Сәрсенбі, 25 Қараша 2020 14:42

Алдымен өзіңізді тәрбиелеңіз

Алдымен өзіңізді тәрбиелеңіз Сурет интернеттен алынды

 

Бала тәрбиесі – жан-жақтылықты қажет ететін үлкен міндет. Бала – ұрпағыңның жалғасы болғандықтан, оның тәрбиесіне бей-жай қарау – үлкен қателік. Бала тәртіпсіз болып туылмайды. Ол ата-анаға, айналасындағыларға қарап бой түзейді. Ал тәрбие тал бесіктен басталады. Бала тәрбиесінде нені ұмыт қалдыруға болмайды?

  1. Бала махаббатқа бөленіп өсуі керек. Қандай да күйзеліске түсіп, не ашу қысып тұрмасын, оны балаға көрсетуге, білдіруге болмайды.
  2. Өз мінез-құлқыңызды түзеңіз. Бала сізге қарап өседі.
  3. Баланың жанында мейлінше жұмсақ, сабырлы болуға тырысыңыз. Эмоцияларыңыздың айна қатесіз балаңызға берілетінін түсініңіз.
  4. Балаға дүрсе қоюмен ешқандай мәселе шешімін таппайтынын есте ұстаңыз. Оның қылығы мен ісіне қанша ашулансаңыз да, сабырға салып, алдымен өз эмоцияңызды іштей жеңіп алыңыз. Бірден айқайға салып, оны одан ары қырсықтырып алмаңыз.
  5. Балаға тым талапшыл болмаңыз. Өзіңіздің қатал бастық емес, мейірімді ана екеніңізді естен шығармаңыз.
  6. Бала тәрбиесіне кіріскен уақытта өзіңізді де тәрбиеге алу керектігіңізді ұмытпаңыз. Дұрысы, балаңыздан бұрын өзіңізді тәрбиелеңіз.
  7. Балаға және балаңыз бар жерде айтатын әр сөзіңізге мұқият болыңыз. Ол – сіздің кішкентай көшірмеңіз. Ауызыңыздан шыққан әр сөзі сол қалпында жаттап алады.
  8. Балаға уақыт бөлу керектігін естен шығармаңыз.
  9. Үнемі құшағыңызға қысып, жақсы көретініңізді айтып жүріңіз. Бұл ана мен бала махаббатын арттырып, жақындата түспек.
  10. «Анау болмайды, мынау болмайды!» деген тыйымдардың аз болғаны дұрыс. Десе де, шектен шығуға болмайтынын ақылмен айтып түсірдіру керек.
  11. Өсіп келе жатқан балаңыз – сіздің жетістігіңіз екенін естен шығармаңыз. Оның қандай адам болуы тікелей сіздің тәрбиеңізге байланысты. Сондықтан балаңыз қандай да бір қылығымен не ісімен сіздің көңіліңізді қалдырар болса, оған жауапты да, кінәлі де – жалғыз сіз.
  12. Оның теріс қылықтарын бетіне түртпектей берудің қажеті жоқ. «Сен жамансың!» деген сайын ол да жаман әдеттерге жақын өспек.
  13. Үнемі қолпаштап, мақтап отырудың маңызы мол. Дұрыс істерін айтқан сайын бала да жақсылыққа жақын болып өспек.
  14. «Сен сөйтсең, мен бүйтемін» деп, айырбас-сауда жасауға болмайды. Баланы кішкентайынан олай үйрету, оның қайтарым ақысыз қолының ұшын қимылдатпайтын қылып өсіруге негізгі себеп болмақ. «Сабағыңды оқысаң, ойыншық алып беремін» дегеннен бала сабақты жақсы оқымайды. Ол ойыншы алу үшін көзалдау жасай салады.
  15. Балаңызға проблема деп емес, ішімнен шыққан, бауыр етім – балам деп қараңыз. Кейбір адамдар баласын алдынан шыққан кесапат көреді. «Балам - бас ауруым» дейтіндер бар. Ондай санасыз болмаңыз.
  16. Баланы кішкентайынан қырағылыққа үйретіңіз.
  17. Көбірек кітап оқып беріңіз. Тақпақ, ән жаттатып, би билетіңіз.
  18. Күнделікті таңертең дене жаттығуларын жасатуды әдетке айналдырыңыз.
  19. Сурет салу, ермексазбен жұмыс істеп, құрастырмақ ойыншықтар құрастыру баланың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін арттыратынын ұмытпаңыз.
  20. Баламен бірге ойнау керек. Оған он түрлі ойыншық беріп, жалғыз отырғызып қойғаннан гөрі қолында бір-ақ ойыншық болса да, жаныңда сіздің отырғаныңыз маңызды.

Дайындаған Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 1422 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Сыйлықтардың төресі не? Еңбек ардагері өткен жол »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет