Бейсенбі, 18 Қазан 2018 11:38

Адал жұмыс – таза табыс

Осы жылдың 21 маусымында Алматы облыстық «Бизнес және инвестицияларды қорғау» агенттігінің бастамасымен Алматы облысының кәсіпкерлері мен мемлекеттік органдарының өкілдерін таныстыру рәсімі өткен болатын. Осыған байланысты 289 миллиард 174 миллион теңге көлемінде 15 келісімшартқа қол қою көзделген. Оның ішінде Түркия, Иран, Жапония, ҚХР, Нидерланды, Германия, Корея, БАӘ сияқты елдерден келген 12 шетелдік компания және ірі капиталға ие отандық инвесторлар бар.  Осыған байланысты, 12 қазан күні облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы С.Нұрғисаев Есік қаласындағы Райымбек атындағы орта мектебінде арнайы өткізілген жиналыста отандық 3 компаниямен өзара келісімшартқа қол қойды (суретте). Кездесуге аудан әкімі Б.Ысқақ қатысты.

Одан әрі Қазақстан Респуб-ликасының Президенті Н.Назар-баевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау жиынына қатысты.  Жиынды мәслихат хатшысы Б.Ахметов ашып, жүргізіп отырды. Жолдауды талқылау барысында аудан әкімі Б.Ысқақ: «Мемлекет басшысы ұсынған нақты мақсат, батыл бастамалардың аясында еліміз экономикалық және әлеуметтік гүлденуге қол жеткізіп, алғашқы шыңы «Қазақстан – 2030» стратегиясын жүйелі жүзеге асырып, соңғы 3-4 жылда қабылданған жаңа бағдарламалар мен заңдардың, саяси тұрақтылық пен қоғамдық консенустың арқасында алдағы көкжиегіміз «Қазақстан – 2050» стратегиялық жоспарын, Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасымен кезең-кезеңі-мен бағындырып келеді.

Бұдан бөлек, Біз биыл жаңғырудың жаңа көкжиектерін ашып, іргелі процестерді жүйелі түрде жүзеге асыруға арналған еліміздің Үшінші жаңғыруына кірістік. Жаңғыру үрдісі негізгі үш сала – экономикалық, саяси және рухани бағыттар бойынша өрбуде.

Бұл бастамалар, жақында жарық көрген Қазақстан Рес-публикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арналған жаңа Жолдауымен толығып отыр» – деп, жиналған-дарға жаңа Жолдаудың маңызын ұғындырды. Кейіннен Елбасы жүктеген міндеттерді сапалы орындауда бірқатар тапсырмалар да берді аудан басшысы:

– Бұл жолы да Ұлт Көшбасшысы ең басты қағидат прагматизм екеніне кезекті рет назар аудартты. Жолдауда алдымызға қойған белестерді іске асыру бойынша негізгі назар аударылатын 6 міндетке топтастырылған нақты жұмыс-тар мен басымдықтарды айқындауымыз қажет, – дей келе «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылғанын айрықша атады әрі: – Елбасы үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны бір жарым есеге көтеруді тапсырды. Бұл ауданның 300 мыңға жуық тұрғынына тікелей байланысты. Соның ішінде 9 мың бюджеттік ұйым қызметкерлеріне еңбекақы орта есеппен 35 пайызға өседі. Сол себепті, орынбасарым А.Досумбаевқа, экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне қаржы қажеттілігін анықтап, оны 2019 жылға арналған бюджетке қарастыруды; орынбасарым М.Бекетаевқа және ауылшаруа-шылығы бөліміне бір ай ішінде 9 басым бағытты қамтитын ауданның АӨК дамытудың өңірлік бағдарламасын әзірлеп, бекітуді;  орынбасарым Д.Нұрғисаевқа, А.Досымбаевқа, М.Бекетаевқа, кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы  бөлімдеріне, қала, округ әкім-деріне инвесторларға жайлы жағдай жасауды; аудан әкімінің бірінші орынбасары Н.Құдай-бергеновқа үш ауысымды мек-тептердің мәселесін шешу мақсатында 3 жаңа мектептің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуді; аудан әкімінің орынбасары А.Бидаевқа және аудандық орталық емханаға 1 қаңтар 2019 жылға дейін қағазбастылықтан арылып, электронды денсаулық паспортын жөнге келтіруді; Елбасы Жолдауында 100 дене шынықтыру және сауықтыру кешендерін салуды міндет етті. Осы ретте аудан әкімінің бірінші орынбасары Н.Құдайбергеновке, аудан әкімінің орынбасары А.Бидаевқа, аудандық құрылыс, дене шынықтыру және  спорт бөлімде-ріне Шелек ауылынан спорт кешенін салуға облысқа ұсыныс беруге, және ауылдық жерлерде спорт алаңдарын ашуды тапсырды; Қазір Елбасы тапсырмасымен мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тәртібі де өзгеріс жолында. Сәйкесінше, әр деңгейлі мамандардың еңбекақылары да 2-2,5 есе өседі. Осы ретте аудан әкімінің аппарат басшысы Б.Керімбековке бір ай мерзім ішінде жаңа тәсілге көшу үшін мемлекеттік қызметшілердің сапасын оңтайландыруды; аудан әкімінің орынбасары А.Би-даевқа, аудандық ішкі саясат бөліміне, Есік қаласы мен ауылдық округ әкімдеріне Елбасы Жолдауын түсіндіру жұ-мыстарын жүргізуді, балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн және мектеп туризмін дамытуы тиіс. Жыл соңына дейін «Еңбекшіқазақ ауданының жас-тары»  атты кең ауқымды форум өткізуді; бірінші орынбасарым Н.Құдайбергеновке және орынбасарым А.Досымбаевқа елді мекеннің перспективалық даму жоспарларын ескере отырып, қосымша инфрақұрылымдық жобалар тізбесін құруды, сон-дай-ақ, бұл секторға жеке инвесторларды тарту үшін жағ-дай жасауды міндет етемін. Тағы бір маңызды бағыт – жер қатынастары және құрылыс саласында бюрократтық рәсім-дерді қысқарту болып табылады. Осы бағытта орынбасарым М.Бекетаевқа, жер қатынастары бөліміне, Есік қаласы мен ауыл-дық округ әкімдеріне біріктіру жолымен жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәліметтердің бірыңғай ақпараттық базасын жасауды; аудан әкімінің бірінші орынбасары Н.Құдайбергеновке, аудандық ішкі істер басқармасына тұрғын-дарға ыңғайлы болуы үшін қоғам-дық қабылдауды ХҚКО принципі негізінде өткізуге ұсыныс беруді тапсырамын. «7-20-25» бағдар-ламасы басталғалы алты ай болды. Алайда, әлі күнге дейін сатып алушылардың толық пулы қалыптастырылмаған. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде жалдамалы және несиелік тұрғын үйлердің іске қосылуын ұлғайту қажет. Сол себепті, бірінші орынбасарым Н.Құдайбергеновке, орынбасарым А.Досымбаевқа тұрғын үй салу үшін жеке инвесторларды тарту мәселесін пысықтауды, сондай-ақ, жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын», – деп, Жолдаудағы міндеттердің орындалуын пысықтады.

Келесі болып сөз алған облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы С.Нұрғисаев Елбасы Жолдауында айтылған ең төменгі жалақыны 1,5 есе арттыру туралы айта келіп, мемлекет қызметінде жүрген азаматтарға да тоқталып өтті. «Бүгінде кез-келген қызметкер бастық болуға тырысады. Оны да түсінуге болады. Өйткені, бастық болмасаң жалақың да өспейді. Ал жаңа Жолдауға сай және әлемдік тәжірибелер бойынша енді олай болмайды. Дамыған елдерде 7 қызметкерге бір бастық, 700 қызметкерге 1 бухгалтерден келсе, бізде әрбір 1,5 қызметкерге бір бастық, 25 қызметкерге бір бухгалтерден келеді екен. Енді біздің еліміз де осы жүйеге көшпек. Бұл дегеніміз болашақта жақсы маманның жалақысы бастықтың жалақысынан әлдеқайда артық болмақ. Сонда ешкім бастық болуға қызыға қоймайды», – деді. Бұдан бөлек, басшылық қызметте жүрген азаматтарға арнап: «Басшылық қызметте жүрген азаматтарға да ескерте кетейін. Жұмысты барынша адал істеуге тырысыңыздар. Жер сату, халықтың нәпақасына ортақтасу деген сияқты қитұрқылыққа барады екенсіздер, онда әңгіме басқа болады. Оның нәтижесі темір тормен аяқталады. Егер жұмысты ойдағыдай атқарсаңыз-дар жылдық жалақыңызға тең үстемақыға ие боласыздар. Әри-не, ескерту алмаған жағдай-да ғана. Адал жұмыс – таза табыс. Сондықтан барынша халық-қа жұмыс жасаңыздар», – деген ескертуін де айта кетті.

Жалпы, жаңа Жолдаудың ел көңілінен шығып, халықтың әл-ауқатын көтеруге түрткі болары анық. Десе де, Жолдаудың жүзеге асуы барша мемлекеттік қызметкерлердің ерен еңбегі мен қажыр-қайратын қажет етеді.

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

 

 

Оқылды 1610 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет