Бейсенбі, 08 Ақпан 2024 11:25

Қолөнер – қастерлі кәсіп

Қолөнер – халықтың рухани байлығы. Әр халықтың салт-дәстүрінен, мәдениетінен хабар беретін қастерлі кәсіп. Бүгінгі таңда қазақтың да қолөнері жаңа бағытта жаңғырып, қарқынды дамып келеді. Халық өнерінің бай мұраларын сұрыптай отырып, заманымызға сай сапа, түр беру әдісімен оларды әрі қарай дамыту, кейінгі ұрпаққа меңгерту – игілікті іс.

Асысаға ауылындағы Т.Қабылов атындағы орта мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Гульзат Жумадилова қолөнермен 20 жылдан бері айналысып келеді. Гульзат Отарханқызы қолөнерді дамыту мақсатында бисермен, жүнмен, жіппен әртүрлі бұйымдар жасап, қалдық заттарды іске асыру, оқушыларды шығармашылыққа баулу, оларды қолөнерге бейімдеп үйретуде айтарлықтай жетістіктерге жетуде. Мәселен, аудандық «Eco book» экологиялық ғылыми жобасына қатысып, «Қалдық заттарға жаңа өмір сыйлау» тақыры-бында өткен жарыста шәкірттерімен жүлделі екінші орынды иеленді. Сондай-ақ, аудандық «Алтын қазына» шығармашылық қолөнер байқауында 3-дәрежелі дипломмен марапатталған. Шелектегі тарихи-өлкетану музейінде шәкірттерінің қол-өнер шеберлігін насихаттау мақсатында олардың еңбектері екі апта көрмеге қойылып, келушілердің көзайымы болды. Гульзат: «Қолөнер – өрісі биік, қастерлі кәсіп. Мен шебер, өнерлі, бес саусағынан өрнек өрілген Елдана Мұхаметжан, Аяла Әлнұрқызы, Әсем Жігітек, басқа да шәкірттеріммен мақтанамын», – дейді көзінен қуаныш нұры төгіліп. Айта берсе, мұндай жетістіктер жетерлік.

5 қаңтарда Алматы қаласында өткен «Шығыстың шеберлері» атты  халықаралық қазақ-қырғыз симпозиумына қатысуға Гульзат Жумадилова да шақырылғанды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейі Қазақстан этно-дизайнерлері одағымен бірлесе отырып, кәсіби суретшілер, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері мен этно-арт дизайнерлерінің халықаралық симпозиумында «Шығыстың шеберлері» атты кітаптың тұсауы кесілді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік музейінің директоры Рашида Ерімқызы шараны салтанатты түрде ашып, қазақ-қырғыз қолөнер шеберлері, кәсіби суретшілер мен көркем еңбек пәні мұғалімдерінің арасындағы мәдени құндылықтарды насихаттап, креативті индустрияны дамыту және өзара тәжірибе алмасуда осындай басқосулардың маңызды екенін ерекше атап өтті.

Симпозиум аясында дефиле, шығармашылық туындылар көрмесі, шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, оған Қазақ-стан мен Қырғызстаннан 100-ге жуық қолөнер шеберлері қатысты. Осы басқосуда жерлесіміз Гульзат Отарханқызы Қазақстан этно-дизайнерлер одағының мүшелігіне қабылданды. Халықаралық «Шығыстың шеберлері» атты қазақ-қырғыз кәсіби суретшілері, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері мен этно-арт дизайнерлерінің симпозиумында «көрмедегі үздік туындысы үшін» дипломмен марапатталды.

«Қазақстан этно дизайнерлер одағы бүгінде ұлттық құндылықтарымызды дамытып, төл тарихымызды қайта жаңғыртуға бағытталған маңызды мәселелерді басшылыққа ала отырып, ауқымды жұмыстар атқаруда. Бабаларымыздың бізге қал-дырған құнды мұрасын әлемдік деңгейде дәріптеп, төл тарихымызды төрт құрлыққа таныту – басты міндетіміз» – деп, Қазақстан этно дизайнерлер одағының президенті Салтанат Жапарова симпозиумда  алға қойған мақсатын жеткізді. Ал, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Нұрбатыр Болатбек «Шығыстың шеберлері» атты кітапқа кәсіби суретшілер, танымал таланттардың ғана емес, таланты оқушылар мен ұстаздардың да еңбектері енгізілгенін, бұл басқосудың басты мақсаты – қолөнердегі еңбекті шыңдау, бір-бірінен үйрену, жаңа технологияларды жаңа бағытпен үйрету екенін тілге тілек етті. Мұндай халықаралық симпозиумға қатысқан Гульзат Жумадилованың  әлемдік деңгейде танылу жолындағы асар асуы әлі алда. Біз де сәттілік тілейміз.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

 

Оқылды 999 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Асыл өнерді ардақтайық Сатираның сардары »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет