Сенбі, 04 Мамыр 2024 15:34

Балаларға базарлық

Ат басына күн туса,

Ауыздықпен су ішер.

Ер басына күн туса,

Етігімен су кешер.

Иә, апат айтып келмесі анық. Көктем мезгілінде еліміздің бірқатар аймағын су басып, халқымыз қиын жағдайда қалды.  Осындай кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды.  Осы орайда ауданымызда орналасқан «Тау-Жаңашар» сауықтыру лагеріне Қостанай облысынан 40 бала жіберілген еді.

Бірлік күні қарсаңында Қостанайлық бала-ларға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жиынға аудан әкімі Талғат Байеділов, аудандық маслихат төрағасы Бекет Ахметов, аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов, «Аманат» партиясының аудандық филиал төрағасы Бағдат Рахимов, аудандық маслихат депутаты Сайра Базилбекова және Түрген  ауылдық округінің әкімі Мақсат Демесинов қатысты. Шара барысында аудан әкімі балаларды мерекемен құттықтады.

– 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.  Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтаймын. «Бірлік болмай, тірлік болмас» демекші, елде болып жатқан су тасқыны халқымызға ауыртпашылық әкелуде.  Ештеңеге қарамастан барлық маман иесі осы су тасқынын тоқтатуға атсалысуда. Осындай қиын кезде бір-біріміздің жанымыздан табылып, демеу беру – біздің міндетіміз.  Кез келген елдің тілегі де, арманы да халқының бейбітшілігі мен бірлігін сақтау екені сөзсіз. Біз халқымызға қашан да көмек қолын созуға дайынбыз. Сіздерге тек амандық, төзімділік пен сәттілік тілеймін, – деді Талғат Ескендірұлы. 

Келген қонақтар да  төтенше жағдайдан зардап шеккендерге қолдау білдірді.  Шара соңында кәсіпкерлер оқушыларға сый-сияпат табыстап, көңілдерін көтерді.

 

  Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

Оқылды 521 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Шешімін табар шаруа көп Қонақжайлылық – салтымыз »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет