Сейсенбі, 03 Мамыр 2022 11:10

Асаба мәдениеті

Асаба мәдениеті https://www.egemen.kz/

Тойдың көңілді, мазмұнды өтуі асабаға тікелей байланысты. Ұшқыр ой, ұтқыр сөз, жарасымды әзіл-қалжың, тәрбиелік мәнді айшықты әңгіме, қонақтарды жалықтырмайтыны белгілі. Сөздің құдіретіне бас иіп, бүкіл ғұмырын, тарихын сөзбен жасаған, жауын да, дауын да сөзбен тоқтатқан, сөзбен шешкен халықтың ұрпағына сөз киесіне ерекше ден қоюы заңдылық. Тойдағы дастарқанның сәні де, мәні де асабаның шеберлігіне байланысты екені рас.

Атақты Досбол шешеннен: «Қол бастау қиын ба, жол бастау қиын ба?» – деп сұрағанда: «Қол бастау қиын емес көк найзалы ерің болса, жол бастау қиын емес соңыңнан ерген елің болса, бәрінен де сөз бастау қиын, тауып айтсаң мереке қылады, жаңсақ айтсаң келеке қылады», – деген екен. Тойдың көңілді, ән-күймен мазмұнды өтуі асабаға байланысты дейтініміз де осыдан. Күлдіретін де, бүлдіретін де, жылататын да, жұбататын да – тіл. Содан да қандай ортада болмасын оған жүрдім-бардым қарау тыңдаушыңды сыйламау дер едік.

Соңғы кезде той басқаратын асабалардың көбі әзіл-қалжың айтуға назар аударуда. Бірақ күлкінің де реті бар. Күлдіре отырып білдіруге де, бүлдіруге де болады. Жеңіл, мазмұны мәнсіз, ырқыл-жырқыл күлкі де, езу тартып-ақ елді аузына қарататын астарында атан түйеге жүк боларлық мағынаны аңғартатын күлкі де бар.

Ұзын-сонар өңкей әзіл айта беру де отырыстың дәмін кетіріп, қонақтарды мезі ететінін көріп жүрміз. Ұтымды, керек жерінде қысқа да нұсқа айтылған әңгіменің қандай орында да бағасы басым. Қандай да болмасын әзілдің де, әңгіменің де астарында сол күнгі той иелеріне лайық тәрбиелік мәні бар ой жатқаны жөн емес пе?

Бір үйлену тойында асаба қазақтың ескі жырларынан біршама төкпектетті. Жырдың негізгі мазмұны қарттықтың қауқары кете бастағандығы, арман мұңы, сексен, тоқсанға келгендегі сәттерін баяндайтындай болды.

Тілек кезегі келгенде елге сыйлы бір ағамыз: «Қарағым асаба, бүгінгі той – жастардың отау құру тойы. Жырыңды айтсаң, жастыққа орай мазмұны барын айт. Сенің жаңағы кәріліктің мұңын тыңдатар тойың бұл емес. Бұл сексен, тоқсанның мерекесі емес!» – деп тұқыртып тастағаны бар.

Сөздің қадірін білетіндер қалт жібермейді. Сөз айтылған соң тыңдалады да, бағаланады деп есептеуіміз керек. Көпшіліктің алдында аңдамай сөйлеп, ауырмай өлуге болмайды.

Сөзге шеберлік, суырыпсалмалық, ұтқырлық – асабаға жарасымды қасиеттер. Қонақтар мен той иесінің арасын әдемі жымдастырып жарасымды үйлестіріп отыру асабаның шеберлігіне тән.

Сонымен асабалардың қалтасындағы қалжыңдары, қоржынындағы ойындары бірсарынды өрбіп, тойға жиналғандарды жалықтырып жіберетін тұстары аз емес. Шыны керек, соңғы кездері қазақы мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз ұмыт қалып, қазақтың тойы өзіндік мәнін де, мағынасын да жоғалтып бара жатыр деушілер аз емес.

М.ӘДІЛХАНҰЛЫ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Оқылды 2192 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Сөз түзелді... Тағылымы мол көрме »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет