Дүйсенбі, 22 Тамыз 2022 14:42

Болашақ чемпион

Спорт – денсаулық кепілі. Жауыр болған сөз шығар, бірақ, ақиқат осы. Спортпен кәсіби деңгейде шұғылданған адам денсаулығын күтіп қана қоймай, биік белестерге көтеріліп, еліміздің атын әлемдік бәсекелерде шығаратыны сөзсіз. Атақты спортшылардың қайсыбірін алып қарасақ та, барлығы дерлік бала күнінен спортқа жақын болып, еткен еңбек пен төккен тердің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жеткен. Бүгінгі кейіпкеріміз Жандос Омаров жас болса да спортты жанына серік етіп, болашағын каратэмен байланыстырған.

– «Армансыз адам қанатсыз құспен тең». Өмірде армандамайтын адам жоқ, сол арманға жету жолында барлығы бірдей еңбек етпейді. Бала күнінен әр адам өзінің жанына жақын өнерді таңдайды және соны шыңдайды. Мен кішкентайымнан спортпен айналысуды қаладым. Осылайша, шинкиокушинкай каратэға келіп, бағымды сынадым, – дейді Жандос.

9 жасынан бастап спорттың осы түрімен шұғылданған Жандос бүгінде өз салмақ дәрежесінде тәжірибесі толысқан спортшы десек артық емес. Осы жылы Наурыз мерекесіне орай шинкиокушинкай каратэден өткен облыстық жарыста 30 кг салмақ дәрежесінде қарсыластарын шаң қаптырып, І орынды еншіледі. Алғашқы жеңісімен Өскеменде өтетін республикалық турнирге жолдама алған. Байрақты бәсекеде 30 кг салмақтағы қарсыластарын жеңіп, финалда өнер көрсетті. Ақтық ойында қарсыласына жол беріп, республикалық жарыста ІІ орынды қанжығалады. 11 жасында республиканы мойындатқан спортшының өнеріне талайлар тәнті болды.

Бердібек Соқпақбаевтың «16 жасар чемпион» атты әңгімесінде Жандосты бейнелегендей болады. «...Осының бәрі еңбектенудің, жаттығудың нәтижесі. Сенің де осылардың біріндей болуың мүмкін. Мұрат аузын ашып, қас қақпай қарап қалыпты. Таңданып, қатты қызығып тындап тұр. «Сенің де осылардың біріндей болуың мүмкін» деген сөзді ойына қатты түйіп қалды. Әлдеқайда алыста бір үміт сағымданып, қызыл түлкідей құйрығын бұлаң еткізгендей болды. Белді бекем буып қуса жететін...», – дейді бапкері Мұратты жігерлендіріп. Жандос та әдеби шығармадағыдай жақындары мен бапкерлері берген күш-жігердің арқасында жеңіске жеткенін айтады.

12 жастағы Жандос бүгінде Райымбек атындағы орта мектепте 7 сыныпта оқиды. Білім мен жаттығуды қатар алып жүрген жас спортшы болашақта чемпион болуды армандайды.

– Болашақта Бекзат, Ермахан, Серік ағаларым секілді олимпиада чемпионы болуды армандаймын. Ол үшін көп дайындық керек, сапалы білім алу қажет. Бапкерлерім А.Гроза мен Н.Зотенкомен бірлесіп жаңа шыңдарды бағындыру үшін еңбек етіп жатырмыз, – дейді Жандос Омаров.

Жас болса да респубулкиалық додада өзінің өнерімен көзге түсіп, облыс шыңын бағындырған Жандосқа жеңісті күндер тілейміз.

С.НҰРАДИН.

Оқылды 5229 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Күміс келді ауылға, күміс келді! Чемпионмен жүздесу »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет