Бейсенбі, 26 Мамыр 2022 14:40

Мәдениет қызметкерлерінің еңбегі бағаланды

Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады. Ұлттық мәдениеттің бір бөлігі – Еңбекшіқазақ ауданы қасиетті өнердің киелі бесігі, дарынды тұлғалардың мекені.

Ауданымыздың мәдениет саласының қызметкерлері елдігімізді, ғасырлар бойы мұра болған асыл қазынаны ұрпаққа жеткізу жолында ауқымды жұмыстар атқаруда. Өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Осы орайда, еліміздің өркендеп-өсуіне, мәдениет биігіне шығармашылық тұрғыдан қызмет етіп, халықты тамаша өнерлерімен қуантып жүрген мәдениет қызметкерлерін аудан әкімі Қуат Сұлтанғазиев арнайы құттықтап, мерекеге орай марапаттарын табыстады.

Мәдениет саласында аянбай тер төгіп жүрген азаматтарға ризышылығын білдірген аудан әкімі Көлді ауылдық мәдениет үйінің директоры Сания Бусабаеваға, Қаражота ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Арайлым Айбасоваға, аудандық кітапхананың кітапханашысы Саням  Азизоваға, Еңбекшіқазақ ауданының аудандық кітапхана директоры Зинахан Бошугуловаға және Гүлнар Жандосоваға, Шелек ауылдық кітапханасының кітапшханашысы Артыккул Адамбековаға, Ақтоған ауылдық клубының директоры Ділмұрат Меңлібайға Алғыс хаттар тапсырды.

Алматы облысының «Үздік мәдениет үйі қызметкері» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Бауыржан Шаяхметовті жетістігімен құттықтап, Алғыс хат табыстады.

Қуат Елеусізұлы бабалар аманатын адал сақтап, бүгінге жеткізіп жүрген мәдениет майталмандарының отбасыларына бақ-береке, жаңа бастамаларына сәттілік, биік шығармашылық табыстар мен жоғары жетістіктер тіледі.                                                                

Өз тілшіміз.

Оқылды 2300 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет