесе жол жүріп, алыс сапарға аттанарда ата-бабаларынан, ақсақалдардан бата алатын болған. Бата шаңырақ көтеріп, жеке үй-жай болғандарға да беріледі. Қазақтар өздерінің балаларына атақты кісілерден, құрметті қонақтардан бата алып қалуға тырысқан. Ислам дінінің таралуына байланыс-ты бұл дәстүр бұрынғысынан да күшейе түсті. Қайтыс болған адамның үй-іші мен туған-туыстарына көңіл айту кезінде де бата беріледі, марқұмның өзіне де, артында қалған үрім-бұтағына да ізгі тілектер білдіріледі. Қазақта: «Өз ісінің шеберінен бата алса, соған тартып, батасын алған жас та шебер болады», – деген сенім бар, – дейді батагөй ақсақал А.Жұмаханов. Одан соң мектеп  оқушылары жаттаған батталарын айтып сынға түсті. Сонымен қоса, батаның мазмұны қазақ қоғамын-да алғыс пен қарғысты да, тілек пен дұғаны да, ризашылық пен ренішті де қамтитыны айтылды. Аталған рухани шарада өнер көрсеткендерге округ әкімі Қайсар  Богусбаев арнайы алғыс хат табыстады.

– Еліміздің тәуелсіздігін ны-ғайту, оның тұғырлылығы мен орнықты өркендеуін қамтама-сыз ету бағдарын қолға алған мемлекетіміздің мә­дени даму бағыттары ұлттық болмысымызды қайта жаңғырту мен түлетуді нақты нысанаға алған. Халқы-мыздың рухани-тарихи тамырла-рының кең аясынан әдет-ғұрып пен салт-дәстүріміздің негізі саналатын бата беру дәстүрі өз құндылығын ешқашан жоғалтпасы анық, – деді округ әкімі. Шара соңында мектеп директоры А.Мукаева ауыл ақсақалдарына қазақ дәстүрімен сый көрсетті.

                          

Е.АСЫЛ.

Оқылды 1485 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет