Бейсенбі, 18 Қараша 2021 12:57

Байқау: Тәуелсіздік жүрегімде

Жаңарды заман

Азат күн туды, емін-еркін самғаған,

Асыл арманды ақиқат күнмен жалғаған.

Білсең, елім, бостандық атты бақ құсы,

Сан ғасыр бойы басымызға да қонбаған!

 

Бұл күнді күтіп батырлар жанын қиысты.

Бостандық алып, күмбірлеп кетті күй ішкі.

Ержүрек ұлы, қайсар қыздары бар қазақ

Мәңгілік азат халық болуға тиісті!

 

Жаңарды заман, жасампаз елміз жайнаған.

Төсінде сан мың ұлыс пен ұлты жайлаған.

Мұнай мен газы атқылап көкке алтын боп,

Еңбекші жұртпен жадырап кетті бай далам!

 

Балауса НҰРАХМЕТ,

Әл-Фараби атындағы орта мектептің 5 "ә" сынып оқушысы.

 

***********************************

 

Бақытты балалық  шағым

Әр адамға өзінің балалық шағы өте ыстық. Ұлы адамдардан бастап, кез келген жан  өзінің  тамаша сәттерге толы балалық шағын тамсана еске алады. Мен 11 жастамын. Кешегі кішкентай кезім қызықтарға толы болғанын есіме  түсіремін. Кішкене кезімізде күлкі мен ренішке толы сәттер болды. Барлық жаңа дүниеге таңырқай қарап, соны иемденуге  асығатынбыз. Анам жаңа киім алып бергенде барлығына көрсетіп мақтанып, балабақшаға сол киімді киіп барғанша асығатынмын. Осындай сәттердің кейбірін еске түсіргенде өз-өзіме көңілім толмай, ұрысып аламын. Сол кезде жасаған көптеген оғаш қылықтарым үшін ішек-сілем қатып күлгім келеді. Қазір де достарым көп, барлығымыз есейе бастадық. Барлығымыздың ойымыз, қызығушылығымыз әр түрлі. Теледидардан, ғаламтордан балалық шағы  соғыс пен ашаршылық, қорқынышта өтіп жатқан балаларды көріп жанымыз ашиды. Көмек қолын созсақ деп ойлаймын. Ал біз тыныш  ортада, ата-анамыздың жанында, достарымызбен мектепте оқып жүрміз. Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Бәріміз есеюді  жақсы көреміз. Бірақ осы  шағымыз – бәрінен  қызық сияқты. Сол себепті сенің балалық шағың – өміріңдегі ең қызық шағың дегім келеді.

 

Назерке СЕЙПІЛ,

Ломоносов атындағы орта мектептің 6 "ә" сынып оқушысы.

 

 ***********************************

 

Сен деп соғар жүрегім!

Қазақ  елім – тірегім,

Сен  деп соғар  жүрегім.

Көк  туымыз  желбіреп,

Бола берші  тіреуім.

 

Тәуелсіздік  ұраны,

Самғасын  көкте  қыраны,

Қазақстан  еліміз,

Ұлан байтақ  жеріміз.

 

Тәуелсіздік  жүрегімде,

Орындалсын  арман, тілегім де.

Салт-дәстүрді сақтаған, өнегелі баламыз!

Қазақстан елінің ұл-қыздары боламыз.

 

Рамазан ТЛЕНЧИЕВ,

Таутүрген негізгі орта мектебі 3 сынып оқушысы. 

Оқылды 2325 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет