Жексенбі, 16 Сәуір 2023 17:49

РУХЫ АСҚАҚ СПОРТШЫЛАР

Бүгін Қонаев қалалық көпсалалы колледждің спорт залында Тірек қимыл аппараты заңдылығынан және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Алматы облысының VI Паралимпиада ойындарының үшінші, яғни қорытынды ойындары болып өтті. Бұл ойындардың бірінші кезеңі  Қаскелең қаласында дзюдо, паратаэквондо, үстел тенисінен ұйымдастырылса, екінші кезеңі Талғар ауданы Панфилов ауылында жеңіл атлетика мен жүзуден жалғасын тапқан болатын.

Қонаев қаласында жарыс туын көтерген ойынға спортшылар параволейбол және паэрлифтинг сияқты спорт түрлерінен сынға түсті. Бұл жолғы Паралимпиада ойындарының бағдарламасында спортшылар алғаш рет отырып волейбол ойнады, сонымен қатар штанга көтеруден қыздар мен жігіттер өзара бәсекеге түсіп, жарыс көрігін қыздырды.

Жарыстың Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық бұқаралық  іс-шаралар өткізу орталығы және Алматы облыстық дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спортты дамыту дирекциясы ұйымдастырды.

Жарыс қорытындысы бойынша волейболдан Қарасай ауданының командасы 1 орынды, 2 орынды Қонаев қаласының спортшылары, 3 орынды Еңбекшіқазақ ауданының командасы еншіледі.

Пауэрлифтингтен әйелдер арасында салмақ дәрежелері бойынша: 50 келіге дейін І орын иегері Г.Нуралиева, 55 келіге дейін ІІ орын иегері А.Ряпова және І орын иегері М.Амутова, 61 келіге дейін І орын иегері А.Молгаждар, 79 келіге І орын иегері З.Ибрагимова, 86 келіден кейін І орын иегері Д.Дюсенаева жеңімпаздар деп танылды.

Пауэрлифтингтен ерлер арасында салмақ дәрежелері бойынша: 54 келіге дейін І орын иегері А.Химитов, 59 келіге дейін І орын иегері А.Нуралиев, 65 келіге дейін І орын иегері Р.Ким және ІІ орын иегері Е.Қанатов, 72 келіге дейін І орын иегері Ж.Бердыбаев және ІІ орын иегері П.Амаров және ІІІ орын иегері С.Савиных, 80 келіге дейін І орын иегері М.Абишев және ІІ орын иегері Н.Кенжебеков және ІІІ орын иегері Ф.Насыров, 88 келіге дейін І орын иегері С.Алимходжаев, 97 келіге дейін І орын иегері Ж.Алияков, 107 келіге дейін І орын иегері М.Нурмагамбетов және ІІ орын иегері Р.Тунгушбаев, 107 келіден кейін І орын иегері Ж.Есенбаев және ІІ орын иегері Т.Ходжамуратов жеңімпаздар деп танылды.

Жеңіс тұғырынан көрінген командаларға арнайы кубоктар, жүлделі тұғырды бағындырған спортшыларға медальдар тапсырылды.

Бүгінгі өткізілген жарыстың басты мақсаты сәуір айының соңында Астана, Ақтөбе, Алматы қалаларында өтетін республикалық VI Паралимпиада ойындарына облыстың құрама командасын жасақтау болды. Өздеріңіз көргендей топ жарып шыққан рухтары асқақ жеңімпаз жігіттер мен қыздар республикалық чемпионатта облыс намысын қорғайтын болады, – деді Алматы облыстық дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спортты дамыту дирекциясының директоры Нұрдәулет Құлсейітов.

Оқылды 688 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет