Жұма, 16 Қыркүйек 2022 14:48

Бірлік – береке бастауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында: «Халқымыз татулық пен тұрақтылыққа ерекше мән берген. Оны бәрінен биік қойған. Біз дәл осы кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білуіміз керек», – деп жалпыхалықтық ынтымақты нығайтуға, қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлау керектігін, ел егемендігімен жер тұтастығын сақтап қалу басты міндет екенін айрықша атап өтті.

Өткен аптаның жұма күні Шелек ауылында округ әкімі аппаратының және аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім мекені» атты форум өтті. Бұл форумның құрметті қонағы Қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің, «Тіл жанашыры» және «Құрмет» белгісінің иегері, ұлты әзербайжан болса да, жүрегі қазақ деп соғатын Асылы Әлиқызы Осман апаны жергілікті тұрғындар зор ықыласпен қарсы алды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Тіл білімі институтында ғылыми қызмет еткен, Қазақстан Республикасы Министрлер Комитеті жанындағы тіл комитетінің Ұлт тілдерін дамыту басқармасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитетінде мемлекеттік тілді дамыту, терминология және ономастика жұмысы жөніндегі Бас басқарманың бастығы, тіл туралы көптеген кітаптардың авторы, 200-ден аса ғылыми және аударма мақалалары жарық көрген Асылы Әлиқызының еңбегі де асыл екенін барша қазақстандықтар мойындайды. Бұл жиында да Асылы апайдың бейбітшілік тұрақтылық пен ынтымақ-бірліктен бастау алатынын маржан сөзбен өрнектеп, асыл ойын анық жеткізген шешендігіне сүйсініп, құрмет көрсетті.

Қазақ тілін дамыту, оны шын мәнінде мемлекеттік тіл деңгейіне жеткізу ісіне белсене атсалысып жүрген Асылы Әлиқызы көп ұлт өкілдерінің басын біріктіріп, тағдыр тәлкегіне түскен халыққа пана болған да осы дана қазақ халқы екенін өзінің басынан кешірген өмірінен мысал келтіре айтып, сүйем жері сүйкімді, қарыс жері қасиетті қазақ жерінде татулықты ту етіп, өмір сүруден асқан бақыттың жоқ екенін әңгімесіне арқау етті. Өзге ұлт өкілдеріне бірлікте тірлік жасап, Қазақстанның көк туын биікте желбіреп тұруына шақырды. Қазақтың наны тәтті, нанын жеген адам, тіліне де құрметпен қарау керектігін баса айтты. «Қазақ даласы өзге ұлт өкілдерін жатсынбайды. Қазақтың мейірімі халықтарды мәпелейді. Ұлтаралық татулық – көкте Құдайдың, жерде қазақтың арқасы. Қиын кезде бүтінін бөліп, бауырына басқан қазақ халқына алғысым шексіз!» – деп Қазақстан – ортақ Отаның болса, қазақ тілі де ортақ тіл болатынын, қазақша білмеу – сорлылық екенін қадап айтты. Түрік тілінің ішіндегі қазақ тілі – гаухар тіл екенін, қазақтың тілін Құдай зор етсе, білмейтіндер қор етіп жүргенін де жасырмады. Болашақ – жастардікі, олай болса, кейінгі ұрпаққа елдің тірегі бірлігі мен тілі екенін айтып, білімді де, тәрбиелі, саналы болып өсуге үндеді.

Бұл бас қосуда Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары Мәди Бектасов, ақсақалдар алқасының төрағасы Әбілбек Айтақынов, ұйғыр халқының ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, республикалық «Іле өңірі – Или вәдиси»  газетінің тілшісі Иминжан Тохтияров жастардың болашағына бағдар болатын ақыл-кеңестерін айтты. Жиын соңында аудан жастары ресурстық орталығының психолог маманы Айгерім Дәулетханова сөз сөйлеп, қонақтарға алғысын айтты. Жергілікті өнерпаздардың шағын концертін тамашалап тарасты жиналған жұрт.

Анарбек БЕРДІБАЕВ, тілші.

Бибінұр МОЛДАБЕКОВА, әкім аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы.

Оқылды 3781 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет