Бейсенбі, 15 Қараша 2018 17:40

«Шелек-2018» пәтер иелері кооперативінің төрағасы Ержан ОМАРОВ: «Билік пен халық арасындағы көпір»

«Шелек-2018» пәтер иелері кооперативінің төрағасы Ержан ОМАРОВ: «Билік пен халық арасындағы көпір» enkaz.kz

      Бүгінде ауылдық жерлерде пәтер иелерінің кооперативін (КСК) құру – маңызды болып отыр. Себебі, айналасы қоқыс алаңына айналып, қаншама уақыттан бері жөндеу көрмеген көп қабатты тұрғын үйлер жетерлік ауданымызда. Осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында алғашқы болып Шелек ауылында ауыл тұрғыны Ержан Омаровтың бастамасымен «Шелек-2018» пәтер иелерінің кооперативі құрылып, жұмысын бас-тап та кетті. Елбасының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан өзін-өзі басқарудың бір бағыты болып есептелетін пәтер иелерінің кооперативі көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайын жақсарта ала ма? Бұл пәтер иелері үшін қаншалықты тиімді? Осы сынды сұрақтарға жауап алу мақсатында кооператив төрағасы Ержан Омаровпен тілдескен болатынбыз.

– Пәтер иелерінің кооперативін қашан және қалай құрдыңыздар, оған Шелек ауылындағы қанша тұрғын үй кіреді?

– Бұл бастаманы біз 2011 жылы көтеріп, 2012 жылы іске кіріскен болатынбыз. Сол кездегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Бөкен Құсайынов, Шелек округінің әкімі Қуат Байғоджаевпен бірлесіп тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Себебі, сол жылдары Президенттің тапсырмасымен көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуге, абаттандыруға пайызсыз несие беріліп, ол қаржы тек пәтер иелерінің кооперативтеріне тиесілі болған. Кейіннен, қиындықтар туындап, бастама аяқсыз қалды. Алайда, осы жылы Шелек округі әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Бахамовпен бірлесіп, осы шаруаны қайта қолға алдық. Қазіргі таңда, «Шелек-2018» ПИК-не ауылдағы 5 көпқабатты тұрғын үй кірейін деп жатыр. Олар: Малай батыр 94, Жібек жолы 33, 8, 10 және Гидростроительная 24 үйлер. Аудан әкімдігінің қолдауымен тұрғын үйлердің мемлекеттік актілері жасалған болатын. Биыл жергілікті қауымдастық өкілдерімен ақылдаса отырып, округтің бюджетінен ақша бөлініп Жібек Жолы 33 үйдің техникалық құжаты (техпаспорт) жасалды. Онсыз ПИК-ке тіркеу мүмкін емес. Қалған үйлердің құжаттарын әзірлеуге қанша қаржы керектігі есептеліп, аудан әкімдігі бюджетке енгізетін болады.

– ПИК құру тұрғындар үшін қаншалықты тиімді?

– Кооператив құру тұрғындар үшін өте тиімді. Себебі, мемлекеттен берілетін түрлі қаржылай көмек, пайызсыз несиелер әр тұрғынға жеке-жеке үлестірілмейді. Осындай жұмыстар тек пәтер иелері кооперативі арқылы жүзеге асады. Қысқасын айтқанда, ПИК – көпқабатты үй тұрғындары мен мемлекет арасындағы көпір. Сонымен қатар, ПИК тұрғын үйлердің айналасының тазалығы мен абаттандыруын, суы мен жарық жүйесін, кәріз жүйесінің, подьезд, жертөле, шатыр, дәліздің күтімін өз мойнына алады.

– Ол үшін ақша жинау керек қой.

– Әрине, бекітілген норма бойынша әр пәтердің көлеміне қарай төлейді. Қазір бір шаршы метріне 48,1 теңге. Бұл жыл сайын өзгеріп отырады. Демек, айына әр пәтер 1500 бен 3000 теңге аралығында ақша өткізеді. Аталған қаражатқа, сантехник, электрик, аула сыпырушыларды жұмысқа алатын боламыз. Бұл соманың ішіне тұрғындарымыз қоқысқа жинап жүрген 500 теңгесі де кіреді.

– Қамтылған үйлердің тұрғындары-мен жиналыс өткіздіңіздер ме? Қандай мәселелер көтерілді?

– Жиналыстар өткізіп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізіп тұрамыз. Олардың ең бірінші проблемасы – шатыр, кейіннен, подьезд бен инженерлік коммуникация. Негізінен, осы үш мәселе.

– Шелектегі көпқабатты тұрғын үйлердегі жылу жүйесі бір ретке келтірілмеген: бірі газбен жылытса, енді бірі көмірмен, электрлі пешті пайдаланады. Осыны шешу жоспарда бар ма?

– Оныңыз рас, негізінен көп пәтерлер көмірмен жылынады. Төртінші-бесінші қабатқа көмір мен отын тасып, күл шығаруға мәжбүр. Қала берді, оны сақтайтын қоймалар, контейнерлер мен қоралар көп орын алып, ауланың сәнін кетіреді. Ал газ балонымен жылытатын үйлер қауіпсіз деп айта алмаймыз. Оқыс оқиғалардың тіркелгені де жасырын емес. Сондықтан, біздің негізгі мәселеміз де осы. ПИК болмай, газ болмайды. Өздеріңізге белгілі, Шелек ауылына өткен жылдан газ құбыры тартыла бастады. Шелектіктер көгілдір отынға қосылып жатыр. Бірақ, бірде-бір көпқабатты үйге газ құбыры жүргізілген жоқ. Өйткені, газ таратушы мекемеге әрбір пәтермен келісім-шарт жасаған тиімсіз. Олар пәтер иелері кооперативімен келісіп қана газ береді. Сондықтан, қазіргі таңда тұрғындарға түсіндіріп, ПИК-нің құрамына кіргізудеміз. Кейіннен, үйдің құжаттарын реттеп, аудандық әкімдікке тапсырамыз. Олар жылу қазандығына бөлінетін ақшаны бюджетке енгізеді. Ал таратушы мекеме газды үйге дейін кіргізіп, ары қарай тұрғындар өздері тартып алады. Бүгінгі таңда, жоғарыда аталған Жібек Жолы көшесіндегі 33-ші үй ғана көгілдір отын кіргізуге дайын. Алайда, газ құбыры ол аумаққа әлі жеткен жоқ.

– Ағымдағы жөндеу жұмыстары да сіздердің құзырларыңызда. Ауылда қанша көпқабатты үй жөндеуді қажет етеді?

– Ауылдағы үйлердің барлығы жөндеуді қажет етеді. Көпқабатты үйлердің алды 50 жыл бұрын салынған. Тоқырау кезінде кооператив жойылып, әр пәтер өз алдына күн көре бастады. Салдарынан, ауласы қоқысқа толып, жертөлеге кіру мүмкін емес. Балалардың ойын алаңдары жоқ, арнайы автотұрақ та қарастырылмаған. Егер пәтерлер ПИК-нің құрамына кіретін болса, аудан басшылығының көмегімен балалар алаңдарын, жаттығу мен шағын футбол алаңдарын жасауға болады. Алматы қаласына барған сайын, көпқабатты үйлерді аралап, аулаларын қарап жүремін. Бәрі тап-таза, абаттандырылып, демалуға жағдай жасалған. Мұның барлығы ПИК-нің арқасы. Жақын арада біз де осыған қол жеткізетін боламыз.

– Қиындықтар бар ма?

– Барлығы ойдағыдай жүріп жатыр десем, өтірік айтқандық болар. Тұрғындардың кейбірі теледидардан жаңалықтарды естіп алып, «ПИК біздің ақшамызды жеп қояды» деген жаңсақ пікірді айтуда. Олай емес, әрине, судың да сұрауы бар ғой. Бізді де тексереді және тұрғындар алдында жұмсалған әрбір тиын үшін есеп беретін боламыз. Сондықтан, көпқабатты үйлердің тұрғындарына бірауыздан пәтер иелері кооперативінің құрамына өтіңіздер дер едім. Сонда ғана, өз жыртығымызды өзіміз жамауға мүмкіндік болады.

– Сұхбатыңызға рахмет.

 

Әңгімелескен

 Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 1894 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет