Дүйсенбі, 11 Желтоқсан 2023 16:18

Елдің еңсесі- есті ұрпақ

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан -Адал азамат»атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде кіріспе етіп алған сөзі «Ұлттың жаңа болмысы білім,ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады»деген еді.


Қазіргі таңда «А.Саттаров атындағы орта мектеп,мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9 «А» сынып оқушыларының білім мен мәдениет саласын өз істері арқылы кейінгі буын мен қатарластарының қоғамдағы үлгісі бола отырып,ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңірген ұрпақ өсіп келе жатқаны көрер көзге көрік,көкірекке мақтаныш ұялатты.
Жақында өткен мектепішілік «Патриоттық әндер» байқауында Ұшқын Жамалбектің «Мен қазақтың баласы» атты әнінің әр жолындағы сөздер өне бойларында өріс алып,сабақтан тыс уақытта тұрақты түрде ұлттық құндылығымыздың тізгінін ұстап,тегеуірін танытып жүргені бойларына біткен адамгершілік пен елжандылықтың жемісі болса керек. Ал бұндай шәкірттерді тәрбиелеу тынымсыз еңбек ете жүріп,тағлымын тең дәрежеде көрсете білген ұстаздың ұстанымына ғана сай. Сыныбының сабақтан тыс уақытта ауызбіршілікпен адамгершілікті арқа еткенін байқаған Шорманова Сағын Есболқызының қолдауымен түсірілген бейнебаян байқауда бас жүлдеге лайық деп танылды .Талантты әрі талапты ұрпақтар өсіп келе жатқанын тағы бір рет куә болдық.
Ұлттық мирасымыз салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз ,тіліміз бен дінімізді естіп ,көріп қана емес көкірекке түйіп, сабақтан тыс уақытта әлеуметтік желіге тәуелді болмай, вейп тұтынып тұншықпастан, қазақи болмысымызға қоғамда көлеңке түсірмейтін,әрі ұлттық спорт һәм рухани тазалықтың тұнығы екенін дәріптей алу есті ұрпақтарымыздың қолында екенін тағы бір дәлелдегендей болды.

Маржан Жанұзаққызы
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Оқылды 557 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет