Жұма, 17 Мамыр 2019 10:36

Ұлымыз рухты, қызымыз ғұрыпты болғай

Ұлымыз рухты,  қызымыз ғұрыпты болғай mezet.kz

Елбасы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қазіргі таңда кең көлемде қолдау тауып, жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап бергені мәлім. Аталмыш мақаладан жаңаша бастау алатын «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Әрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндеді. Жастарымыз халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор.

Шынайы бақыттың шуағына оранған Еңбекшіқазақ ауданы бүгінгі таңда тұмса табиғаты мен тереңге бойлаған тарихымен ерекшеленген «Алтын адамның» киелі мекені. Сонымен қатар, бүгінде ынтымағы мен айрандай ұйыған ұйымшылдығының арқасында төрінен құт кетпеген, тұрған жерін тұрақтаған 54 ұлт пен ұлыс өкілінің алтын ұясы ғана емес, 300 мыңнан астам тұрғынның, 67 мыңнан астам жастардың атамекені. «Алтын адамның» мекеніне баланған біздің ауданымызда жастар арасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы кеңінен насихатталып, түрлі шаралар өтіп отырады. «Бірлігі жарасқанға бақыт ұялайды» демекші, жастарымыз шараларда әрдайым белсенділік танытады. Жүрегі елім, жерім деп соққан жастан ертеңгі еңсе көтеретін айтулы азамат шығатынына ешкім күмән келтірмес.

Бір күні әлде кім Әбу Насыр әл-Фарабиге тамаша болып толыса піскен алманы көрсетіп, сауал қойыпты: «Осы алманың бітім-болмысындағы жақсы қасиет не? Түсі ме, шырыны ма, дәмі ме, әлде бітімі ме?». Сонда әл-Фараби: «Бәрінен де оның ұрығы тамаша. Өйткені, осы алманың өзі сол ұрықтан өсіп шыққан және одан бүкіл бақ пайда болды ғой!» – деп жауап берген екен. Бұдан түйіндейтініміз: «Жастарға жасалған қамқорлық – бұл болашаққа құйылған инвестиция». Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты. Ендеше мына өтіп жатқан жаһандану, ғаламдану үрдістеріне жұтылып, ұлт ретінде жойылып кетпейік десек Тұңғыш Президентіміздің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары аясында ұлымызды рухты, қызымызды ғұрыпты етіп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелейік дегім келеді. Сонда ғана  ертеңіміз баянды, болашағымыз бағдарлы болмақ.

 

Айбек  Ілебаев,

аудандық мәслихат

депутаты, «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалының

төрағасы, Еңбекшіқазақ ауданының жастар

ресурстық орталығының жетекшісі.

Оқылды 2603 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет