Жұма, 18 Қыркүйек 2020 09:53

Досым Зікірия: Таутүрген петроглифтері зерттеуді қажет етеді

«Еңбекшіқазақ» аудандық қоғамдық-саяси газетінің 28.08.2020 жылғы 35-санында жарық көрген «Таутүрген төбесіндегі петроглифтер» атты мақалаға қатысты «Есік» қорық-музейінің директор орынбасары Досым Зікірияның пікірін ұсынып отырмыз.

 

«Жетісу жері ежелгі мұраларға, тарихи-мәдени ескерткіштерге бай болып келеді. Солардың ішінде бүгіндері жойылып бара жатқан жартас суреттерінің де аса мол қоры бар. Ол жағынан Еуразия құрлығы бойынша жетекші орындардың бірін алады деп сенімді түрде айтуға болады. Біз Қазақстан территориясындағы петроглифтерді зерттеу арқылы оның көптеген қыры мен сырын, соның ішінде: мәдени мұра мәселесін, оның қайнар көзі мен жаңғыру жолдарын айқындау, ондағы кейбір сюжеттер арқылы ата-баба мәдениетінің жоғалып бара жатқан компоненттерін,  шаруашылық-мәдени типтерінің ерекшеліктерін, қоршаған ортамен және көрші елдермен қарым-қатынастарын, рухани жан-дүниесін, философиялық, эстетикалық көзқарастарын және т.б. қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыра аламыз. Дегенмен, Қазақстан жеріндегі мұндай тарихи-мәдени мұраларымызды толық зерттеу, оны есепке алу, насихаттау жұмыстары әлі де болса толық жүзеге асқан жоқ. Әзірге Жетісу жеріндегі аталмыш ескерткіштердің ішінде көпшілікке белгілі болғандары Таңбалы, Құлжа-басы, Ешкіөлмес, Баянжүрек, Тамға-лы тас пен «Алтынемел» ұлттық паркіндегі бірнеше жартас суреттері ғана.

Жетісу петроглифтерін зерттеу ХІХ ғасырдың басында Ш.Уәлиханов-тың жазбаларынан басталды деп есептеледі. Одан кейін Г.Максимова, А.Г.Медоев, К.М.Байпақов, А.Н.Марья-шев, З.Самашев, Б.Нұрмұханбетов, С.А.Потапов, Ж.Жетібаев сынды көптеген ғалымдар осы сала бойынша бірқатар зерттеулер жүргізді. Алайда, мұнымен толық зерттеле қойған жоқ.

«Есік» қорық-музейі де ҚР Мәде-ниет және спорт министрлігінің қол-дауымен 2017-2018 жж. «Жетісу сақтарының идеологиясы мен мифологиясы» атты ғылыми жоба аясында  Алматы облысының Қыземшек, Асысаға (Еңбекшіқазақ ауданы), Қурайлы (Кеген ауданы), Аққора, Науакескен, Болыссай, Ұзынкүңгей 1, Ұзынкүңгей 2 (Ұйғыр ауданы) жартас суреттеріне археологиялық барлау-зерттеу жұмыстарын жүргізіп қайтты. Мұндай жартас суреттеріне, әсіресе, Еңбекшіқазақ ауданы да бай. Жоғарыда айтып өткен Таңбалы, Құлжабасы, Ешкі өлмес петроглиф-тері көбіне жатаған таулы өңірлерде кездессе, Еңбекшіқазақ ауданы петроглифтері, керісінше, биік тау-лы аймақта орналасқан. Сонда ескерткіштердің бірі, әлі де ғалымдар тарапынан жеткілікті көңіл бөліне қоймаған, шағын да болса, ғылыми орта үшін берері мол – Таутүрген ауылының жоғарғы жағында орналасқан «Таутүрген петроглифтері». Бұл ескерткіштер туралы ең алғаш белгілі ғалым, өлкетанушы П.И.Мариковский еңбек-терінде айтылады. Одан кейін көбіне жергілікті өлке тарихына қызығушылар мен жас өлкетанушылар тарапынан біраз зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ол туралы тіпті белгілі ғалым Б.Нұрмұханбетов те айтып жүретін. Алайда, қайталап айтамыз, әлі де болса, ескерткіш толық зерттелген жоқ. Күні кеше ғана аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Х.Қ.Ахметжанов пен қызметкері Қ.Мұрат, Таутүрген орталау мектебінің директоры Қ.Карбузовтың бастауымен арнайы барып, суретке түсіріп қайтқан екен. Суреттердің жасалынған техникасы мен әдістері бойынша айтар болсақ, бұл жартас суреттері ерте темір дәуіріне жатады. Суреттер бәрі күңгей бетте орналасқан тақта тастарға салынған екен. Салу технологиясына келсек, ұсақ нүктелеп салу әдісі қолданылған. Аталмыш жартас суреттерінде көбіне ерте темір дәуіріне тән аяғын тірей тоқтаған тауешкі, арқар бейнелері көптеп кездседі. Біздің назарымызды ерекше аударған ортасынан бірнеше айқыш сызықтары бар шеңбер суреті болды. Өкінішке қарай, сурет шаңқай түстің кезінде түсірілгендіктен нақты қандай бейне екенін тап басып айта алмаймыз. Дегенмен, бұл арба дөңгелегі, болмаса күн бейнесі, тіпті әлдебір таңба болуы да мүмкін деп болжауға толық негіз бар.

Таутүрген петроглифтері – құнды-лығы жағынан зерттеуге тұрарлық ескерткіш. Ең өкініштісі, түрлі табиғи әсерлердің салдарынан жойылып бара жатыр екен. Ендігі міндет тым болмаса бұларды суретке түсіріп, эстампаждарын алып, координаттарын белгілеу керек. «Есік» қорық-музейінің мамандары өз тарапынан ондай жұмыстар жүргізуге әзір, әрі арнайы мамандар да бар. Дегенмен, бұл жұмыстарды атқаруға белгілі бір көлемде қаражат керек екені анық. Осы тұрғыда ауданымыздың атымтай жомарт жандары туған өлке тарихын зерттеуге көмек көрсетіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді» – дейді Д.Зікірия.

Оқылды 1782 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: Аудан һәм газет тарихынан »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет