Бейсенбі, 01 Ақпан 2024 15:21

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ержан ӘМІРДЕНОВ: Сайлау – демократияның алғышарты

Сайлау – демократиялық қоғамның негізі іспеттес, сондықтан елімізде жергілікті жұртшылықпен тікелей жұмыс жасайтын ауыл әкімдерін, үкіметтің жұмысын тезге салатын Мәжіліс, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын, Мемлекет басшысын халық сайлайды. «Жаңа Қазақстанға» бет бұрған мемлекетімізде алдағы уақытта барлық деңгейдегі әкімдер сайлауға түсіп, халықтың сеніміне ие болғандар өңірге басшы болып тағайындалады. Осы орайда, дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

Ержан Әмірденовпен аз-кем сұхбаттасқан едік.

– Ержан Әмірденұлы, алдымен дүниежүзілік сайлау күнін атап өтудің тарихына тоқталып өтсеңіз.

– Жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде бар-лық елдерде 2005 жылы Будапештте сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде қабылданған дүние-жүзілік сайлау күні аталып өтеді. Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту дәстүрі Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығымен басталған, ал Қазақстан Республикасы оның толық құқылы мүшесі болып табылады.

Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту арқылы қоғам санасында демократияландыру процесін жүйелеу, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы халықты хабардар ету және сайлаушылар арасында демократиялық құн-дылықтарға бейімділікті қалыптастыру қажет.

– Сайлау өткізудің негізгі ұстанымдары қандай?

– Сайлау халықтық егемендікті іске асырудың, қоғамдық пікірді қалыптастыру мен білдірудің, мемлекеттік тетіктің жұмыс істеуінің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі құралы болып табылады. Біздің еліміздегі сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруы арқылы жүзеге асырылады. Азаматтар сайлауда 18 жасқа толғаннан кейін, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан дауыс беруге қатысады. Негізгі сайлау құқығына жасырын дауыс беру арқылы тең, тікелей және жанама сайлау құқықтары, дауыс беру құпиясы кіреді.

– Аудан аумағына оралсақ, аумақтық сайлау комиссияларының құрамы жөнінде айтып өтсеңіз.

– Еңбекшіқазақ ауданында 1 аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жұмыс істейді, оның 7 мүшесі бар. 3 адам тұрақты жұмыс істейді. Сонымен қатар, 117 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс жасайды, оның 3-еуі жабық түрде жұмыс істейді. Олар уақытша ұстау изоляторында және Қаракемердегі 6654 әскери бөлімінде орналасқан. 28 округтік сайлау учаскесі және 3 облыстық округтік сайлау учаскесі бар. Жалпы аудан бойынша комиссия мүшелерінің саны 999 адам.

– Ауданда дауыс беруге құқылы қанша адам бар және сайлауға қатысу көрсеткіші қандай?

– Бүгінгі таңда Еңбекшіқазақ ауданында 183 931 сайлаушы тіркелген. Қатысу көрсеткіші жыл санап артып келеді, себебі, жыл өткен сайын аудан азаматтарының саяси көзқарасы қалыптасып, мемлекеттің ісіне белсене араласуда. Былтырғы 19 наурызда өткен Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға жо-ғарыда аталған дауыс беру-шілердің 59 пайызы қатысты.

– Аудан әкімдерін қашан сайлаймыз?

– Былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, пилоттық режимде еліміздегі бірқатар аудандарда әкім сайлауы өтті және өз жемісін берді. Алматы облысында Жамбыл және Балқаш аудандарының тұрғындары әкімдерін сайлады. Жалпылама аудан әкімдерін сайлау келер жылы, яғни 2025 жылы өтеді.

– Биыл қай округтерде әкім сайлауы өтеді?

– 3 наурызда Шелек және Түрген ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау өтеді. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, биыл Есік қаласының тұрғындары әкімдерін сайлайды.

– Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет.

 

Тілдескен С.НҰРАДИН.

 

Оқылды 2884 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет