Жұма, 11 Ақпан 2022 09:19

Жырға бөлеп жүректі

Қызылжар ауылындағы О.Жандосов атындағы орта мектепте  «Өнерімді еліме арнаймын» деген тақырыпта елімізге белгілі айтыскер ақын, ҚР Журналистер одағының және Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйылығының иегері, ҚР мәдениет қайраткері Серік Қалиевпен кездесу өтті.

 

Кездесуге ауыл ақсақалдары мен ұстаздар қауымы, мектеп оқушылары қатысты. Сөз иесін ардақтаған жас түлектер өлең-жырдан өрім өрген айтыскер ақынға ерекше ықылас танытты. Жыр жүйрігінің шығармашылығына арналған кеште Серік Қалиевтің жүрекжарды өлеңдері  оқылып, ақын сөздеріне жазылған әндер шырқалды. Шығармашылық иесінің өмірінен сыр шертетін түрлі естелік фотолар көрсетілді.

Кездесуде мектеп оқушылары Серік Қалиевтің туған жер мен ұлт рухын ту еткен өлеңдерін оқып, кешті әрлей түсті. Ал ақынға арнау өлең оқыған Гауһар Ардақ, Айбол Жұмағали, Шуақ Ерсін сынды дарынды балалардың жалыны мен арыны көп көңілін толқытты. Сегіз қырлы Серік Қалиев сұлу жырымен қоса, небір сазды сарындарды өмірге әкелгені тағы бар. Әсіресе, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Аңғал досым-ай» әні әуелегенде әр жүректі адамгершілік пен достықтың сыршыл сезімі билеп бара жатты. Сұрақ қойып, өлең оқыған балалардың белсенділігінен-ақ кездесу кешіне мектептің тиянақты дайындалғаны көрініп тұрды.

Сырлы сұхбатқа толы болған әсерлі кеште мектеп оқушылары ақын өмірі мен шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды. Өлең десе ішкен асын жерге қоятын оқушылар ақынның жүрегін жарып шыққан жырларын тыңдап, өлеңдерімен рухани сусындап қайтты. Кеш соңына дейін тапжылмай отырғандығынан-ақ тыңдармандардың қара өлеңге деген махаббатын аңғаруға болады.

Тамаша кештің  соңында оқу ордасының құрметті ұстазы Ысқақ Салманов пен мектеп директоры Айжан Төлеуқызы ақын шығармашылығына табыс тілеп, тілектерін жаудырды. Сонымен қоса, сый-сияпаттарын тапсырып, құрмет көрсетті. Ақын Серік Қалиев өз кезегінде жиналған қауымға ризашылығын білдіріп,

Шомылып көңілдердің көктеміне,

Мен қайттым сапар шегіп өткеніме.

Көктөбенің ел-жұрты жайнай берісін,

Күн кешкен Алатаудың бөктерінде.

Шәкірттер азамат боп еңбек етсін,

Қазақтай бір туатын текті еліне, –

 деп ақ тілегін қара өлеңмен жеткізді.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 1652 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Мамандық таңдау – маңызды шешім Жарқын жүздесу »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет