Бейсенбі, 03 Қазан 2019 11:43

«Пошта – екінші деңгейлі банк қызметін атқарады»

«Пошта – екінші деңгейлі банк қызметін атқарады» mezet.kz

Ақпараттық технологиялар қолға алынбаған ескі замандарда шығыс пен батысты байланыстырып, алысты жақын еткен  пошта қызметі әлі күнге өзінің өзектілігін жойған емес. Қаншама ғасыр бойы адамзат игілігі үшін қызмет етіп келе жатқан пошта қазіргі уақытта заман ағымына қарай ығысып, тұтынушылар үшін барлық жағдай жасауда. Дүниежүзілік пош-та күні қарсаңында аудандық пошта байланыс торабының басшысы Диас Қосыбаевпен сұхбат жасап, пошта қызметінің жаңалықтарымен бөлісіп, өзекті мәселелерді көтерген болатынбыз.

– Құрметті Диас Талғатұлы, күннен-күнге поштаның көрсететін қызметтері ұлғайып келеді. Әсіресе, қаржылық операциялар көптеп жасалады. Осы тұста пошта торабы банк бөлімшелерімен бәсекелесуге қауқарлы ма?

– Иә, бүгінгі таңда пошта торабы екінші деңгейлі банктердің қызметін атқарады. Әрине, банктер секілді кредит бермейміз. Десек те, Хоум Банк Кредит, Альфа банк, Евразия банкі, Азия Кредит Банк және АТФ банктарымен серіктестік қызметтер атқарамыз. Яғни, ауданымыздың кез-келген тұрғыны аудандық пошта торабына келіп, аталған банктердің кез-келгенінен несие рәсімдей алады. Бұл – біріншіден банктер арасындағы бәсекелестікті арттырады. Барлығы бір мекемеде отырған соң, пайыздық үстемақыларын төмендетіп, тұтынушыларға жағдай жасайды. Сонымен қатар, арнайы карта рәсімдеп, түрлі коммуналдық қызметтерді, салық пен айыппұлдарды сайтқа тіркелу арқылы төлеуге болады. Әрбір төлемге 1 пайыздық бонус беріледі.

Соңғы 3 жылда 2537 тұтынушымыз карта рәсімдеген.

Жәрдемақы алуда екінші деңгейлі банк-терден қарағанда біздің ерекшелігіміз бар. Айталық, мемлекеттік жәрдемақы тұтынушының банктегі есеп-шотына аударылады. Ол адамның төленбеген несиесі немесе басқа да қарыздары болса, қаражаттың жартысы ұсталынады немесе шоты бұғатталады. Ал поштада жәрдемақы алушыларға арнайы РР шоты қызмет көрсетеді. Мұны ешқандай банк немесе сот орындаушы, коллекторлар бұғаттай алмайды. Яғни, бізге түскен жәрдемақыға ешкімнің қол сұғуға құқығы жоқ. Сондықтан, атаулы әлеуметтік көмек немесе басқа да жәрдемақыларды тұрғындарға беру үшін Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісім-шарт жасалған.

– Жасыратыны жоқ, зейнетақы мен жәрдемақы алатын кезде поштада ұзын-сонар кезек пайда болады. Мұндай қаржыларды картаға аударып, банкоматтар санын көбейтуге болмайды ма?

– Оныңыз рас, зейнетақы мен жәрдемақы алушылар саны күн санап өсіп келеді. Өткен айдың өзінде 7505 адам пош-тадан зейнетақысын алған. 3181 адамға жәдемақы төленген. Айлық жалақыларын алған тұтынушыларымыз да бар. Олар 716 адам. Бұл тұста біз де кезек мәселесінің шешімін табуға тырысып жатырмыз. Әрине, қаржыны картаға аударуға болады. Ол үшін зейнеткерлеріміз бен жәрдемақы алушылар карта рәсімдеуі керек. Оларға жағдай жасау мақсатында Есік қаласындағы пошта торабында екінші банкомат іске қосылды.  Қайназар ауылына да тағы бір банкомат қойылды. Алайда, зейнеткерлеріміз ескінің адамы ғой. Олар осында келіп, касса арқылы зейнетақыларын алғанды құп көреді. Оған қоса, пошта торабында таныстарын жолықтырып, әңгіме дүкен құрады. Соның өзінде тамыз айында 500 зейнеткерімізді карта жүйесіне ауыстырдық. Олар зейнетақыларын банкоматтан жане касса пост терминалы арқылы ала алады.

Зейнеткерлеріміздің ақшасын қандай жолмен алса да өз еркінде. Осы орайда, қазынамыз болған қарттарға құрмет көрсетіп, 3 айда 1 рет оларға дастархан жаюды дәстүрге айналдырдық. Оған қоса, бізге сенім артқан қарттарымызға әрдайым Алғыс хаттар табыстап отырамыз. Сондай-ақ, қарттар күніне орай осы айдағы зейнетақыда қарияларымызға сый жасап, дәстүрімізді қайталайтын боламыз.

– Сіздердің ежелгі қызметтеріңіздің бірі – баспасөзге жазу. Ақпараттық технология дамыған заманда тұрғындардың газет оқуға деген қызығушылығы бәсеңдегені сезіледі ме?

– Әрине, бүкіл әлем ақпараттық технологияға бет бұрған заманда баспасөзге жазылу бәсеңдегені жасырын емес. Бірақ, газет-журналдар әлі күнге өзінің өзектілігін жойып, халық құлағы, көзі, тілі болуын тоқтатқан емес. Әлемнің дамыған мемлекеттерінің өзінде газет әлі күнге дейін басылады әрі үлкен сұранысқа ие. Сол секілді дамуға бет бұрған біздің елімізде де баспасөздің алар орны ерекше. Әсіресе, орта буын мен зейнеткерлеріміз міндетті түрде газет-журналдарға жазылып, асыға күтіп отарыды. 

– Ауылдар мен қала іргесінде орналасқан саяжай тұрғындары бізге шағымданып жатады. Саяжайға хаттар мен газет журналдар жеткізілмейтін көрінеді.

– Қазіргі уақытта осы проблеманы шешу жолдарын қарастырып жатырмыз. Әсіресе, Рахат, Бөлек, Бәйтерек ауылдық округтеріне қарасты саяжайлар мәселесі үлкен қиындықтар туғызып отыр. Өзіңіз білесіз, саяжайлар – ауылшаруашылығы жерлеріне кіреді. Сондықтан саяжайларға инфрақұрылым жасауға мемлекеттен қаржы бөлінбейді. Сол секілді поштаның картасында саяжайлар жоқ, тек ауылдық елді мекендер ғана белгіленген. Сондықтан, ол жерлерге пошта бөлімшелерін ашу керек, қосымша пошташыларды жұмысқа алуымыз керек. Алдағы уақытта, аталған проблеманы басшылыққа жеткізіп, шешу жолдарын қарастыратын боламыз.

– Іс-сапармен ауылдарға барғанда ескірген пошта ғимараттарын көріп жүрміз. Жаңа ғимарат салу немесе күрделі жөндеуден өткізу жоспарда бар ма?

– Соңғы жылдары ауылдардағы ескірген пошта ғимараттарын жөндеуден өткізіп, жаңа нысандар салуға көңіл бөліп жатырмыз. Бізде 8 ауылда жаңа типтік ғимарат тұрғындар игілігі үшін қызмет етуде. Алайда, Екпінді,  Еңбек, Рахат, Өрікті, Ават ауылдарында ғимараттар жалға алынады. Ескі нысандар да бар. Оларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе жаңа ғимарат салу үшін сұраныс жіберіп қойдық.

– Басқа да жаңалықтарыңыз болса...

– Биылғы жылдың негізгі жаңалықтарының бірі – «Супермаркет» қызметі. Пошта арқылы келген сәлемдемені азаматтарымыз өздері барып арнайы ұяшықтан алып кетеді. Яғни, сәлемдеменің жергілікті пошта торабына жеткендігі, қай ұяшықта тұрғандығы туралы СМС-хабарлама келеді алдымен. Сол хабарлама арқылы өзінің сәлемдемесін алып, шыға-берісте операторға көрсетеді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта кез-келген тұтынушымыз өзінің сәлемдемесінің қайда келе жатқандығы тікелей бақылай алады. Ол үшін post.kz сайтына кіріп, тіркеледі. Өзінің сәлемдеме нөмірі арқылы тауарының қай жерде, тіпті, қай мемлекетте келе жатқандығын көре алады.

– Сұхбатыңызға рахмет.

 

Тілдескен С.НҰРАДИН.

Оқылды 1965 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет