Дүйсенбі, 28 Наурыз 2022 10:28

Туған жер – Отан туралы қазақтың мақал-мәтелдері

 

Отан – елдің анасы,

Ел – ердің анасы.

 

Ит тойған жеріне,

Ер туған жеріне.

 

Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

 

Бақа көлін сүйеді,

Бұлдырық шөлін сүйеді,

Ер жігіт елін сүйеді.

 

Опасызда Отан жоқ.

 

Өз елім – өлең төсегім.

 

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

 

Құлан қағын қорғайды,

Киік лағын қорғайды.

 

Кісі елінде күркірегенше,

Өз еліңде дүркіре.

 

Мал қонысын іздейді,

Ер жігіт туысын іздейді.

 

Есі бүтін елден шықпайды,

Елінің қырын жықпайды.

 

Аққу көлін аңсайды,

Адам туған жерін аңсайды.

 

Ер жігіт – елінің ұлы,

Намысының құлы.

 

Ел-елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен жақсы.

 

Оан үшін күрес –

Елге тиген үлес.

 

Іргесі берік елді жау ала алмас,

Аузы берік елді дау ала алмас.

 

Сұңқар қиясын сағынады,

Торғай ұясын сағынады.

 

Туған үйдің түтіні жылы,

Туған ананың күтімі жылы.

 

Ұлтарақтай болса да, ата қонысы жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да, туып-өскен ел қымбат.

 

Жат елдің жақсысы болғанша,

Өз еліңнің сақшысы бол.

 

Отанға опасыздық еткенің –

Өз түбіңе өзің жеткенің.

 

Туған жердің торғайы да сүйкімді.

 

Отансыздың оты жанбайды.

 

Отанға опасыздық еткенің –

Өмірден қаралы болып өткенің.

 

Туған жердің торғайы тұрымтайдай көрінер,

Құлыны тайдай көрінер,

Қыздары айдай көрінер.

 

Ата қоныс – алтын мекен.

 

Туған жердің жуасы да тәтті.

 

Отанды сүю отбасынан басталады.

 

Ер жігіт: «Өскен елім», – дейді,

«Кіндік кескен жерім», – дейді.

 

Туған елің болмаса,

Тумай-ақ қойсын Күн мен Ай.

 

Есі бар жігіт елін табар,

Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.

 

Жат жердің қаршығасынан

Өз жеріңнің қарғасы артық.

Тұлпар тегін табар,

Ер жігіт елін табар.

 

Адам елінде,

Қоға көлінде көгерер.

 

Бақыр қазан қайнаса –

Бәріміздің бағымыз.

Туған жердің әр тасы –

Біздің алтын тағымыз.

 

Өз інінде көртышқан да батыр.

 

Мал екеш мал да

От жеп, су ішкен жеріне тартады.

 

Жат жерде жаның қиналса –

Ел қадірін білерсің,

Жұтым суға зар болсаң –

Көл қадірін білерсің.

 

Адам Отанын іздейді,

Қой қотанын іздейді.

 

Әркімнің өз жері – жұмақ.

 

Арша өскен жерінде,

Ер жігіт өскен елінде.

 

Атамекен – анаң екен,

Қысылғанда панаң екен.

 

Кіп-кішкентай торғай да,

Өз ұясын қорғайды.

 

Егілмеген жер – жетім,

Елінен айрылған ер – жетім.

 

Туған жердің түйе жейтін жапырағы да – дәрі,

Түйе аунайтын топырағы да – дәрі.

 

Тұғырына саңғыған сұңқар оңбас,

Үйірінен айрылған тұлпар оңбас.

 

Туған жердің күні де ыстық, күлі де ыстық.

 

Ат үйірін сағынса, артқы аяғын қағынар.

Ер үйірін сағынса, ер-тұрманын тағынар.

 

Туған жер – тұғырың,

Туған ел – қыдырың.

 

Елінен безіп, елсізде өлгеннің

Екі көзін қарға шұқиды.

 

Жинап, құрастырған – Өтебай Тұрманжанов

Оқылды 8785 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет