Дүйсенбі, 22 Наурыз 2021 14:06

Мерекедегі ырым-тыйымдар

 

 Қазақ наурыз күні жаңа шыққан күннің жүзіне қарап, бетін сипайды. Онысы жаңа күннен басыма бақыт дарысын дегені.

 

Қазақ наурыз күні алғаш жауған жаңбырға басын тосады. Аспаннан нұр жауады деп біледі. Осылай істесе жылдар бойы басым ауырмайды, жолым жеңіл болады деп сенеді.

 

Қазақ наурыз күні үйіне қарлығаш ұшып кірсе, ерекше қуанады. Жыл құсы келді, шаңырағыма құт кірді деп ырымдайды.

 

Қазақ наурыз күні тырнақ алмайды, шаш қиғызбайды. Олай етсе, бас кесіледі, жол тосылады деп ырым етеді.

 

Қазақ наурыз күні көңілді жүреді. Біреумен ренжісіп қалудан қорқады. Себебі, жыл басында ренжісе, жыл соңына дейін ісім оңбайды деп ырымдайды.

 

 Қазақ наурыз күнгі жауған қарды күремейді, сыпырмайды. Сыпырса, құрғақшылық болады деп сенеді.

 

Қазақ наурыз күні баласын ұрмайды, оған зекімейді, тек еркелетіп жүреді. Ұрса, зекісе бала меселі қайтады, яғни бақ байланады деп ырымдайды.

 

Қазақ наурыз күні ыдыс-аяғын сылдырлатпайды, құт қазанда тұрады деп ырым етеді. Ыдыс-аяқ сылдырласа, құт үркеді.

 

Қазақ наурыз күні отқа сүйек тастап, күйдірмейді. Олай етсе, ата-баба аруағы шамырқанады.

 

Қазақ наурыз күні үйіне қыдырып келген баланы құр қол қайтармайды. Бала – бақыт, бала – бал, онымен бірге үйге бақыт кіреді. Бала үйден өкпелеп шықса, бақыт баламен бірге ілесіп кетіп қалады деп ырымдайды.

 

Қазақ наурыз күні алыс сапарға кеткен жолаушыға сыбаға сақ-тайды. Онысы жолаушы аман келсін, мереке дәмі – береке, осы берекелі астан ауыз тисін дегені.

 

Қазақ наурыз күні үйіне қыдырып келген күйеу жігіт пен қызға ерекше құрмет көрсетеді. Күйеубаласына шапан жауып қайтарады. Онысы қызымызға жақсы қарасын, қызымыз бақытты болсын дегені.

 

Қазақ наурыз күні мал төлдесе, оның  төлін басқа біреуге сыйламайды. Себебі, жыл басындағы құтымыз басқаға ауып кетпесін дегені.

 

Қазақ наурыз күні босанған әйелді құт деп ырымдайды. Оны Қызыр босандырды деп сенеді. Ол туылған бала елге құт болып қонады деп сенеді. Сондықтан ол баланың атын ұл болса Ұлысбек, Наурызбек, қыз болса Наурызгүл, Ұлысжан деп қояды.

 

Қазақ наурыз күні сауысқан үй төбесіне қонып шықылықтаса, жақсы ырымға балайды. Олжадан, жақсылықтан сүйінші келеді деп сенеді.

 

Қазақ наурыз күні ошағының астында от лаулап, лапылдап жанса, биыл бақ жұлдызымыз көтеріледі, байимыз деп ырымдайды.

 

Қазақ наурыз күні төріне қос шырақ жағып қояды. Онысы – отағасы мен отанасы аман болсын, ошақтағы отымыз сөнбесін деген ырым.

 

 Қазақ наурыз күні кетік ыдыстарды пайдаланбайды, одан ас ішпейді. Олай етсе, өмірдегі барлық ісіміз шала болады, жұмысымыз бітпейді деп сенеді.

 

 Қазақ наурыз күні үйіне дуалы ауызды адамды шақыртып, батасын алады. Барлық іс батадан басталса, баянды болады деп сенеді.

 

Қазақ наурыз күні босағасына, не төріне сары аласапты қамшы, не садақ сынды құралдарды іледі. Сөйтсе, бұл үйге жын-жыбыр жуымайды деп сенеді.

Оқылды 2027 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « «Балалар әдебиеті» жылы балдырғандарға не бермек? Иірім »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет