Бейсенбі, 18 Ақпан 2021 15:47

Қыздан қылық, ұлдан ұят кетсе

Қыздан қылық, ұлдан ұят кетсе Сурет интернеттен алынды

Шашын бояп, құлағына сырға тағатын қызтеке ұлдар мен ерлерше киініп, шарт-шұрт түкіретін еркекшора қыздарды көрсем налимын. Бір өкініштісі, солардың теріс әрекеттерін мінеп, түзу жолға бастайтын аға-апаларымыз үнсіз қалып, еш іс-әрекет танытпай жатқандығы тағы бар.

Меніңше, бар мәселе еліктеуде болып тұр. Өйткені бүгінгі таңда теледидарымыз бен интернетіміз жат елдің сериалдарына толы. Соларға үңілген оқушы қыздарымыздың кәріс әртістеріне ғашық болып, соларға тұрмысқа шыққысы келетіндерін байқадым. Бұл ұят емес пе?! Бүгінде қыздарымыздың кәріс бойжеткендері сияқты қысқа көйлек киюге деген  құштарлықтары да басылар емес. Яғни, “Етегіңді жауып жүр” деген дана халқымыздың ақылын елейтін қыздар азайып бара жатыр. Ал ер азаматқа тән қасиеттерден жұрдай жігіттерді көргеніңде, ашуға булығасың. Мәселен, бүгінде кей жастар “Ninety One” тобының әншілерін үлгі санайды. Бет-шашын бояп, құлақтарына сырға тағып, тыртиған шалбар киген бұл “өнерпаздарға” еліктеуге бола ма?! Ділі біздің қазақы дәстүрімізге жат халықтың киносын көріп, әнін тыңдағанда тұрған ештеңе жоқ делік. Алайда, өз ұлттық құндылықтарыңды жоғалтып, жылтырағанға еру – шалыс басқандық.

Жігіттер “майдаланып барады” дегенді құлағымыз жиі шалатын болды. Расымен, қазір кейбір ұлдарды бұрынғы қазақтың батырларымен салыстыруға әсте келмейді. Олар жайлы сөз қозғағанда, тепсе темір үзер, жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай, нар тұлғалы деген тіркестерді қолдана алмайсың. Көпке топырақ шашқаным емес, аға ұрпақтың ісін жалғап, тектілігін сақтаған қазақ жігіттері де баршылық. Алайда, қазақ қоғамында шетелдің шым-шытырық дүниелеріне еліктейтіндердің болғаны өкінішті. Сонымен қатар сөзі бітімсіз, өзі намыссыз, елдің қамы түгіл, өз ертеңін болжап біле алмайтын ұлдардан көңіл суынары хақ. “Заманы басқаның адамы басқа” екен деп, жігіттер қыздардың сызыла күліп, майыса жүргенін қайталаса, намысын ұмытып, өзімшілдікпен күн көрсе, ұлттың ендігі күйі қандай болмақ?!

Атам заманнан қазақ отбасында бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. “Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле” деген даналыққа толы нақыл арқылы халқымыздың бала тәрбиесіне қаншалықты мән бергенін түсінеміз. Ежелден қазақ баласы “Әкең келе жатыр” деген бір-ақ сөзбен тәрбиеленді. Ал балаға дастарқан басына әкесі келмей, тамаққа қол созбауды, “әкеңе айтам” деп баланы тәртіпке шақыруды аналары үйрететін. Еліміздің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, келешекте ана, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, шыншылдыққа баулыған. Бойжеткен, ару қыздарын сырт көзден сақтаған. Қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарамаған. Гендерлік саясатты дамыту, әйел мен еркектің теңдігін жолға қою ісі айналып келгенде әйелдерді “еркектерден қай жерің кем?” деп елірте беру емес. Бұлай ұғыну қисынсыз. Кейбір әйел заты қиындыққа шыдамай, еркекше шылым шегіп, шарап ішіп, өмірін өксітіп жатады. Бұл – әрине, біздің қазаққа жат қылық. Қыздардың инабатты, ибалы, ұлдардың намысшыл, қайсар болғаны жөн деп есептеймін.

Сайып келгенде, өз елін сүйетін, қорғайтын, салт-дәстүрін құрметтеп, тарихын, тілін терең білетін, мәдениетті жастар – елдің ертеңі, болашағы.

 

Маржан АҒЫБАЙ,

М. Қозыбаев атындағы СҚУ

«Журналистика» кафедрасының 4-курс студенті

 

Оқылды 9756 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет