Жұма, 17 Мамыр 2019 10:48

2018 жылғы қызмет қорытындысы бағаланды

2018 жылғы қызмет қорытындысы бағаланды mezet.kz

Қазақстан Республикасы мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Аппарат басшысы  Саян Қылышұлы Ахметжановтың баяндамасы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысына сәйкес «Бонустардың мөлшерін есептеу әдістемесі» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы  15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген.

Бонус – мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгіленетін ақшалай төлем.

Сонымен, Агенттік пен оның аумақтық департаменттерінің әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің 2018 жылғы қызметтерін бағалау қорытындысы бойынша бонустар төлемі туралы егжей-тегжейлі айта кетсек, әкімшілік қызметкерге бонус мөлшерін анықтау келесі шаралардан тұрады:

  1. Мемлекеттік органның бонустық қорын анықтау.

Мемлекеттік органға бонус төлеуге бөлінген қаражатты тиісті ереже бойынша сол мемлекеттік органның бірінші басшысының мемарандумының орындалуымен байланыстырған.

Мысалыға, мемарандум бойынша көрсеткіштер 80 пайызға орындалған болса мемлекеттік органға бөлінген қаражаттың 20 пайызы мемлекеттік бюджетке қайтарылады және ол әрбір қызметкерге тиесілі бонус соммасын шегереді.

Агенттік Басшысының мемарандумдағы көрсеткіштері толық орындалуына байланысты бонусқа бөлінген қаражат толығымен Агенттік бюджетінде қалды.

  1. Құрылымдық бөлімшелердің бонустық қорын анықтау.

Ережеге сәйкес есептеуде Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық департаменттері құрылымдық бөлімше ретінде белгіленген.

Құрылымдық бөлімшелердің бонустық қорын анықтау осы бөлімшенің басшысының жеке жұмыс жоспарының орындалуын бағалауға байланысты.

Мұндада, егер бөлімше басшысына бағалау тиімді деп белгіленсе, яғни 80 пайыз болса, осы бөлімшенің 20 пайыз бонус қоры ережедегі формулаларға сәйкес басқа бөлімшелерге таратылады.

Ал егер 100 пайыз толығымен орындалса бөлімшеде бонус қоры өз қызметкерлеріне таратуға қалады.

  1. Мемлекеттік қызметкердің бонусын анықтау.

Қызметкердің тиесілі бонусын анықтау біріншіден арнайы құрылған комиссиямен оның жеке жұмыс жоспарының орындалуына бағалау жүргізіледі.

Сонымен, ережедегі формулаға сәйкес бағаланған пайыз қызметкердің нақты атқарған жұмыс күндерінің санына көбейтіледі.

Мұнда, есепті кезеңде еңбек сіңген нақты жұмыс күндерінің санына қосымша:

1) жыл сайынғы кезекті ақы төленетін демалыста болу уақыты;

2) қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында болған кезеңі;

3) іссапарда болған кезеңі;

4) мемлекеттік әкімшілік қызметші еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты, бірақ есепті кезеңдегі күнтізбелік 20 күннен аспайтын нақты жұмыс істемеген уақыт;

5) жалақысы сақталмайтын демалыста болу, бірақ есепті кезеңдегі күнтізбелік 5 күннен аспайтын уақыт кіреді.

 

Сонымен қатар, егер "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі есепті кезеңнің бір бөлігінде пилоттық органның бір лауазымында, ал осы есепті кезеңнің басқа бөлігінде осы немесе басқа пилоттық органның не өзге мемлекеттік органның басқа лауазымында жұмыс істесе, онда бонус мөлшері осы лауазымда нақты еңбегі сіңген уақыты ескеріле отырып, пилоттық органның әрбір лауазымында есептелген бонустарының сомасыда анықталып төленетін болады.

Осындай есеп қорытындысы бойынша Агенттікте жалпы орта есеппен алғанда әкімшілік қызметкерлерге соммасы 1 және 1,5 млн.теңге мөлшерінде бонус төленді.

Ол өз кезегінде, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарта отырып, қызметкерлердің өз жұмысында міндетін адал атқаруға бірден бір себебін тигізері анық.

Оқылды 981 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет