Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2019 15:19

Мұқтаж жандарға ғана беріледі

Еліміздегі тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар мен көпбалалы жанұяларға берілетін атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеуге бірнеше өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Есік қаласының әкімдігінде өткен жиын барысында айтылды.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдыгүл Айсина, жұмыспен қамту орталығының директоры Берік Иманбаев, округ әкімдері, орынбасарлары мен мамандары қатысқан шара барысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар жайында сөз қозғалды. Құжаттарды рәсімдеудегі өзгерістерге тоқталған Қалдыгүл Айсина негізгі мәселелерге тоқталды:

– ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Бұйырығына 26 тамызда өзгерістер енгізілді. Бұдан былай басқа ауданда тіркелген азамат атаулы әлеуметтік көмекке құжат өткізу үшін 6 ай ауданымызда уақытша тіркеуде тұруы міндетті. Сонымен қатар, АӘК алушылар мекен-жайы немесе жұмыс орны секілді әлеуметтік көмекке әсер етуші факторларды ауыстырған жағдайда, 10 күннің ішінде құзырлы органға ескертуі тиіс. Бұл АӘК-тің көлемін қайта есептеу үшін қажет – деді. Яғни, бұрындары азаматтарымыз бүгін уақытша тіркеуге тұрып, келесі күні құжаттарын өткізе беретін. Ендігі кемінде ауданымызда жарты жыл уақытша тіркеуде тұруға міндеттеледі. Сондай-ақ, бұрындары атаулы әлеуметтік көмек айдың соңында берілсе, жаңа өзгерістер бойынша, әр айдың 10-на дейін берілетін болады. Яғни, қыркүйек айының ақшасы қазанның 10-шы жұлдызына дейін есеп-шотқа түседі. Осылайша, заңсыз әлеуметтік көмек алушыларға тосқауыл қойылады.

Қалдыгүл Оспанәліқызы атаулы көмек алушылардың табысы туралы жаға ұстатарлық цифрларды мысалға келтірді. Сөзіне сүйенсек, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, алайда, табысы төмен деп есептелген 31 отбасының 6 айдағы кірісі 1,5 млн теңгден басталады. Ең жоғарғысы 18 млн теңге. Мұндай ақпараттарды құзырлы орган мемлекеттік кірістер басқармасынан алған. Қазіргі таңда 31 отбасының тізімі жасалып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, соңғы айда 1500-ге жуық отбасы мемлекеттен берілетін көмекті ала алмады. Себебі, аудан бойынша 403 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетілу тоқтатылды. Ал 314 жанұяныкі қайта есептелуде. Әлеуметтік көмек алатын 716 адамдікі уақытша тоқтатылған. Осы бойынша учаскелік комиссия төрағаларына қайта тексеру актісін жасау тапсырылды. Оған қоса, ауданда 100 шаршы метрден асатын баспанада тұрып, мемлекеттен көмек алып жатқандар да бар. Ол да қайта тексеріледі.

Соңғы кездері жағдайы жақсы отбасылар да табысын жасырып, мемлекетке қол жайып отыр. Бұл турасында округ әкімдері айтып қалды. Айталық, бірнеше гектар алма бағы бар азамат, жеке кәсіпкерлік арқылы табысын 42 500 теңге деп көрсеткен. Тіпті, әйелі студент полиция қызметкері өзін бала күтімінде деп көрсетіп, құжаттарын өткізген. Тексерсе, еш жерден табысы шықпайды. Себебі, полиция қызметкерлері айлығының 10 пайызын зейнетақы қорына аудармайды. Қалдыгүл Оспанәліқызы мұндай сәтте жұмыс орнына арнайы сұраныс хат жіберіп, анықтау керектігін айтты.

Жиын соңында осы күнге дейін атаулы көмекті заңсыз алып келген отбасыларына әкімдік тарапынан қаржыны қайтару туралы ескерту жасалатындығы айтылды. Олай болмаған жағдайда, мемлекет сот арқылы өндіріп алады.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 1789 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет