Дүйсенбі, 08 Қараша 2021 11:12

Тылсым сырлы сұлулықтың мекені

Қазіргі қалыптасқан экологиялық ахуалға байланысты қоршаған ортаның жағдайын жақсартуда орман алқаптарының алатын орны ерекше. Орман қорын сақтап, оны молайту кезек күттірмейтін мəселелердің бірі болып табылады. Соңғы жылдары табиғатты қорғау, соның ішінде өсімдік ресурстарын қорғау – өзекті мəселеге айналды.

Еңбекшіқазақ ауданына қарасты өзінің тоғай-ормандарымен әйгілі болған Шелек ауылында орналасқан Шелек орман шаруашылығы КСРО Министрлер Кеңесінің 29.08.1951 жылғы №3192 қаулысы, Қазақстан  ССР-ның  19.10.1951 жылғы №876 қаулысы және Министрлер  Кеңесінің жанында құрылған мемлекеттік қорық басқармасының  23.10.1951 жылғы №564/56  бұйрығымен 01.11.1951 жылы құрылған.

Мұнда қазір ағаштардың сирек кездесетін түрлері өсірілетін таңғажайып тұқымбақта қылқан жапырақты және жапырақты ағаштардың 12 түрі бар. Сондай-ақ қызғылт Яхуда, келін сияқты өсімдіктер де кездеседі. 

Жылдың күз мезгілінде қылқан жапырақты ағаштардың конустары (шишка) жиналып, оларды бірқалыпты жылы температураға қойып, конустар ашылған кезде тұқымдарды тазалап, қыстай сақтайды. Ал көктемде бір қарлату үшін 40-45 күнге таулардың етегіне апарылады. Одан кейін мамыр айының басында жер жылынып, тұқымдарды егуге қолайлы кезең басталады. Негізінде қазіргі таңда қылқан жапырақты ағаштарға сұраныс өте жоғары. Қыста да, жазда да бір түстілігімен қоса, өзіндік сұлулығы және ерекше иісі бар. Оларды сатып алушылардың географиясы өте кеңінен тараған, туған жерден Түркістан мен Шымкентке дейін жалғасын тауып жатады.

Тарих бетін парақтасақ, Шелек ауылының ата тарихы, әріден басталып келетін, небір тарихи тұлғалар мен талантты ұл-қыздарды өрбіткен қасиетті мекен.

Өлкеміздің көрікті жерлерінің бірі Шелек ауылы – табиғат сұлулығының жұмағы десек артық айтпаймыз. Жазда ұйытқи соғатын желі, кыста дүлей бораны, шілде мен күзде аптаған ыстығы, өзінің көз тартарлық көк майсаға оранған табиғаты жаныңды жадырататын бір керемет.  Шындығында да ауыл табиғаты құлазыған көңіліңді марқайтып, жанға шипа беретін ауданымыздың мақтанышына айналған елді мекені.

 

Роза ТОХМАМБЕТВА,

«Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің

Еңбекшіқазақ филиалының директоры.

Оқылды 18444 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет