Жұма, 18 Тамыз 2023 10:01

«Алтын Адам кубогі» жалауын желбіретті

Еңбекшіқазақ ауданының  орталығындағы спорттық сауықтыру кешенінде 2007-2008 жылы туылған жастар  арасында бокстан  «Алтын  Адам  кубогі» республикалық ашық турнирі өтті.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаев алғы сөз алып, ұйымдастырылып отырған спорттық шараның  маңызына тоқталды.

– Бүгінгі жастар арасындағы «Алтын Адам кубогі» республикалық ашық турнир алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бір қуантарлығы спорттық шараға еліміздің түпкір-түпкірінен және Өзбекстан, Қырғызстан елінен командалар қатысып, өз кезегінде жарыстың ауқымын кеңейте түсуде.  Талай спорт саңлақтарының кіндік қаны тамған топырағы құтты мекен-ге сіздердің құрмет тұтып келулеріңізді – елге құрмет деп білеміз. Сондықтан да бүгінгі байрақты бәсекеде шашасына шаң жұқтырмай озып шыққан өрендеріміз ертеңгі күні елдің абыройын қорғап, көк туымызды әлем алдында асқақтата желбіретеді деген сенімдеміз, – деп жарысқа қатысушы барша спортшыларға сәттілік тіледі Қуат Қарабайұлы.

Сонымен қатар ұйымдастырылған спорттық шараға қатысқан облыстық   дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Ерболат Сарабеков, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова сынды қонақтар  өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді. Ашылу салтанатының аясында ережесіз жек-пе-жектен әлем кубогінің иегері Елмұрат Қайыпжанов сынды спорт саңлақтары мен турнирді  ұйымдастыруға атсалысқан мекеме басшыларына  «Алтын адам»  төсбөлгісі табысталды. Аталған ашылу салтанатында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері «Алтын адам тарихы» атты көр-ме ұйымдастырып, келген қонақтарға бірегей өркениетіміз бен тағылымды тарихымызды таныстырды.

Еңбекшіқазақ ауданында тұңғыш рет жа-лауын желбіреткен  жастар  арасындағы рес-публикалық турнирге Абай, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу, Алматы облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан және Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен  100-ден аса былғары қолғап шеберлері қатысып, 13 салмақ дәреже-сі бойынша сынға түсті. 

– Бүгінгі «Алтын  Адам  кубогі»  атты республи-калық  бокс турнирі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, облыстық бокс Федерациясының және Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізіліп отыр. «Алтын  Адам  кубогі» алда бабаларымыздың ерлік рухын әйгілейтін белді бокс додасына айналып, дәстүрлі түрде жалғасын табады деген ойдамын. Бұл турнирде жарыс нәтижесі жаңа автоматты жүйе арқылы есептеледі. Оның үстіне, әр кездесуге халқаралық деңгей-дегі білікті төрешілер қазылық етеді. Ал жарыс жеңімпаздары ҚР спорт шеберіне үміткер атанады, – дейді облыстық төрешілер корпу-сының төрағасы Тілек Манап. Жоғарыда айтқа-нымыздай, «Алтын Адам кубогі» республика-лық турниріне көршілес Өзбекстан мен Қырғыз-станның жастар құрамасы үмітін үкілеп келіпті.

– Қазақстанда үздік бокс мектебі қалыптасқан. Көктемде Ташкентте өткен әлем бірін-шілігі бұл сөзімізді тағы бір рет дәлелдеді. Біз сол үздік қазақ боксынан үйрену үшін, туыстас халыққа достығымызды білдіру үшін келдік. Құрамамыз жақсы былғары қолғап шеберлерінен жасақталған. Жеңіс тұғырынан көрінуге үмітіміз зор. Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылыпты. Бізді жылы қарсы алған ұйымдастырушыларға алғыс айтамын! Жаста-рымызға Ермахан Ыбрайымов, Бақтияр  Артаев, Серік Сәпиев сынды даңқты боксшылардың жолын берсін!, –  дейді Қырғызстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бейсен Сауатаров.

Ерзат АСЫЛ.

Оқылды 5370 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Аудан біріншілігі басталды Алихан – Азия чемпионы »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет