Бейсенбі, 04 Сәуір 2024 15:42

Ұлт саулығына төнген қатер

Денсаулық – бірінші байлық. Сондықтан саламатты өмір салтын ұстанып, деннің сау болуына мән беру аса маңызды. Алайда, бүгінгі жастар арасындағы аурудың көбеюі маңызды мәселеге айналып барады. Бұның себебі көп. Көшеде саудаланатын неше түрлі фастфудтар, майлылығы жоғары тағамдар – аурулардың негізгі себептері. Әсіресе, энергетикалық сусындарды бүгінде жастар, мектеп оқушылары көптеп тұтынады.

Жалпы, энергетикалық сусындар – адамға күні бойы қуатты әрі сергек болуға кө-мектеседі деген ұғым бар. Сусындардың құрамын бел-сенділік деңгейі мен зейінді арттыру және жақсартуға көмектесетін кофеин, таурин, гуарана және басқа да түрлі ынталандырушы ингредиенттер құрайды. Бірақ, жоғарыда аталған сусынның құрамындағы заттар адам ағзасына өте зиян, яғни, энергетикалық сусындар денсаулыққа айтарлықтай теріс әсер етуі әбден мүмкін.

Бүгінде көшедегі жастардың қолынан «Gorilla», «Red Bull», «Dizzy» сусындарын көру қалыпты жағдайға айналып барады. Осыдан он шақты жыл бұрын қазақ қоғамы үшін таңсық болған бұл сусындарсыз жас-тар бір күнін елестете алмайды. Тұтыну себебі де айқын, сусын сергітеді, ұйқыны ашады, ағзаға қуат береді. Бірақ, мынаны естен шығармағанымыз абзал, энергетикалық сусындарда кофеин көп, бұл өз кезегінде жүйке ауруына, ұйқысыздыққа, жүрек проблемаларына және қан қысымының жоғарылауына, тәуелділікке әкелуі мүмкін.Сондай-ақ энергетикалық сусындарда кофеин мен басқа да стимуляторлардың ащы дәмін жасыру үшін көп мөлшерде қант болады. Ал қантты шамадан тыс тұтыну денсаулыққа зиян екенін екінің бірі біле бермесі анық. Қантты көп тұтыну семіздік, қант диабеті және тіс жегісі сияқты ауруларға әкеледі. Мұны дәрігерлер де растап отыр.

«Сергектік сыйлайтын сусындарды жиі пайдалана-тын мектеп жасындағы балалардың бауыры 35 жас-тағы маскүнемдікіндей болып тұрады. Сондықтан бұл улағыш сұйықтықты ішкен жасөспірімдер түрлі ауруларға шалдыққыш келеді. Жүрек дертіне, жүйке жүйесі, асқазан, бауыр, тіпті қатерлі ісікке ұласады. Сондықтан балалар мен жүкті әйелдерге және қарт адамдар мен гипертониясы бар жандарға бұл сусынды ішуге болмайды. Сонымен қатар, энергетикалық сусындар ағзаны күш-қуатпен қамтамасыз етеді деген жаңсақ сенім қалыптасқан. Сусында ондай қасиет жоқ, ол – тек энергия қоздырушысы. Яғни, біз өз бойымыздағы қорымызды пайдаланамыз, қысқаша айтқанда, энергияны өзімізден қарызға ала тұрамыз. Алайда ерте ме, кеш пе бұл қарызды шаршағандық, ұйқысыздық, ашушаңдық түріндегі пайызбен қайтаруға тура келеді. Бір сөзбен айтқанда, ағзадағы өмір бойына жететін күш-қуатты тез арада сыртқа айдап шығаруға бағытталған сусын оны сарқа тауысып, әлсіздікке ұшыратып, адамды тез қартайтады» – дейді дәрігерлер.

Тіпті бұл сусын адам өліміне әкеп соқтырған жағдай-лар да тіркелген. Сондықтан, дамыған мемлекеттерде энер-гетикалық сусындармен күрес күшейтілген. Адам өліміне әкеліп соқтырған алғашқы дерек 2009 жылы тіркелген. Пенза қаласының студенті осы сусындарды шектен тыс пайдалану-дың салдарынан көз жұмған. Осыдан кейін Франция мен Германия елдерінде бұл сусындарды өндіруге тыйым салған.

Энергетикалық суындар-ды шамадан тыс тұтыну қайғылы жағдайға әкелмесе де, денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді. Сусындар бас ауруы, алаңдаушылық, ашуланшақтық, тіпті үрей шабуылдары сияқты жағымсыз жанама әсер беруі мүмкін. Сондай-ақ асқазанның бұзылуы, шамадан тыс терлеу және қолдың дірілдеуі – сусынның салдары.

Жасыратыны жоқ, сусынды бір ішкен адам қайта құмартып тұрады. Оның себебі, сусынның құрамындағы кофеин. Түссіз және ақ түсті келетін ащы кристалдар психикаға қатты әсер еткендіктен, сұйықтыққа тәуелділік туындатады. Сол себепті бір ішкен соң қайта-қайта өзіне баурап тұрады. Кофеиннің мөлшері неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым жүйке белсенді жұмыс істей  бастайды.

Бұның орнына қарапайым су ішу – әлдеқайда пайдалы. Суды күнде мөлшермен тұтыну, тіпті, бірқатар аурулардың алдын алады. Оны ғалымдар дәлелдеген.

Қазақ халқы есте жоқ ескі заманнан табиғи өнімдерді пайдаланып, деннің саулығына аса мән берген. Сондықтан, ет жеп, қымыз ішіп, сүт өнімдерін тұтынған бабаларымыз ұлан-ғайыр атырапты ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен сыртқы жаулардан қорғап, бізге аманат етіп қалдырған. Ал көлемі жағынан әлемде 9 орынды алатын аумақты көздің қарашығындай сақтап отыру үшін ұлттың саулығын қамта-масыз ету аса маңызды. Ол үшін табиғи таза өнімдерді тұтынуымыз қажет. Бұл – мамандар кеңесі.

– Құрамындағы қанттың мөлшері шамадан тыс, түрлі бояулар, химикаттарға толы газбен жасалатын энергетикалық сусындарды ақсүйек адамдар ішпейді. Мен көпшілікке бие сүтін ішуді ұсынамын. Бие сүті адам ағзасының қуатын арттырады. Оның құрамында ағзаға зиянды өнімдер жоқ. Бие сүтін «Тәңір ұсынған сусын» деп айтар едім, – дейді «Тағамтану» академиясының президенті Төрегелді Шарманов. Рас, нағыз табиғи энергетикалық сусын ол – қымыз. Оны тек сусын ретінде ғана емес, туберкулез, обыр, тұмау сынды аурулардың емі ретінде тұтынуға болады. Тағы бір қызық жайт, ана сүтіндегі дәрумендер мен микроэлементтер қымыздың құрамында болатынын да ғалымдар дәлелдеген.

«Үйірілген сары алтындай

 сары қымыз,

Ауруға – ем, сауға – қуат

 дәрі қымыз.

Елімнің баяғыдай

сүйген асы,

Шығаршы тағы нең бар

кәрі қымыз», –

деп жыл алыбы Жамбыл Жабаев жырлағандай, ұлттық су-сынның адам денсаулығына пайдасын медицина мамандары дәлелдеген. Сондықтан, өзгенің қаңсығын таңсық қылмай, бабамыздан қалған ұлттық сусынды тұтынайық. Сонда ғана елдің ертеңі болған жастардың дені сау  болып, саламатты Қазақстанның негізі қаланады.

 

 

Маржан БАЛАХАНОВА,

Абылай хан атындағы орта мектептің оқушысы.

 

Оқылды 554 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет