Бейсенбі, 23 Желтоқсан 2021 17:30

Пәндік онкүндіктің орны бөлек

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен  біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде.

Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауатты жоғары, әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын, әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында  білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше  іздену, жаңашылдыққа ұмтылу  қасиеттерін тәрбиелеу сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.

Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты – пәндік онкүндік. 2021 жылдың 23.11-05.12 күндері аралығында «Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп» КММ-де математика, информатика және физика пәндер онкүндігі өтті. Онкүндіктің мақсаты: Мұғалімдердің педагогогикалық және  кәсіби шеберлігін, құзырлылығын және сабақ беру әдістемесін үздіксіз жетілдіру арқылы оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылық деңгейінің жоғары сатыға жетуіне ықпал ету.

Қазіргі кезде сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын, білім алушылардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кең, әрі терең ойлауға қабілетті болуын талап етеді.Сондықтан мектебімізде өткен онкүндік барысында  мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті. Соның ішінде интеллектуалды сайыстар, кештер, қабырға газеті сайысы, олимпиадалар, сыныптан тыс іс-шаралар оқушылардың математика, физика және информатика пәндеріне  қызығушыылығын одан әрі арттыра түсті. Атап айтар болсақ, математика пәнінен – «Логикалық есептер сайысы» 5-7 сыныптар, физика пәні мұғалі Ж.Буданова 11 сыныптар арасында «Что? Где? Когда?» ойнын өткізсе, жас маман Б.Кабдиева «XI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды сайысын ұйымдастырды. 9-10 сыныптар арасында «Математикалқ дода», жас мамандар арасында «Миф және Спорт» атты байқаулар өтті. Іс-шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін, логика  мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын  көрсетіп, қосымша білім де алды.

Жоғарыда аталған іс-шараларды өткізуде «Ұстаздың еңбегі шығармашылықтан тұрады» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, әр оқушы қазақ елін дамытушы, әлемдегі дамыған елдермен тепе-теңдікке жетуге ат салушы тұлға екенін ашып, бағыттады. Онкүндік барысында  «Жанашырлыққа жан риза» деген ұстанымды жалау етіп, мектебіміздің директоры Р.Ахметованың ұйымдасыруымен математика, физика және информатика пәндері бірлестігінің мұғалімдері 11 сынып оқушыларымен бірге Есік қаласында орналасқан отбасылық үлгідегі «Есеновтер» балалар үйіне арнайы келіп, балалардың жағдайымен танысып, сыйлықтарын табыстады. Ұстаздардың қайырымдылық ісі мектебіміздегі ерекше білімді қажет ететін оқушыларға жаңа жылдық сыйлық жасаумен жалғасын тапты. Қорыта келе айтарым, ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті, болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады. Осындай ұстаздары бар Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев мектебінің оқушылары  келешекте ел қамын күйттейтін, қайырымды бо­луға барынша тырысатын ұлағатты ұрпақ болып ер жетері даусыз.

 

Г.Абдуманап,

Д.Қонаев атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі

Оқылды 1172 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Білімді шәкірт — ұстаз айнасы Ұлы даланың дара ұстазы »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет