Сәрсенбі, 21 Ақпан 2024 14:52

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округінің әкіміне үміткер Асыл Дәркембайұлының сайлауалды бағдарламасы

Мен Дәркембайұлы Асыл, 1983 жылдың 25 қаңтар күні Алматы қаласында дүниеге келдім. 2003 жылы Қазақ Гуманитарлық Заң Университетін заңгер мамандығы бойынша тәмәмдап, 2004-2006 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінде жедел уәкіл полиция аға лейтенанты қызметін атқардым. 2014 жылға дейін ішкі істер саласында түрлі қызметте болып, полиция майоры шенінде аяқтадым. 2014-2023 жылдар аралығында жеке компанияларда қауіпсіздік қызметтерінде және заңгер болып жұмыс істедім. 2023 жылы Еңбекшіқазақ аудандандық мәслихатының VIII-шақырылым депутаты болып сайландым. Қазіргі уақытта Бөлек батыр атындағы орта мектепте мұғалім қызметін атқарып келемін.

Мен жақсы жасалған жұмыстың жақтаушысымын, нақты тапсырманың, қажырлы қызметтің қолдаушысымын. Менің кандидатурамды қолдап, дауыс берсеңіздер, тұрғындардың пікірін тыңдап, олардың мүдделерін қорғау үшін және тиісті шаралар қабылдау үшін барымды саламын.

Мемлекет пен жергілікті билік сапалы өмір сүруге жағдай жасауы керек:

- ауыл адамдарына лайықты жағдай жасалған жаңа жұмыс орындарын ашу;

- таза ауызсумен қамтамасыз ету;

- таза және әдемі көшелер;

- интернетті қолжетімді етіп, оның жұмысын жақсарту үшін жұмыс істеу;

- коммуналдық қызметтің жұмыс аясын кеңітіп, уақытылы қоқыс қалдықтарын шығару (өңдеу);

- жерді жалға алған азаматтардың келісімшарттарын қайта қарап, мүмкіншіліктерді бір дәрежеге келтіру;

- жайылымға арналған жерлерге қатысты мәселелерді шешіп, ауыл малының аштан, жұттан өлуіне жол бермеу керек

Мемлекет пен жергілікті билік аграрлық шаруашылық пен кәсіпкерліктің өсуіне жағдай жасауы керек:

- кәсіпкерліктің дамуына жол ашу;

- ауыл шаруашылығы саласының дамуын қолдау;

- суармалы судың мәселесін шешу.

Мемлекет пен жергілікті билік әр тұлғаны әлеуметтік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету керек:

- бюджеттік ұйымдардың ғимараттарын және ауылдық инфрақұрылымын әлеуметтік-маңызды объектілерін реттеп, оларды жаңа заман талабына сай ету;

- жағдайы төмен отбасыларды қолдап, оларға көмек көрсету;

- заңгер көмегін алуға жағдай жасау.

Мемлекет пен жергілікті билік халықты сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуі тиіс:

- алғашқы медициналық көмек көрсететін медициналық мекемелердің материалдық- техникалық базасын нығайту.

Мемлекет пен жергілікті билік жастардың дамуына үлес қосуы керек:

- балаларға арналған алаңдар мен спорт кешендерін салу;

- балаларға арналған спорт мектебін ашу;

- балаларды мектепке таситын көлік мәселесін ұйымдастыру.

Мемлекет пен жергілікті билік халықты естуі керек!

Әкімнің жұмысын қоғамдық бақылау қадағалайды. Атқарылған жұмыс, шешім шығару үшін анық әрі айқын болуы керек.

- бюджет қаражатының пайдалануына қоғамдық бақылауды енгізу;

- ауыл тұрғындарын даму бағдарламаларын жасауға және жылдық бюджетті жасауға шақыру. Кез келген тұрғын ауылға не қажет екенін біледі.

Біз сапалы өмірді бірге жасаймыз.

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңызға сенемін.

Біздің арман-мақсаттарымыз өз ауылдық округімізде орындалуы тиіс.

Қалаған биігімізге туған жерде жетейік!

Оқылды 1000 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет