Бейсенбі, 04 Шілде 2019 16:16

Ақпарат алаңының «ғажаптары»

Шабарман, жаушы, лаушы, ұзынқұлақ тағы басқа архаикалық, яғни, ескіріп, тозған, бүгінгі күні пайдаланылмайтын тек архив-мұрағаттарда, тарихи әдебиетте сақталған сөздер. Ал сол архаизмдердің орнына келіп жатқан жаңа сөздерді, әсіресе, интернет-ғаламтормен бірге кіріп жат-қан сөздерді сараптап екшеп отырсақ, бүгінгі күннің өмір ағымы бұрынғы заманаларға қарағанда еселеп артқанын аңғарамыз. Осыны түсіндіріп, дәлелдеп жатудың өзі орынсыз. Тек смс, ватсап, сайт (интернет парақша), блогер тағы басқа бірнеше сөздерді мысалға келтірсек болды бүгінгі күннің ақпарат алмасу ауқымын аңғара аламыз.

Ақпарат құралы, ақпарат көзі, ақпаратты тасымалдаушы техникалық құрылым, яғни, ғаламторды тек қана атап өтейік те, сол ақпаратты беруші, яғни, автор және ақпаратты пайдаланушы жайлы тоқталып өтсек. Газет, журнал, теледидар өнімдерін кәсіби журналистер дайындап, кәсіби техникалық қызметкерлер таратады. Ол да бесенеден белгілі. Ал ғаламтор пайдаланушыларына келсек... Бұларға келсек. Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің деген қазақша мақалға саяды. Шатып-бұтып хат жаза алатын үй шаруасындағы әйел де, ғылыми орасан биік лауазымы бар академик те желіге шығып ақпарат тарата алады. Көз майын тауысып журналистік, филологиялық, тағы басқа жоғары сауаттылықты талап ететін кәсіп иелерімен қатар кеше ғана техникалық, ауылшаруашылық тағы басқа ақпарат саласына қатысы жоқ білім алып тиесілі қызмет жасап, өтілі толған соң, зейнетке шыққан азаматтар да жазушы, ең болмаса, блогер атанып шыға келетінін қайтерсің. Әділетін айтсақ бұл соңғыларының қатарында да оқырманға айтары бар ойлы да көркемдігі де кем емес шығармалар ұсынатын авторлар бар екені де шындық.

Желілік басылымдарда сайттар мен блогтарда ең көп оқылатыны, әлбетте, «пост» аталған қысқа хабар-ошарлар мен дәл сондай келте қайырылатын комменттер, яғни , комментарийлер мен тақырыпқа  байланысты оқырман ойлары.

Мәселенің үлкені осы посттар мен комментердің, яғни, мыңдаған, тіпті, миллиондаған ақпараттың қайсысы шын, қайсысы шындыққа жанаспай-тындығында. Ағылшыннан келген фейк (fake) сөзі жалған ақпаратты білдіреді де, егер тіпті жүз пайыз ақиқат жазсаң да, фейкке, яғни жалған ақпаратқа шығаратын «шеберлер» де бар бүгінгі күнде.

Ал хайп сөзі (hype) қаржылық саладан-пирамида, жалған кредиттеу тағы басқа алдап-арбап табыс табу деген мағынадан желілік салаға ауысып жабысқақ жарнама (агрессивная реклама), ақпараттық айқай шу, өсек-аяң деген ұғымға айналды. Орыс тілділер хайпить, хайпануть десе қазекем де тәсілденіп алса керек. Бұл жұлдыз болу, атыңды шығару дейтін болсақ, бабаларымыз атыңды шығарам десең, жер өрте депті. Жалған жала, оқиғаға байланысты, адамға байланысты өтірік, өсек таратып дау шығару өрттен де жаман екенін көріп, біліп жүрміз. Ең аяғы кімнің кіммен табақтас дос болғанын қойып, кіммен төсектес болғанын «хайыптап» атын шығарып жатқандар бүгінгі өміріміздің келеңсіз көрінісі екені күйіндіреді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ақпаратты абайлап бере де білейік, пайдалысын, ақиқатын іріктеп ала да білейік, құрметті оқырман, көрермен, тыңдарман!

 

Хайролла АХМЕТЖАНОВ.

Оқылды 2241 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет