Жұма, 14 Мамыр 2021 09:49

Батыр рухына тағзым

Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында Қазақстан ауылы Ж.Қайыпов атындағы орта мектебінде Кеңес Одағының батыры Жүнісбай Қайыповтың 104 жылдығына орай бюсті ашылды.

Карантиндік шаралардың қатаң сақталуына байланысты бюсттің ашылу салтанаты шағын форматта өтті Аталған шараға Қазақстан ауылдық округінің әкімі Марат Сүгірбеков, ауыл тұрғыны, Жүнісбай Қайыповтың топырағын Ресейдің Батецк қаласынан әкелген Гүлнар Тезекбаева қатысты. Гүлнар Тезекбаева 1980 жылы Батецк қаласына барып, Жүнісбай Қайыповтың жерленген жеріне гүл шоғын қойғаны жайлы аз-кем  айтып өтті.

– Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлықпен батылдықтың иесіндей, асылдықпен жасындықтың  үлгісіндей аты аңызға айналған батыр Жүнісбай Қайыпов − тау тұлға, – деді Гүлнар Ерасылқызы.

Игі шараны ұйымдастыруға жетекшілік еткен  мектеп директоры Мирамкүл Уракбаева мүсінді жасауды өз мойнына алып, мектеп ұжымы мүсінге арнап стенд құрастырған.

– Білім ордасының Кеңес Одағының батыры Ж.Қайыпов атамыздың атымен аталуы – біз үшін үлкен мақтаныш. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі – ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі, – деді Мирамкүл Мырзоянқызы.

Қазақ батыры 1941 жылы Кеңес әскерінің қатарына шақырылып, Бас командир резервіндегі 54-жеңіл артиллерия полкінің құрамында Ленинград қаласын қорғауға, Новгород қаласын азат етуге қатысқан. Танкіге қарсы оқ ататын зеңбірек командирі Жүнісбай Қайыпов ұрыс кезінде бірнеше рет ерлік көрсеткен. Ленинград түбіндегі Копцы ауылы үшін болған шайқаста ол жаудың 2 дзотын талқандады. 1944 жылдың 17 қаңтарында Моторово елдімекені үшін болған ұрыста Ж.Қайыпов жау артиллериясын жойып жіберген. Бір күннен соң Кеңес әскерінің бөлімдері Новгород қаласына бет алды. Жолды артиллериямен тазарта отырып, құрамында Ж.Қайыпов бар Кеңес әскері қалаға алғашқылардың бірі болып кіреді. Ж.Қайыпов қаңтардың 14-інен 20-сына дейін жаудың 4 дзотын, бірнеше минометі мен 2 пулеметін және бір топ әскерін жойды. Осы ұрыстарда көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Ж.Қайыповқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Ленинград қаласы үшін болған ұрыста ол 3-дәрежелі «Даңк орденімен» марапатталған. 1944 жылдың ақпанында батыр ерлікпен қаза тапты. Новгород облысы Батецкое селосындағы көше, ауданымыздағы ауыл, мектеп және бір көше Жүнісбай Қайыповтың есімімен аталады.

 Ілия СҰЛТАН

Оқылды 2537 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жауға жасын түсірген «Баламды оқытам» деп айырылдым »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет