Бейсенбі, 23 Ақпан 2023 10:50

Жақсылықтың бастауы – Шағбан айы

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) шағбан айына өте қатты көңіл бөлген. Абу Әмәмә Әл-Бәһилден (р.а) жеткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с): «Шағбан айы кіргенде, өздеріңізді тазалаңыздар және ниеттеріңізді дұрыстаңыздар!» – деген.

Шағбан айында сауаптар еселеніп қана қоймай, күнәлардың кешірілуі мен дұға-тілектердің кабыл болу мүмкіндігі молая түседі. Себебі шағбан айындағы елеулі де ерекше сәттердің бірі – Бәраат түні. Яғни, қасиетті шағбан айының 15-і – Бәраат түні. Бұл түн – періштелер жер бетіне түсетін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн. Сондықтан бұл түнде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көп салауат, Алладан біліп-білмей істеген күнәларымыздың кешірілуін тілеп (истиғфар), дұға, ғибадат, құлшылықпен өткізген абзал. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Шағбан айының жартысы толған түнді құлшылықпен (мағынасы мен маңыздылығына сай) өткізіңдер. Күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені, Алла Тағала күн ұясына батқан шақта: «Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін» – деп, таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді», – дей келе, «Алла Тағала шағбан айының он бесінші түні (Бәраат түні) жер бетіне мейірім жаудырып, Өзіне серік қосқандар мен ата-анаға қарсы шыққандардан басқаларды кешіреді», – деп те айтқаны бар. Қай жағынан алып қарасақ та, шағбан айы – құт.

Айша анамыз былайша баяндайды: «Алла елшісі (с.ғ.с) кейбір айлардың көбінде ораза ұстайтын. Тіпті оны бұл айда мүлде ауыз ашпады деп те ойлайтынбыз. Кейбір айлардың көбінде ауыз ашатын. Тіпті оны бұл айда ешбір ораза ұстамады дейтін едік. Алла елшісінің (с.ғ.с) Рамазан айынан басқа айда толық ораза ұстағанын, сондай-ақ шағбан айындағыдай оразамен өткізгенін көрмедік». Әл Әнас (р.а) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с): «Рамазан айындағы оразадан кейін қандай ораза маңызды?» – деп сұрағанда, Алла елшісі (с.ғ.с): «Рамазанға құрмет ретінде шағбан айында ұсталған ораза», – деген. «Қай садақа абзал?» – дегенде, «Рамазан айында берілген садақа», – деп жауап қайтарған.

Қасиетті айда Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сансыз салауат арнаған жөн. Алла Тағала баршамызды шағбан айының берекесіне кенелтіп, құлшылықтарымыз арқылы тақуалыққа, иман ләззатын сезінуге бір табан жақындай түсуді нәсіп етсін!

Сапархан қажы АЙДАРХАНҰЛЫ,

Есік қаласының имамы.

Оқылды 5451 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет