Жұма, 22 Сәуір 2022 10:11

Мерейлі мереке музейде

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан бастап жыл сайын 18 сәуір күні атап өтіледі. Мерекеге орай «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында дәстүрлі мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Шара шымылдығы «Есік» музей-қорығының директоры Гүлмира Райылқызының құттықтау сөзімен түрілді. Іс-шара қонақтары ауданымызға белгілі Ерқуат Оңашқан мен Қожан Нұркелді сынды ақындардың айтысына куә болып, Алтай Үсеновтің «Алтын адам» атты шығармасын тыңдады. Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері «Балбырауын», «Адай» күйлерін шертіп, биші қыздар өз өнерлерлерін ортаға салды. Сонымен қатар студенттер арасында ақиық ақын М.Мақатаевтың шығармаларынан үзінді оқыған өнерпаздарда болды.

Мерекелік шараның жалғасы саятшы Нұрасылхан Сейітханұлының құсбегілік өнерімен және Байдаралы отбасының  қазақ халқының «Бес қару» жауынгерлік өнеріндегі садақ ату, найза, қылыш, айбалта және пышақ сынды қаруларды қарсыласына сермеу, қолдану әдістерін көрсетумен жалғасты.

Сондай-ақ студенттерге арнайы квест ойыны ұйымдастырылып, мерекелік шарада музей-қорықпен жыл бойы белсенді әріптестік танытқан туризм саласындағы гид-экскурсоводтарына, музей демеушілері мен құрметті қонақтарына алғыс хат пен екінші бесжылдық 2015-2020 жалдырдағы есеп-альбомы сыйға берілді

Жыл сайынғы дәстүр бойынша «Атадан мал қалғанша тал қалсын» деп, жеке кәсіпкер Нұрлан Көкеновің демеушілігімен музей-қорық ауласына ағаш отырғызылып, қанақтарға мерекелік Наурыз-дәм ұсынылды.

Аталмыш іс-шара соңында қорық-музей қызметкерлері мен қонақтары студенттердің қорғандар арасында көрсеткен флешмоб биін тамашалап, естелік суретке түсті.

 Ә.АМАРГАЗИЕВА,

«Есік» музей-қорығының қызметкері.

Оқылды 1525 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет