Дүйсенбі, 24 Сәуір 2023 14:56

Мылтықсыз майданның мықтылары

Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының 4-блогында 1986 жылдың 26 сәуірінде ережелердің өрескел бұзылуынан жарылыс орын алған болатын. Осы алпауыт апат салдарынан Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қатер төнді. АЭС-нан радиусы 30 шақырым жерде тұратын халық басқа жерлерге көшіріліп, Кеңес Одағының әр республикасынан бөлінген сарбаздар апатты залалсыздандыруға қатысты.

Сол жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да қатысты. Апаттан тікелей 100 адам қайтыс болды. Ал оның салдарынан қайтыс болғандар саны белгісіз. Радиоактивті түтін аймақтан асып, оннан аса мемлекеттің 145 мың шаршы метр жері ластанып, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан 4 мыңдай адам қаза тапты деп хабарлайды. Сол апатты залалсыздандыруға қатысқандар әлі күнге дейін аурудан айыға алмай жүрсе, жартысы өмірден озып та кетті.

Солардың бірі – Тескенсу ауылының тұрғыны Абдыбатыров Нұрлан Тұрсынжанұлы. Ол Украинадағы Выжгород қаласында 3031 әкери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеген. Бұл әскери бөлім Чернобыль АЭС-ын күзету міндетіне жұмылдырылған. Апат кезінде Нұрлан станцияның өзінде күзетте тұрады.

– Апатты аумаққа кіргізіп-шығару режимімен 4 мың адамды ішке кіргізіп, ауысым кезінде оларды шығарып, бақылауға алып тұрдық. Осында 8 ай күзетте тұрып, ең соңында, залалсыздандыру жұмысы аяқталған соң, бізді де босатты. Мен әскери қызметімнің қалған уақытын Свердловск облысының Нижний Тагил қаласында өтеп, елге оралдым, – деп еске алады ол.

Чернобыль ардагері мылтықсыз майданда көрсеткен мықтылығы үшін апаттың орын алғанына 25, 30, 35 жылдық медальдарымен және «Чернобыль батыры», сондай-ақ Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медальдарымен марапатталған. Үш бала тәрбиелеп, ардақты әке атанған азамат.

Нұрланның жерлесі Қарабалаев Таир Сапарғалиұлы да – Чернобыль ардагері. Ол да мектепті бітірісімен, келер жылы әскер қатарына алынып, РФ-ның Саратов қаласында 41058 әскери бөлімінде қызмет атқарады. 1983 жылы Қазақстанда Зайсан қаласындағы 5817 әскери бөлімінде прапорщик шенінде қызмет етеді. Ал, 1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль АЭС апатын залалсыздандыруға жіберіледі.

«Мен сарбаздарды апат орын алған 4-блокқа алып барып жүрдім. Өзім де сол қауіпті аймаққа 7-8 рет кіріп, залалсыздандыру жұмысына қатыстым. Менімен бірге 4-блокта болған Әсет деген толықша келген жігіт өтетін тесіктен сыймай, кептеліп қалды. Соның салдарынан ақ қан ауруына шалдықты. Кейін мен Хоники поселкесінен колоннамен бірге ілесіп, алып барып, алып келіп жүрдім», – деп өткен күннен естелігін айтып берді. Чернобыль АЭС апатының 25, 30 жылдық және «Батыр шапағаты» медальдарының иесі – бес бала тәрбиелеп отырған ардагер әке.

Әлемде ашық түрде жарияланбай құпия жүргізілген, жантүршігерлік алапат сынақ қазақ жерінде ғана өтті. Ол – Семей ядролық майданы. Кеңес үкіметі қалың қазақтың ортасына 456 бомба жарып, 1 миллионнан астам адамды құрбандыққа шалды. Өз елімізде мылтықсыз майданда – Семей полигонын залалсыздандыруға қатысқан тағы бір тескенсулық ардагер Ақжолов Қанатбек Сұлтанұлы еді. Ол Отан алдындағы борышын ШҚО, Аягөз қаласындағы 10810 әскери бөлімінде өтеп жүргенде Ауған соғысына аттандырады. Ол жақтан аман оралған Қанатбек Семей полигонын залалсыздандыруға қатысып, денсаулығынан айырылып, туған жеріне оралады. Полигонның жабылуына 20, 25 жылдық және интернационалист жауынгер медальдарымен марапатталады. Отбасын құрып, үш балалы болып, былтыр қараша айында қайтыс болады. Ел қауіпсіздігі үшін ажалмен алысқан ерлік ұмытылмайды.

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

Оқылды 11574 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Алтайдың асқар тұлғасы Алғыс арқалаған ардақты ана »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет