«Nur Otan» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» Республикалық байқауы 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Басты мақсат – бастауыш партия ұйымдарының рөлін және белсенділігін көтеру, олардың қоғамдық-саяси ықпалын күшейту. Ағымдағы жылдың 18-30 қыркүйек аралығында «Үздік бастауыш партия ұйымы» аудандық байқауының I кезеңі өткізілді. Барлығы 26 бастауыш партия ұйымдары қатысып, облыстық байқауға Шелек және Қаракемер бастауыш партия ұйымдары жолдама алған болатын.Мақсат айқын: бастауыш партия ұйымдарының рөлін және белсенділігін көтеру, олардың қоғамдық-саяси ықпалын күшейту.
Алакөл, Еңбекшқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле,Қарасай, Кербұлақ, Кеген, Панфилов, Сарқан, Қапшағай, Талдықорған бастауыш партия ұйымдарының ішінен партия мүшелері 500-ден жоғары 3-ші санаттағы Еңбекшіқазақ ауданынан «Шелек» бас-тауыш партия ұйымы жеңіске жетті.
Байқауға төрағалық еткен комиссия құрамында облыстық партия филиа-лы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, төрағаның орынбасары Гүлнар Тойлыбаева, облыстық партия филиалы ұйымдастыру және бақылау жұмыс бөлімінің меңгерушісі Самал Бакирова, облыстық партия филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Дүскеева, «Өлке тынысы» ЖШС директорының орынбасары Шыңғыс Бозым, «Жетісу» газеті заң және саясат бөлімінің меңгерушісі Мәди Алжанбай болды.
Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлық-тармен марапатталып, «Nur Otan» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» Республикалық байқауының III кезеңіне жолдама алды.
Б.Рахимов,
«Nur Otan» партиясы
Еңбекшіқазақ аудандық филиалының консультанты.