Сәрсенбі, 08 Маусым 2022 10:47

Шерлі әке

(Тәмсіл)

Кезінде қара жұмыспен нәпақасын тауып жүріп, жалғыз ұлын жетектеп өсірген бір адам болыпты. Біреу-міреудің отынын жарып, үйін әктеп, ауласын сыпырып тапқан ақшасы ішер ас, киер киімнен артылмайды екен.   Бейнетті өмірден әбден қажыған әлгі кісі бейқам жүрген жалқау ұлына налып, келешекте оның адамгершілігі бар азаматқа айналмайтынын, ортаға сыйлы, ержүрек жігіт бола алмайтынын айтады. Ызасы келген күндері таяқтың астына да алатын көрінеді.

Бір күні баласы ұрыс естуден шаршап, үйден қашып кетеді. Сол бойы үйіне бірде-бір рет оралмаған ұл он жылдан кейін хан уәзірі дәрежесіне көтеріліпті.

Өзіне тиесілі алтын мөрді алуға хан сарайына жол тартқан ол шабармандарына жақын маңдағы ауылға кіре кетіп, сонда тұратын бір қарияны алдына әкелуін бұйырады. Түнделетіп уәзір жөнелткен ауылға жеткен шабармандар әлгі қартты төсегінен сүйреп тұрғызып, демігіп, науқастанып жатқан күйі мырзаның алдына апарыпты.

Уәзір бойын тіктеп, кеудесін көтеріп, орындығына жайланып жайғасып алады да, жерде басын шұлғып, әбден қиналып отырған қартқа өзіне қарауды бұйырады. «Сен мені білесің бе?» – деп сұрайды ол даусына қуат қоса түсіп.

Қарт безенді, биік орындықта отырған мырзаға көзін қадап: «Аа, уәзір-еке, қалай танымайын?! «Сен менің ұлымсың ғой», – дейді.

– Бала кезімде менің ешқашан жақсы адам атанбайтынымды, нағыз ер азамат бола алмайтынымды жиі айтушы едің, Енді міне қара, – деп бойын кернеген мақтанышын жасыра алмай уәзір алтын мөрі мен құндыз бөрігін көрсетіпті.

Сонда қария жанарынан тамған ыстық жасты күртесінің жеңімен сүртіп жатып: "Ал мен қателестім бе?! Иә, сен хан уәзірісің. Бірақ өзің айтқандай абыройлы атқа лайық адам болсаң, өз әкеңді осынша қорлап, алдыңда тізе бүктірер ме едің? Ұқпасаң тағы да айтайын, сен зор дәрежеге жетіп, лауазымды қызметке орналастың, бірақ жақсы адам бола алмадың, балам", – депті.

Анель АЯНҚЫЗЫ.

Оқылды 4880 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Дұрыс қанаттанған түзу ұшады Жақсының аты өшпейді »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет