Бейсенбі, 18 Қазан 2018 11:37

Көршілер қолдауы

Жуырда оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату және бәсекелестік қабілетін арттыру, сонымен бірге, этностар арасындағы достық пен ынтымақтастыққа баулу мақсатында Түрген ауылы, Д.Қонаев атындағы орта мектепте Гонгконг қаласынан келген «Drop of Life» компаниясының жетекшілерімен «Жылы жүрек – жомарт қол» тақырыбында кездесу болып өтті.

Елбасы Н.Назарбаев: «Ынты-мақтастық пен бірлік, ел тағдыры үшін жауапкершілік – бұл біздің қуатымыз бен ертеңгі күнге деген сеніміміздің қайнар көзі», – деген болатын. Демек, ертеңіміз ерекше, болашағымыз баянды болуы үшін көршілерімізбен тату ғұмыр кешу – ең басты қажеттілік. Осындай татулық пен бірлігіміздің белгісі ретінде сонау Гонгконгтан келген қонақтарды Р.Ахметова бастаған мектеп ұжымы ерекше құрметпен қарсы алды. Қонақтарға мектептің тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігі таныстырылып, қазақтың қонақжайлық дәстүрі көрсетілді. Түрген ауылдық округінің әкімі Б.Елеусізова келген қонақтарға жылы лебіз білдіріп, ел атынан алғысын жеткізді. Сонымен бірге, оқушылардың дайындаған шағын концерттік бағдарламасын тамашалады. Одан әрі балалармен бірге ойын ойнап, жүздеген балаға сыйлық үлестірді. Болашақта «Drop of Life» компаниясы өз қаржысымен мектепке көмек бермекші. Сол арқылы мектептің материалдық базасы артып, гүлдене түспек.

 

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

Оқылды 2122 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Көршілер қолдауы Лоторея ойнаңыз »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет