Сейсенбі, 22 Наурыз 2022 14:10

Тәрбие негізі салт-дәстүрде

Тәрбие негізі салт-дәстүрде Сурет интернеттен алынды

Әр ұлттың тек өзіне тән ұлттық бояуын көрсетіп, өзгеден ерекшелеп тұратын – ұлттық өнерімен қатар, оның салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Мыңдаған жылдар ата-бабадан жалғасын тауып, бойымызға әбден сіңіп, күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған салт-дәстүрлер мен жөн-жоралғылардың бір ұлдың ғана емес, бүкіл ұлттың тәрбиесінде алар орны бөлек. Сондықтан да қазақта баланың бойға біткен күнін білгеннен бастап, ол өмір есігін ашып, өсіп-өніп, жапырағын кеңге жайып, қарттық жасқа жеткеніне дейін жалғасатын жоралғылар мен әдет-ғұрыптардың әрқайсысының өзіндік мән-мағынасы мен атқарар рөлі ерекше.

Текті ұрпақ тәрбиелеп, оң-солын танытып, әдеп пен иба, сый мен құрмет, жауапкершілік пен парыз, үлкеннің жолы мен кішілік ізетті, туыстық қарым-қатынасты, береке-бірлік пен бауырмалдықты, айналасына – адамдарға ғана емес, табиғат, қоршаған ортаға деген қамқорлықты баласының бойына жастайынан сіңіріп өсіретін атам қазақ қашан да «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деп, дәстүріне берік болған. Әдет-ғұрып пен жөн-жоралғылар, наным-сенімге ерекше көзқараспен қарап, оларды тәрбие құралы, өмір сүру заңдылықтары ретінде негізге алған.

Ата-бабадан мұра болып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен осынау салт-дәстүрлеріміз, әдет-ғұрып, наным-сенімді жаңғыртып, жастарға таныту мақсатында алдағы уақытта газет бетінде тұрақты түрде «Ата салты» айдарымен жариялап отыруды жөн көрдік.

Әз. Наурыздың алғашқы күндердің бірінде қазақ халқының нанымы бойынша жердің бетінен ерекше бір гуіл жүреді. Білетін адамдар: «Мұны жұмақтан шыққан қойлар бірінші болып сезеді, оларды баққан қойшы да байқайды» дейді.

Мұндай күні бүкіл табиғат, жан-жануарлар, адамдар жандана түседі. Бұл күні шаш алуға, тырнақ алуға болмайды. Әйтпесе, сал болып қаласың деп сенеді. Айналадағы жан иесінің бәрі «әзден» кейін ғана ерекше күш-қуатқа ие болады. Халық арасында «Әз болмай, мәз болма» деген қанатты сөз бар.

 

«Самарқанның көк тасы» деген ұғым Наурыз күнімен тығыз байланыс-ты, оның бірнеше мағынасы бар. Аңыз бойынша, әйгілі астроном Ұлықбектің обсерваториясында сақталған көк тас болыпты. Наурыздың 22-сі күні сол тасқа күннің сәулесі түсіп, оны жұмсартады-мыс. Дәл осы күні бұрынғы өкпе-реніштер ұмытылады. Егер ренжіген адам кешірім еткісі келмесе, оған: «Бұл күні Самарқанның көк тасы да жібиді, тастан қатты емес шығарсың?» дейтін болған.

 

Саумалық – Наурыз туып, жер көктеп, күн жылынғанда ауыл адамдары өлеңдетіп айтатын дәстүрлі тілек, ырым.

 

«Саумалық, саумалық,

Наурызымның көк құсы

Ұйқыдан көзін ашты ма?

Саумалық, саумалық,

Жібіді ме, көрдің бе?

 

Саумалық, саумалық,

Ескі жыл кетіп, жаңа жыл келді,

Ескі жыл есіркей кет,

Жаңа жыл жарылқай кел.

 

Саумалық, саумалық –

Жаңа келген жақсылық,

Жаңа келген береке,

Жаңа келген мереке.

 

Көрмедік пе, көрдік пе?

Саумалық, саумалық.

Сүт көп, көмір аз,

Өмір көп, өлім жоқ», – деп халық тілек тілеп, ескі ыдысты сындырып, сонымен жамандық кетсін деп ырым жасайды.

 

Дайындаған

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ.

Оқылды 6672 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет